Анамды сағындым
Сəлем! Ең бірінші жазбамды Анама арнағым келіп отыр. Анамның есімі:Баязитова Шарбан Дəкішқызы. Ол кісі мені 1993 жылы 26 тамызда дүниеге əкелді. Аллаһ Тағалам мені осы кісінің перзенті еткеніне сансыз шүкір етемін! Анам небəрі 52 жыл өмір сүрді. Қазақта:"Жер бастым деп қуанба,артыңда ізің қалмаса",-деген жақсы сөз бар. Анам 4 перзентінен бөлек қазақтың қара домалақ баласын білім нəрімен сусындатты. Мен туылған жылы жеке ЖОО туралы адамдар енді пікір қалыптастырып жатқанда Анам бірінші болып "Сейхұн" академиясының,бертін келе аты өзгеріп "Қазақ-Қытай" академиясының ректоры одан кейін "Абылай хан"колледжінің директоры болды. "Ана бір қолымен бесік тербетсе,екінші қолымен əлемді тербетеді",-деген. Осы сөздің дəлелі ретінде Анамды қойғым келеді. Анам күі-түн демей 1 жұтым су мен нанды адалына…