Мазмұнға өту

Жаңа

Декларацияны тапсыру жолымен 124,2 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  779,6 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 77 574 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 586,3 млрд. теңгеге 65 096 тұрғын үй объекті;

- сомасы 184,2 млрд. теңгеге 33 366 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 7 905 млрд.теңгеге 129,1 коммерциялық объект;

- сомасы 5,0 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 26 қатысу үлесі;

- сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

62 693 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 496,0 млрд. теңгеге жария етілді

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 177,9 млн тенге құрайтын 42 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

- сомасы 1105,9 млн. тг құрайтын 36 тұрғын үй объекті;

- сомасы 8,3 млн. тг құрайтын   3 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде -6,1 млн. тг құрайтын 2 коммерциялық обьекті.

- сомасы  3,7 млн. тг құрайтын, 3 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;

- 60,0 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 1 125,4 млн. теңгеге 41 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 17.02.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 244,7 млрд.теңге ақшаны жария етуге   340   жинақ шот ашылды, (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені  151,7 млрд.теңге) оның ішінде жария етілгені 205,1 млрд. теңге , соның ішінде:

оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  (2015 жылы 30 қарашаға дейін)  179 жинақ шотын ашу арқылы;

124,2 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына 109 декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша декларация түскен жоқ.

18.02.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,2 млрд.теңге түсті.

0
0
459

Стратегия “Ішкі кезбелік-2049“. Зимняя поездка в Чарынский каньон

В связи с тем, что в стране началась предвыборная агитационная кампания, мы, как представители организации "Қаңғыбас Блогерлер Ассоциациясы" решили не оставаться в стороне и презентовать свою платформу "Ішкі кезбелік-2049". Местом встречи выбрали Чарынский каньон. Где, как не там, в феврале лучше всего проводить агитацию.

А если серьезно, в очередной раз на выходных не сиделось дома, к тому же из Астаны приехал Оркен Кенжебек, который, как оказалось, ни разу не был на Чарынском каньоне. Опасались немного, что зимой дорога может быть заметена снегом, но с погодой повезло и 193 км до каньона проехали без происшествий. За въезд в Чарынский национальный природный парк на троих заплатили 2200 тенге, получили квитанцию об оплате. Удивило, что на входе сотрудники парка сказали, что в каньоне НЕЛЬЗЯ... ФОТОГРАФИРОВАТЬ. Сослались на тарифы нацпарка, где было написано "Мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және тірі жануарлар мүйістерінде болған және оларды зерделеген кезде КӘСІБИ кино, бейне және фото түсірілімдер жүргізу - келісімге сай". Еле объяснили сотрудникам, что это относится только к профессиональной (кәсіби) фотосъёмке и получили разрешение. Мне кажется, органы ответственные за развитие туризма в стране, должны провести инструктаж, чтобы наоборот стимулировать большее количество информации о наших достопримечательностях, не допуская таких чудачеств.

На этом все инциденты закончились и можно было посмотреть на зимний каньон.

Новая аватарка для Фейсбука.

Оркен и Аскар Кульжанов ищут интересные ракурсы для съёмок.

Кстати, когда приехали в каньон, у Аскара на машине датчик расстояния достиг отметки 200 000 км. По этому случаю решили отметить и открыли термос с чаем.

Ещё несколько фотографий каньона сверху.

Дорога в каньоне.

Спускаемся вниз.

С погодой повезло - снег есть, но немного, при этом не успел растаять и превратить почву в мокрую кашу.

Фотоохота.

Черепаха.

Верблюжонок (?)

Редкая растительность.

На снегу много следов зайцев.

Камень, с которым обычно все фотографируются.

Ближе к реке Чарын встречаются всё чаще скалы чёрного цвета.

На табличках просят посетителей не писать на скалах, в ответ посетители пишут на самих табличках.

Поклонников Нюши и Витька таблички не останавливают.

Некоторые камни издалека походят на замки или другие человеческие сооружения, как, например, в Петре.

Виднеется конец пути.

Камень-дракончик.

У реки расположился небольшой туристический комплекс, где можно перекусить, переночевать (цены копеечные - в юрте 830 тенге, в бунгало 2-3 тысячи тенге), взять в аренду велосипед, квадроцикл, лошадь.

Бунгало с солнечными батареями.

Река Чарын.

Цены на аренду велосипедов, квадроциклов.

Прокатиться на лошади стоит также, как на квадроцикле. Я бы выбрал лошадь.

Юрточный городок.

П. С. Спасибо за внимание!

Подписывайтесь на меня также:

в Твиттере: @YakovFedorov

в Фейсбуке: Яков Фёдоров

18
5
2325

Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысы өтті

Бүгін Жоғарғы Сотта Қайрат Мәмидің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) бірінші отырысы болып өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotynyn-zhanyndagy-halykaralyk-kenestin-birinshi-otyrysy-otti

0
0
303

Джек Ма: Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз

Қытайдың ең бай адамы Джек Ма өз дәулетін интернет-сауда арқылы жиды. Оның Alibaba дүкені — e-commerce саласында ірі қытайлық жоба, және жақында ол бір сағат ішінде тауарды $2 млрд-қа сатқан.

Cіз ештеңеге тырмыспайтындықтан кедейсіз.

Alibaba-ның негізін қаламас бұрын, мен осы бизнес-мүмкіндік жайлы талқылау үшін 24 досымды шақырдым. Біз екі сағат бойы әңгімелестік, бірақ олар бұл жоспарыма күмәнмен қарады – мен де түсіндіре алмаған шығармын. Үкім: сол бөлмеде отырған 24 адамның 23-і маған түрлі себептермен бұл жоспардан бас тартуымды ұсынды. Мысалы: «Сен интернет жайлы ештеңе білмейсің, және ең бастысы, сенің бастапқыға құятын қаражатың жоқ».

Тек бір досым ғана (сол кездері банкте жұмыс істейтін): «Егер осы іспен айналысқың келсе, істеп көрейік. Жолымыз болмаса да, бұрынғы ісімізге қайта оралармыз» - деді. Мен түнімен ойланып, бұл жоспарымды 24 досым қолдамаса да, бәрібір тәуекелге барар едім деп шештім.

Alibaba іске кіріскен уақытта да, отбасым мен достарымның тарапынан ұнамсыздыққа тап болдым. Қазір өткенімді саралсам, мені алға жетелеген интернеттің құдіретіне деген сенім емес, «Қандай жұмыспен айналысып жатқаныңыз маңызды емес, табысқа жете алдыңыз ба, әлде сәтсіздікке ұрындыңыз ба, ең бастысы, тәжірибе – бұл жалпы табыстың формуласы. Сіз әрі қарай да тырысып бағуыңыз керек, егер жолыңыз болмай жатса, әрдайым бұрынғы қалпыңызға қайтып орала аласыз» деген тұжырымға сенімім болды.

Томас Лоуренстің мына бір сөзіндей: «Әр адам түс көреді, бірақ әркім әрқалай. Қара түнде түс көргендер, таң атқан соң түстерінің күлге ұшқанын көреді. Бірақ ашық көздерімен, өңінде түс көретіндер – қауіпті адамдар, себебі олар түстерін шындыққа айналдыруы мүмкін».

Адамдар өмірде мына төрт себептен жеңіліске ұшырайды:

1) Жақын болашағын ғана ойлайды – мүмкіндіктерді көрмейді.

2) Мүмкіндіктерін лайықты бағаламайды.

3) Мүмкіндіктерді түсінбейді.

4) Тез арада қимылдай алмайды.

Cіз ештеңеге тырмыспайтындықтан кедейсіз.

Тырмысатын адам болу – демек ұлы идеялармен өмір сүру, үлкен мақсат қоя білу. Бұл әлемде сыры танылмаған, түсініксіз заттар бар, бірақ қол жетімсіз ештеңе жоқ. Болашағыңыздың қандай боларын алға қойған мақсаттарыңыз бен соған жетемін деген сеніміңіз анықтайды.

Бұған — Қытайда алғашқылардың бірі болып мамандандырылған басшы атанған — Джулиет Ву Шихонгтың оқиғасы дәлел бола алады. Ол өз-өзін дамыту мен үздіксіз білімінің арқасында еден жуушыдан бастап, күтуші, маркетологқа дейін көтеріліп, ал кейін жоғары білікті маман ретінде мойындалды.

Ол ең танымал мультиұлттық IT-топтарды басқарды (Microsoft 1985-1998; IBM 1998-1999). Ву Қытайдың экономикалық реформалар мен әлемге ашылуы кезеңінде пайда болған бизнес-басшылардың жаңа толқынының символы болды.

Оның мәнсап жолы ірі компанияның ең лас жұмысын істеуден басталды, оның міндетіне шай құйып, еден жуу кіретін. Бір күні, ол төлқұжатын ұмытып кетіп, күзетші оны ішке кіргізбейді. Ол расында осы компанияның қызметкері екенін және кеңсе заттарын сатып алу үшін ғана шыққанын түсіндіреді. Бірақ қанша жалынса да күзетші оны кіргізбейді. Осылайша, есіктің жанында тұрып, Ву қатарластарының әдемі киініп, ішке еш рұқсатсыз кіріп жатқанын байқайды. Күзетшіден, олардан неге құжат сұрамайсың дегенде ғана күзетші оған кіруге рұқсат етеді.

Бұл келеңсіз жағдай Вуға қатты әсер етеді, ол өзін керексіз адам сезінеді. Өзіне сырттан қараса: олпы-солпы киімде, кір арбаны айдап жүргенін көреді. Алдында ғана іскер киінген қатарластарымен өзін салыстырып, оны кемсітіп жатқандай сезінеді. Осы сәттен бастап Ву өз-өзіне серт береді: бұдан былай өзін қорлатпауға және әлемге танымал болуға.

Содан бері оны алға жетелейтін мүмкіндіктерді жібермейді. Күнделікті Ву жұмысқа бәрінен ерте келетін болады және бәрінен кеш кетеді. Ол әрдайым үйренуге талпынып тұрады, осылайша көп ұзамай талпынысы лайықты бағаланады: ол сату бойынша менеджерге көтеріледі, ал кейін — Қытайдағы аймақтық менеджер болады. Оның соған сай білімі де болмаған, сол себепті оны «парт-таймерлер ханшайымы» деп атайтын. Уақыт өте келе Қытайда IBM-ді басқарады. Бұл қытай іскер ортасының кейіпкері Ву Шихонгтың өмірбаяны.

Бұл жағдай болмағанда, Ву Шихонгтың бай-қуатты болуға сенімі мен қалауы ешқашан жетпес еді, және өмірі де тіптен басқаша өрбитін еді.

Сіз кедейсіз, өйткені табысты болуды қаламайсыз.

Сіз кедейсіз, өйткені болашақты болжауға тырмыспайсыз.

Сіз кедейсіз, себебі қорқынышыңызды жеңе алмайсыз.

Сіз кедейсіз, өйткені жігерлік пен мақсатыңызға ұмтылысыңыз жеткіліксіз.

Мақсатқа ұмтылу барлық жағдайлардан биік болып, күш-қуатыңызды барынша дамытуға көмектеседі.

Мақсатқа ұмтылу әрдайым біліміңді жетілдіріп отыруға және әдемі өмір сүруге көмектеседі.

Мақсатқа ұмтылу барлық кедергілерді еңсеріп, басқалар тіпті армандауға да қорқатын ғажайыптарды іске асыруға көмектеседі.

Отбасыңыз қаншалықты кедей екені маңызды емес, өз қабілетіңізге күмән келтірмеңіз және алдыңызға мақсат қойыңыз.

Егер отбасыңыз сізді лайықты бағаламаса, бұл аяушылыққа себеп емес.

Егер ата-анаңыздың медициналық шоттарды төлеуге ақшасы жоқ болса, сізді ешкім аямайды.

Егер бәсекелестер сізді басып озса, бұл сізді мүсіркеуге себеп емес.

Егер жақын адамдарыңыз сізді тастап кетсе, ешкім сізге аяушылықпен қарамайды.

Егер 35 жасыңызға дейін ештеңеге қол жеткізбесеңіз, ешкім сізді аямайды.

 

Пайдалы сілтемелер:

Мотивация

Табысты адамдардың 8 әдеті

Билл Гейтстен табысты болудың 10 ережесі

30 жастағы миллионер Сэм Альтманнан кеңестер

Ерлер нені әдетке айналдыруы керек?

Дереккөз: bilim-all.kz

1
0
1426

Дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңын түсіндіру мақсатында БҚО жастармен жұмыс ресурстық орталығының ұжымына Департамент қызметкерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге облыстық жастамен саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, аталған орталық директоры және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының директорлары қатысып, осы саладағы жаңа реформалармен танысты.

 
0
0
470

БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұжымымен кездесу

Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша Департаменті Батыс Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде жаңадан күшіне енген Заңдарды түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар кеңесте Департамент басшысының орынбасары және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының маманы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» мен «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті.

Сонымен бірге, қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілді.

 
0
0
649

Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов пен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменовтің ресми кездесуі өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-zhanyndagy-kukyk-korgau-organdary-akademiyasy-zhne-memlekettik

0
0
478

Мырзағұл Әбдіқұлов: «Өлімнен де күшті!»

Айтатын ой көп. Жеті жылда көргенімді, түрмедегі адамдардың барлығы жаман болмайтындығы, олардың ішінде де рухы биік, жаны таза кісілердің көп екендігі туралы ойларымды әңгімеге сыйғызу мүмкін емес

Желтоқсанның ызғарлы желі талайларды тоңдырды, талай қазақты жұлқып, ұйқысынан оятты, талайлардың намыс отын тұтатты. Сол тоңғандардың, оянғандардың, көкіректегі намыс оты тұтанғандардың бірі – менмін. Тас зынданда болған жеті жыл уақыттың ішінде талай тозақты көрген мен өлімнен де күшті нәрсе бар екенін ұқтым. «Туған жердің намысы бөтен қолда кетпесін!» деп Қайрат інім жырлағандай, оның аты – Намыс. Ар, Ұят, Рух екен. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «Ерді намыс өлтіреді», «Өлімнен ұят күшті» деген халқымның асыл сөздеріне Желтоқсан көтерілісінен бұрын шын мәнінде тереңдеп, ой көзімен қарамаппын. Қамшының сабындай ғана өткен ғұмырымдағы түрмеде болған жеті жыл қазір ойлап отырсам жеті ғасырға татитындай. «Бас қатты ма, тас қатты ма?» деп сұрай қалса, бұрын қалай жауап берерімді білмеймін, қазіргі айтар уәжім нық. Тас түрменің табалдырығын аттағаннан-ақ жеген таяқтан, тиген ауыр тепкілерден денемде сау жерім жоқ десем өтірікші бола қоймаспын. Бәрінен де батқаны – өз қаракөз бауырларымнан жеген таяғым мен тепкілерім. Аттарын айтып неғылайын, олардың көбісі қазір сол қызметтерінде алшаң басып жүр. Тіптен бет-аузы шімірікпей «Өлім» жазасын «мәрттікпен» менің мойныма іліп жіберген халық соты да өзімнің қандасым екенін жүрегім езіле отырып, қағаз бетіне түсіруге мәжбүрмін.
Кейде өзімше отырып тағдырыма налитыным бар. Әкем Тәжіғұлдан жастай қалдым. Ол аз болғандай біз ат жалын тартып мінгенде туған жерім – Аралдың бағы тайып, апатты аймаққа айналды. Көппен бірге жасы келген анамды, бала-шағамды шұбыртып Алматыға келдім. Мұнда мені күтіп тұрған кімім бар, талай азапты бастан өткердік. Бір жақсы адамның көмегінің арқасында қалаға жақын бір ауылдан ұлтарақтай жер алғанда қуанышымызда шек жоқ. Сол жерге екі бөлмелі үйді әзер дегенде қалқиттым. Одан артыққа осы күнге дейін шамам жетер емес. Қазір сонда бес баламмен тығылысып, тұрып жатырмыз. Жә-ә, әңгіменің арнасы бұрылып барады білем, негізгі айтар ойыма ауысайын. Қай халықта болсын, сатқындар, намыссыздар, ездер, қаны жоқтар баршылық. Орыс империясының осындайларды дайындаудағы шеберлігіне «тәнтімін». Жетпіс жыл (тіпті одан бұрын да) бойына дүйім бір халықтың көңіл көзін бітеп, шел бастырып келген не деген мықты саясат! Аштықтан, репрессиядан, соғыстан жарты халқымыз шыбындай қырылып жатсақ та, артымызға бір бұрылып қарамаппыз-ау! Кіл соқыр байғұстар, басы жоқтар (басы барларды ажал «қылышымен» қағып отырған) шынында да қалай көрмек?! Міне, көр соқырдың бірі мен едім. Желтоқсанның 17-дегі қырғында келесі күні таңертең естідік. Құлағым елеңдеп, үйде жата алмадым. «Балалар әлемі» дүкенінің жанына келгенімде сол маңды бес қаруы сай әскерлер сап түзеп қоршай бастады. Әлдебір жамандықты сезгендей жүрегім өрекпи соқты. Сөйтсем, жоғары жақтан көтерген плакаттары бар, өлеңдеткен қазақ жастары шеру тартып келеді екен. Бізді қақпайлап шетке шығарып жіберді. Басыма қан теуіп, бойым шымырлаған мен сол шеруге қосылып кетер ме едім, нағашы әпкем кездеспегенде... «Құрисың! Кет бұл жерден!» деп ол мені қуды. Амал жоқ, артыма қарайлай-қарайлай ауылға қайтып келдім. Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алсамшы: «Ойпыр-ай, менің сол қаракөз бауырларымнан жаным артық па? Не деген ез, қорқақ едім. Осындайда төбе көрсетпеген еркек еркек пе? Қайда қазақтық намысым? Қап!» деп өзімді күстаналадым. Ертеңінде қалаға баруға сылтау табылғанда іштей қуандым. Анам, жарым қалаға бармағанымды қалады. «Қорықпаңдар. Келем ғой!» дедім мен. Тағдыр деген қызық қой. Өздеріңіз білетіндей өзімді қорғаймын деп жүріп бір орысты өлтірдім. Қолдарында жарты метрдей темірлері бар олар үшеу еді. Өзімді қорғамасам, олар мені өлтірер еді немесе мүгедек ететіндігінде сөз жоқ болатын. Сол кездерде үлкендерді қайдам, қазақ жастарының тағдыры бес тиын болып қалды ғой. Мен өзімді ғана емес, намысымды қорғап қалғанымды көп уақыт өткен соң білдім. Әңгіменің басында Желтоқсан көтерілісі талай қазақты оятып, намыс отын тұтатқанын айттым. Желтоқсанның негізгі оқиғасы болған маңда менің бір замандасым тұрды. Атақты спортшы. Бірақ ана тілімізге шорқақ. Мәңгүрттің үйреншікті қалыбына түскен. Әйелі орыс. Ұлттық намыстан жұрдай. Оны мен оншалықты жақтырмаймын. Жеті жыл түрменің ащы дәмін татып келгеннен кейін сол замандасымды кездейсоқ кездестіргенімде танымай қалдым. Еңгезердей біреу құшақтай алғанда тұншығып кете жаздадым. Сол, сол ғой! Ау, ол қазақша білмеуші еді ғой деймін таң қалып. Хал-жағдайынан ана тілімізде сорғалатқанда аузым аңқиып қалыпты. Мұнымды сезген ол мән-жайды қысқаша айтып берді. «Менің үйімнің Республика алаңына жақын тұрғанын жақсы білесің. Сол он сегізінші желтоқсандағы жан шошырлық түн мәңгілік жадымда қалып қойды. Қарындастарымыздың шыңғырған дауыстары, иттердің абалағаны, жанталаса дүркірей қашқан бауырларымыз, оларды табанымен таптаған қатыгез әскерлер... Сағат он мен он бірдің арасы ғой деймін, біздің балконның түбінен алдымен жас қыздың шыңғырған дауысы, содан соң: «Ағатайлар-ай, менің жазығым не? Жіберіңдерші!» деген жалынышқа толы сөзін анық естідім. Әлдекімдер қар-қарқ күліп, балағаттап, дүрс-дүрс тепті ме, ұрды ма-ау, қыздың үні лезде өшті. Шыдай алмадым, балконға жүгіріп шықтым. Жарықтан анық байқадым, екі-үш солдаттың жап-жас қазақ қызын қанын сорғалатып (ертеңінде сенбей жерге жұққан дақты анықтадым) қолаң шашынан ұстап, дырылдата сүйреп бара жатқанын көрдім. Мұндай қатыгездікті көріп тұрып шыдау мүмкін емес еді. Айқайлап жібердім. «Оңбағандар! Қатыгездер! Жіберіңдер! Жіберіңдер деймін».
Олар сәл тоқтады да, жындыны көргендей тағы да қарқылдап күлді. «Қазір саған келеміз. Ажалыңа асыққан, ақымақ!» деді олар. «Келіңдер, келіңдер!» дедім. «Жастығымды ала өлейін!» деп әйелімнің қарсылығына қарамай, үйдегі ет шабатын балтаны қолыма ұстап, олардың келгенін күттім. Олар келмеді. Міне, сонда мен өзімнің еңгезердей болып намыссыздығыма, бос кеуделігіме, ездігіме қатты қорландым. Әйтпесе менің жаным олардан артық па еді? Өкініштен не пайда? Желтоқсан көтерілісі өтті, кетті. Мені әйелім сыртқа жібермеді. Бірақ менің сілкінген санамда Желтоқсан қалдырған із мәңгілік қалды. Мен бұдан былай қазақ болуға, ана тілімді үйренуге, халқыммен бірге болуға ант іштім. Көп ұзамай әйеліммен ажырастым. Көріп, тыңдап отырсың, ана тілімді сенен кем білмеймін».

Толығырақ оқу
0
0
1665

2015 жылы 6 млн-нан астам жұмыс істейтін қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылды

2015 жылы жұмыспен қамтылған халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту деңгейі 6 млн. 68,3 мың адам болғанын, олар 658,1 млрд. теңге сомасында зейнетақы аударымдарын жасады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5%-ға артық.

БЗЖҚ-дағы жинақталған зейнетақы көлемі 2016 жылғы 1 қаңтарда 5,8 трлн. теңге болды, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28,3%-ға ұлғайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі екі еседен астам көрсеткішке ұлғайып, 15,6%-ды (2014 г ж. – 6,3%) құрады.

   
0
0
281

Маған солай, білмеймін сізге қалай...

Соңғы курстың алғашқы семестрінің барлық сабағын беске жапқанына қуанған ол, ата-анасында тезірек қуантқысы келіп, енді үйге қайтатын күн мен сағатты санай бастады. Асыққаны соншалық, әншейінде демалып баратын қыз енді ешбір жерге тоқтамастан, бір көліктен кейін бір көлікті артқа тастап зулап кете барды. Бес жарым сағат. Комплекстен де асты, жүрегі үйіне жеткеніне қуанып, ішкі дүниесі қазір біреу не айтса да уәде беріп, келісіп, барлығын жасап беруге келісетіндей күйде еді. Өз көшесіне де келіп, ашылып тұрған варотадан   кіріп, жылдам түсе бастады.

Анасын құшақтауға ұмтыла бергені сол еді, -қызым алдымен атаң мен әкеңе амандас, деді. Сол жағында, орындықта отырған атасы ренжіп сөйлеп отыр -бірінші мамасына барады иттің қызы...  немересі -атау! деп құшақтай  бергені сол еді жаңағы айтқан сөздерін теріске шығарып  -атасының иісі, атасының ақмүшегі, оқуыңды жақсы жаптың ба? қалай келдің ? деп сағынышын білдіріп жатыр. Әкесі өзінің тік мінезімен сағынған қызын бетінен сүйдірмей-үстім шаң , деп күлімсіреп қояды. Енді кезек жан жүрегімен жақсы көріп, күнде звондап сөйлесе беретін тәп тәтті інісіне де келді.  Көзі домаланып аппақ  боп, сүп сүйкімді болып тұрған інісін құшақтап, көтеріп, иіскелеп, қошақаным сол, тәтесінің шоколады, тәтесінің мороженоесі, тәтесінің красавчикі деп еркелете екі бетінен кезек-кезек  сүйіп жатыр.  -Болды енді тоңасың үйге кір, деді анасы, арқа жағына бұрылып анасын құшақтады. Ана құшағы әрқашан ерекше бөлек, жаныңа дем беретін,  ыстық жан жылуығой.

Анасы әдетінше дастарханды жәйнатып қойыпты. Қызын емес, үлкен сыйлы қонақ күтейін деп жатқандай. Үйдің чайына, үйдің иісіне не жетсін шіркін. Бұрынғыша барлығы отбасымен дастархан басында әңгіме дүкен құрып, үйдегілер жаңалықтарын айтып, мәз мейрам.

Сол күн кешке дейін інісі ары бері сүйреп, ұйқыға кеткенше, әбден шаршағанша әпкесінің мойнына асылып, айтқанын істетіп әуреге салды. Кешкі асқа анасы қызының сүйікті асының барлығын дерлік әзірлеп қойыпты. Енді дастархан басына үлкен кісі, атасы келіп асты бастағанын күтіп отыр. Соғысқа қатысқан атасы кәртейгеннен бері, шыққан екі аяғы қақсап болмай, ауырсынып, жүруі баяулап кеткен еді. Ол кісі келіп болғанша бұзық сіңілісі келіп тамақты бастап кетті. -Атаң келсін күте тұр, дегенге -атамды қазір мен бағып жатырмын сондықтан маған рұқсат, деді. Дастархан басындағылар күліп қалды.

Кешкі асты ішіп болғаннан кейін,  стол үстін реттеп, жуатын ыдыс аяқтарды жуып жатып, бәрі хабар көруге кеткенде, анасы екеуі бөлек шүйіркелесіп алды. Әңгімелесіп отырып, сағаттың қалай алдыға жылжығанын да байқамады. Анасы: -қызым әңгіме бұзау емізеді бұзау таяқ жегізеді, қой ертерек демалайық, ертең атқарар шаруалар көп...  бөлмесіне қарай аяңдады.

Жұлдыздар, таза ауа, салқын жел есіп, алыстан әр бір жерде ысқырған дыбыстар мен иттердің үргені естіліп жатты. Есік алдынан қырт-қырт  қар басып өтіп бара жатқан екі адамның аяқтары айдың жарығынан байқалады. Аспанға қарап, терең дем алып, барлығына шүкіршілік айтып,  үйге кіріп төсегіне жатты. Бұл жолы лезде ұйқыға кетпей әр нәрсені бір ойлап жүрегі ауырып дөңбекшіп жатыр

Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып

Толқын кетіп барады , толқынды атып

Бәрі келіп, тоғысып

Жүрегімнің

Жағалауын тебеді солқылдатып

Соққанда кеп миымның жар қабағын

Бір минуттық тынымға зар боламын

Менің жарық дүнием шуағыңды

Ала кетсем деймін де қарманамын....... орнынан атып тұрып жүгіріп далаға шықты. Жүрегі дүрсілдеп басылар емес. Япыр-ай, Алматыда жүргенде ештеме ойламай тез ұйқыға кетуші едім. Әлде ғаламтор желісінде отырғаннан уақытым тез өте ме? Неге дәл үйіме келген сәтте осылай болады? Әлде осы бөлмеде бірдеңe барма? Неге? Ертең әкеме айтып бөлмені арша жағып аластатпасам...

Ертесі түн де солай болды, көп зат ойлады, күрсінді, көп ойланды

Неге мен үрейленем түнге қарай

Маған солай, білмеймін кімге қалай

Күнде өмір түнде дамыл түсінбеймін

Мойынымды бұрсам екен кімге қарай?

Сондағы ойлағаны, үйге келген сәтте әкесі мен анасының өзі үшін зыр қағып жүгіріп жүргенін қарап, осындай керемет ата анасына осы жасқа келгенше бір де бір үлкен көмегі болмағанына қатты қынжылған еді. Осы жақта әке-шешесі қызы үшін жанталасып, қызмет істеп, қыздарының оқуы үшін күні-түні дем алмай ақша тауып жүргенде, қызы сол ақшаны құрбыларының туылған күніне сыйлық алып немесе болмайтын достарына таратып жүрген еді. Сонымен қоса атасының советтік оймен қалғанын да ойлайтын еді....

Ал қазір күнде түнде үлкендердің үмітін қалай да ақтауды, інісі мен сіңілісінің болашағын ойлап, өзіне дем беретін анасының бауырларына да қалай да жақсылығын қайтаруды ойлап таң атқанша көз ілмей шығады.

P.s. Ғаламторда көп отырып уақыт кетірмей, пайдасыз жәй ғана бес он минутқа сізді күлдіртетін видеоларды көргенше немесе мән мағынасы жоқ жүректеріңізді ауыртатын серил көргенше, сол уақытты өзіңізді, әке-шешеңізді, аға-іні, әпке-қарындастарыңызды немесе балаңыздың болашағын ойлап өткізіңіз сонда сізде компьютер мен сотканы жауып қойып істейтін істеріңіз көп болады.

 
1
0
587