Бастык Болу Оңай ма?
Адам баласы бастық болуды армандайды, бірақ бастық болудың астарында қандай өзгешіліктердің жатқанына аз адам көңіл бөледі. Бұл ерекшеліктермен танысу үшін бастық болудың анықтауына назар аударған дұрыс. Бастықтың негізгі қызметі - жұмысшыларын ынталандырып, солармен қатар бір мақсатқа жету. Осы әрекеттерді жоғары денгейде орындай алу үшін, адамның келесі қасиеттері болу керек: жауапкершілік, адамдармен тіл табысу және шешендік өнер. Біріншіден, әр жұмысшы өзінің орындаған жұмысына жауапты болу керек. Қарапайым жұмысшы болсын, бастық болсын, бұл қасиет барлығына керекті, өйткені жұмыстың нашар орындалған жағдайында, жеке адамның ғана емес, сол мекеменің де беделі төмендейді, тапсырысшылардың арасында сенімі де түседі. Бір мекеменің бір нәтижеге жету ықтималдығы басшысының жауапкершілігіне…