Мазмұнға өту
medinarebrova

Medina Ray

@medinarebrova

Сайтта 2014 ж. 9 қарашаКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

98

жазбалар

94

пікірлер

10

тіркелуші

19

жазылымдар

63

9-мамыр немістер не істейді?

Жеңіс күні - бас мерекелердің бірі. 9-мамыр орталық алаңдарда халық әскери шеруге жиналып, көкті түрлі отшашуға бояп, соғыс ардагерлеріне алғыс жаудырады. Атмосфера ерлік, еркіндікке толады. Бұл күн Германияда да тойланады. Бірақ мүлде өзге форматта... Еуропада Жеңіс күні Нацизм жойылған күн ретінде 8-мамыр аталады. Бұл айырмашылыққа келесідей түсініктеме береді: 1. Үшінші Рейхтің толық капитуляциясы жайлы акт түнде, ал Ресейде 9-мамырдың таңы атып қойғанда қол қойылған. 2. Актқа екі рет қол қойылған. Себебі тұңғыш рәсіміне маршал Жуков қатысып үлгермеген. Дегенмен, 9-мамыр немістер үшін Жеңіс күні ретінде қалған. Олар бұл күнге терең құрметпен қарайды. Ресми шара Берлин орталығы, Тиргартен ауданында у-шусыз, тыныштықта аталып өтеді. Ол жерде соғыста мерт болған батырларды еске алып, мемо…

0
0
2097

Қазақ ерлері гастарбайтерлерді менсінбейді

Қазақ ерлері гастарбайтерлерді менсінбейтінін байқадым.
Олар қаншама шақырым жерде отбасы мен отанын тастап жұмыс жасауға келіп отыр ғой. Тапқанының бəрін үйіне жіберетінін айтшиш. Сен жасың 40 асса да əлі мамаңмен бір пəтерде тұрып жатсың. Кейбіреуіңде жұмыс та жоқ, үй де жоқ, сылтауратып, əйелдерің мен аналарыңның зейнетақысына темекі алып, қыдырып, тойға барып жүрсіңдер. #тфі

0
0
658

ОЙБАЙ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ҚЫТАЙҒА КЕТПЕСІН деп намысшыл боп отыратын «ағатайлар»-ға арналады!

Қазақ қызын қатты құрметтесеңіз, жамандыққа қимасаңыз НЕГЕ қарындасыңызды, əпкеңізді, əйеліңізді, өз қызыңызды далаға бос қойып қойясыз? Бəледен сақ болсын, өмірі сынбасын десеңіз НЕГЕ етегі ұзындауына себепші болмайсыз(ойы бұзылмайтын еркек жоқ)? НЕГЕ дүние іздеп кеткен қыздарыңыз үлкен қалаларда қаласа қыдырып, темекінің түр-түрін тартып, мажор не альфонстармен төсектес боп, емін-еркін жүр? КƏНІ ЖАНЫҢЫЗ АШЫҒАНЫ? Өздеріңіз де жас қыздарды көре қалсаңыздар көзбен жалаңаштатып, бар арам пиғылдарыңызды іске асыруға асығасыздар. Екі жүзді айқайларыңызды қоя салыңыздаршы, а.

0
1
835

Масадан құтылудың 5 жолы!

Елестетіңізші... Жазғы маусым, шуақты күн, демалыс, мұздатылған коктейль, шезлонг, жағалау... Кенет жағымсыз дыбыстар: дзз... дзз... дзззззззззззззззз... Барлық ләззәтті бір мезетте жойып жіберетін масалар қайта-қайта мазаны алады. Дегенмен, мұңаймаңыз! Қосқанатты құбыжықты маңайыңызға жуытпайтын 5 әдіс бар. Бастайық... 1. Құс шие ағашын майдалап турап, дененің ашық жерлеріне жағыңыз; 2. Қалампыр, анис, базилик, эвкалипт, эфир майларын(бір стақан суға 5-10 тамшы тамызып) денеңізге жағыңыз; 3. Бузин бұтақтарын бөлмеге қою арқылы барлық масаларды төркіндеріне жібересіз; 4. Кедр майының иісі тек қана масаларды емес, оның мұртты ағайындарын да(тарақан, шыбын, т.б.) жойып жібереді; 5. Егерде сізде электрлі фумигатор сұйықтығы тәмәмдаса лақтыруға асықпаңыз. Бос көпіршікке эвкалипт экстрактін құ…

0
0
1420

Қош келдің Рамазан!

Рамазан – ерекше ай. Ол Тәңірдің адамзатқа берген айрықша сыйы. Отыз күн жұмаққа беттелген отыз қадамдай жанды баурап алатын қасиетті уақытта жүрек дүрсілі жиілейді. Дін күрделі дүние. Қай тараптан да нұр таратқан ислам дінін бүгінде мазаққа айналдырғысы келіп жүрген қалталы ұйымдар көп. Дегенмен, бұл көзі ашық, көкрегі ояу, иманы мықты пендені тура жолдан тайдыра қоймайды. Себебі ислам қашан да мейрімділікті үндейді. Елімізде және күллі әлемде болып жатқан дін төңірегіндегі оқиғаларды көріп таң қалудан қалдық. Миссионерлердің құрбаны болып жатқан жастар бұл қадамға екі мәселе бойынша барады. Біріншісі, өзара қомақты қаражат уәделеседі. Қазір теледидар, ғаламтор байлықты жиі насихаттайды. Көп функционалды қалта сымтетіктерін, зәулім үйлерді, қос-қос мәшіне, саяхаттарды көріп, ауызы ашылып…

2
0
3083

Сәкен Сейфуллиннің нағашы қарындасы Асылгүл Әбіштен бір үзік сыр

Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер, ұлтымыздың маңдайына біткен біртуар дара тұлға Сәкен Сейфуллиннің нағашы қарындасы Асылгүл ханым бүгінде халықтың сүйікті қызы, асыл данасы. «Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» - демекші, Сәкен Сейфуллиннің біртуған бауыры Мәжіт бір естелік кітабында «Біздің нағашы атамыз Тышамбай қара нардай қайсыпас тік мінезді, шешен, болыс болған кісі еді. Сәкен шешеміз Жамалдың туған інісі, нағашы атамыз Әбішке тартқан. Сәкеннің өзі шешеме Жамекем, мен кімге ұқсаймын деп, мұртын шиырып сұраса, ол Әбіш інімнен аумайсың деп жауап қататын еді, оған Сәкен өзінше бір марқайып қалатын» - деп жазған. Жалпы айтқанда, Сәкеннің нағашы жұртына ұқсастығы жөнінде бұдан да өзге деректер көп. Асылдың сынығындай Асылгүл Әбіштің аяулы ағасына тартқан қырлары да…

0
0
2551

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Фирдоусидің «Шахнаме» дастанына арналған семинар өтті

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдау нәтижесінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің шақыруымен Кембридж университетінің профессорлары Астана қаласына арнайы іс-сапармен келді. Семинарда «Шахнаме» Кембридж орталығының парсы зертеулері бойынша жетекшісі Фируза Мелвилл және Кембридж университетінің профессоры, тарихшы Чарльз Петер «Шахнаме» дастанына арналған дәріс оқыды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Кембридждің бірлескен конференциялары, кітап көрмелері, ғылыми жобалар, дөңгелек үстелдер, дәрістік курстар мен кітап шығару саласындағы өзара қызметтік мәселелері де кең талқыға салынды. Бұған қоса, ұлттық кітапханадағы сирек басылымдар және қолжазбалар топтамасымен танысты. Кітапханада VI-XX ғғ. жарық көрген тарихи маңызға ие 13000 сирек жазбалар қоры бар. «…

0
0
578

#bctaraz16 қалай өтті? Фоторепортаж.

Кезекті Блогқұрылтай биыл Тараз қаласында өтті. Республикалық шараға еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған блогерлер, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Тараз қаласына қоғамдық көлікпен кіріп келе жатқандағы панорама жүректі бірден жаулап алмаса да, жол бойында орналасқан тарихи ескерткіштер көз жанарын ұрлады. Әрі қарай не көреміз екен деп автобекетке жеткенше терезеге телміріп отырдық :) Айтқандай Facebook те назардан тыс қалмады. Наурыз мерекесіне арналған тілектерді парақтап жатқан сәттен үзінді... Қонақ үйге орналасып тамақтануға осы шайханаға келдік. Сыртқы көрінісі маған кір деп тұрғанымен, ішінде ине шаншар орын жоқ. Ұсыныс пен шағым айтар болсам, официанттары аз, клиент көп. Мұндай жағдайда персонал санын көбейткен абзалырақ. Тағамдары өте тәтті. Мен әдеттегідей палауға…

0
0
2598

Позитивті пост :)

Әрине өмір ғажапқа толы. Бұған күмәнданушы болма, құрметті оқырман! Қиындық және арпаласумен өткен күнің бір сәтте-ақ көзіңе әдемі көрініп кетеді. Бұл физика немесе химия емес. Кенет жұмыстан шаршап үй табалдырығын аттаған сәтте анаңның күлімдеп тұрып, келдің бе құлыным, кел шәйға дегенін естіп, басыңды қатырған проблема бір мезетте жоқ боп кеткенін байқағандай боласың. Анаға жетер асыл бар ма? Ал оның нұрлы жүзі барлық дерттің антибиотигі секілді. Тату-тәтті отбасыңмен дастрхан басында шүркілдеп «әңгімелетесін». Іштей мұндай бақыт баршаға бұйырмағанын біліп тәубелеп отырасың. Балалы болсаң ол да бір қуаныш. Баланың тілі бал, ал күлкісі тіпті қақ төбеңнен нұр боп жауады. Соңына ұрпақ қалдыру, оған тиісті, дұрыс тәрбие беру – фәнидің мәні деседі. Яғни бұл да әрбір пенденің қолынан келе бер…

0
0
866

Ақша табудың қысқаша жолдары

Құрметті, оқырман! Бүгін сіздерге ақша табу жолдарын ұсынамын. Қаншама адам айлықтан айлыққа өмір сүріп, абыр-сабыр боп жүреді, студенттердің де күні мәз емес. Декретке шыққан келіншектер де, зейнетке шыққан кісілер де бұл кеңестерді пайдаланса болады. Сондықтан мақалада қаражат табудың 5 жолын қарастырамын. Әрбір әдістің өз құндылығы бар. Мұқият болыңыз. Сонымен, бастадық. Шетелдік тауарларды сату. Бүгінгі таңда Aliexpress, Ebay, Таобао т. б. сайттардан кез-келген затты сатып алу мүмкіндігі бар. Ол парақшаларда бүкіл тауарлар арзан бағада сатылады. Жоғарыда көрсетілген сайттардан сатып алып, өз қалаңыздағы желілерде сатуға болады. Немесе бутиктерде сатушы таныстарыңыз болса, тауарлардың алуан түрлерін ұсынсаңыз болады. Өз қызметіңізді ұсыну. Барлық адамның қолынан әйтеуір бір іс келеді.…

4
0
7213