Мазмұнға өту

Жаңа

Бас Прокурордың Франция Елшісімен кездесуі туралы

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьенмен кездесті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-franciya-elshisimen-kezdesui-turaly-astana-2016-zhylgy-19-akpan

0
0
501

В Инстаграме конкурса «Қазақ аруы» опубликовали новые ФОТО красавиц

На официальной странице конкурса красоты «Қазақ аруы» в соцсети Инстаграм появились фото претенденток на звание самой красивой казашки страны.

В рамках подготовки к конкурсу девушки снялись в фотосессии у известного казахстанского фотографа Думана Касыма.Организатором конкурса является казахстанский продюсер Баян Есентаева.Кастинг на шестой по счету национальный конкурс «Қазақ аруы-2016» проходил в Алматы - 24 и 25 января, в Астане - 30 и 31 января.

В состав жюри во время кастинга в Астане вошли музыкальные продюсеры Баян Есентаева, Багым Мухитденова, генеральный продюсер дирекции производства программ телеканала «Хабар» Ринат Кертаев и директор группы «Алау» Назым Баскынбаева.

В итоге, в финал конкурса попали 21 претендентка. Возраст самой младшей конкурсантки составил 16 лет, а самой старшей 22.Основными требованиями к девушкам являлись красота, рост не менее 170 см, возраст от 16 до 22, отличное владение казахским языком, длинные волосы, знание истории, традиций и обычаев казахского народа.

По традиции, финал будет состоять из нескольких этапов, по результатам которых определится «Қазақ Аруы-2016»

В прошлом году титул «Қазақ Аруы-2015» завоевала Камшат Коскелова из Карагандинской области. В качестве главного приза она получила золотую корону и автомобиль.

Сабина Тенбай, 18 лет

Альмира Ахат,  19 лет и Майра Райбай, 16 лет

Айкун Макешева, 21 год и Алма Рымжан, 21 год

Майнур Омархан, 20 лет и Аяулым Макумова, 22 года

Азиза Жалмуханова, 20 лет и Феруза Ахматкызы, 21 год

inform.kz

0
0
1169

ҚР АШМ-нің алқа отырысында 2015 жылдың жұмыстары қорытындыланды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

18.02.2016ж.

Астана қ.

2015 жылы ауыл шаруашылығының ішкі жалпы көлемі 4,4%-ға ұлғайып, 2,7 трлн. теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік 5,6% (1,5 трлн. теңге) және мал шаруашылығы 3,2%                 (1,2 трлн. теңге) өнімдерінің өндіріс көлемінің ұлғаю есебінен қамтамасыз етілді.

Азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға инвестиция көлемі 28%-ға артып, 55,9 млрд. теңгені құрады. Десек те, ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға инвестиция көлемі 6,3%-ға төмендеп, 167,1 млрд. теңге болды.

Еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.

Ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бірігуіне кедергі жасайтын барьерлерді жою үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң қабылданды.

Сондай-ақ, органикалық өнім өндірісін дамытуға жағдай жасайтын «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды.

Мұнымен бірге, тұқым шаруашылығы, асыл-тұқымды мал шаруашылығы, АӨК мемлекеттік реттеу саласында ілеспе Заңға толықтырулар енгізілді. Бұл АШТӨ-ге асыл-тұқымды өнім нарығына заңды және жеке тұлғаларға тең  мүмкіндікті қамтамасыз етіп, әкімшілік кедергілерді төмендету, асыл-тұқымды және селекциялық жұмыстарды өздігінен реттеуге беру және  сортты сынау үшін қажетті уақыт аралығын жоятын озық селекциялық жетістіктерді қолдануға рұқсат беру мүмкіндігін береді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгертулер енгізілді, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сауда арқылы берудің жаңа механизмдері; жеңілдетілген бағамен жеке меншікке жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайта сатып алу; ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданатын жерлердің мақсатты пайдалану түрін өзгерту талаптарын жою.

Ветеринария саласында ХЭБ-пен 9 облыс бойынша жануарлардың вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесі берілді. Бұл отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан тыс аймақтарға еш кедергісіз шығаруға мүмкіндік береді.

Аграрлық ғылымды реформалау шеңберінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғам құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты жоғары тәжірибелі мамандарды даярлау, қайта даярлау негізінде аграрлық секторды инновациялық бағытта дамытуды қамтамасыз ету, АӨК-не тиімді шетелдік технологияларды трансферттеу, ғылыми зерттеулердің қорытындыларын әзірлеу және енгізу.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үстіміздегі жылдың маңызды оқиғасы болып айқындалды. Бұл еліміздің тең құқылы сауда-экономикалық серіктес ретінде мойындауының айқын дәлелі. Бұл ретте, ДСҰ-ға кіру кезінде көп талқыланған сұрақтардың бірі ауыл шаруашылығы саласы болатын. Нәтижесінде, Қазақстан жыл сайын өндірілетін жалпы өнімінің 8,5% деңгейінде тікелей субсидия түрінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын қолдануға қол жеткізілді.

Салыстырмалы түрде, Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Молдова, Хорватия, Грузия келіссөздер қорытындысы бойынша тек 5% көлемінде мемлекеттік қолдау көрсету құқығына иеленді.

Алдағы уақытта ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты ішкі нарыққа қажетті көлемде ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің тиімділігін қамтамасыз ету және сыртқы нарықта жетекші орындарға шығу мақсатында экспорттық ресурстарды қалыптастыру.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

[email protected]

www.minagri.gov.kz

0
0
406

Мемлекеттік бағдарламалар -Өркендеуге бастар айқын жол

Әлемдік дағдарысқа қарсы тұрып, елімізді экономикалық және әлеуметтік қиындықтарды еңсерудің бір жолы – Елбасы ұсынған мемлекеттік бағдарламаларды мүлтіксіз орындау болып табылады. Бұл қазақ елінің болашағын айқындап, дамыған 30 мемлекеттің қатарына кірудің ең басты жолы. Ең әуелі, осы қаржылық дағдарыстың бетін қайтарып, дамуға бастау жолында атқарылып жатқан бес бағытты атап өтейік. Бұл да Елбасы  айқындап, ұсынға аса күрделі де маңызды қаржылық және экономикалық жобалар.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауына дағдарысқа төтеп бере отырып, халықты тығырықтан алып шығудың бес бағытын ұсынды. Президенттің айтуынша, біріншіден, біз қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастап, шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруды ісін дамыту керек. Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын қабылданды. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі ұлттық валютамыз теңгенің еркін бағамға көшуіне байланысты болды. Үшіншіден, 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырылуда. Парламент бұдан кейін Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету тұрғыда жұмыс істейтін болады. Оның ішінде 80-нен астам заң бар. Олар ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бас­тайды деп жоспарланға болатын. Қаншалықты орындап жатқаны құзырлы органдарың еншісіндегі дүние. Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадам» халқымыздың әлеуметтік экономикалық тұрықтылығын сақтап қана қоймай, ұлтымыздың тарихи, мәдени, рухани құндылықтарын дамыту жағын да қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысушылар үшін әкімшілік кедергілер жойылып, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесі де айтарлықтай жетілдірілуде. Осы шаралардың бәрі де Елбасының бастамасымен дүниеге келген мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады. Қоғамға, біздің экономикамызға қосымша төзімділік береді. Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақ­та­дық. Бесіншіден, Елбасының тапсырмалары бойынша, бұған дейін мен айтқандай, мұнай бағасы барреліне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.

Ал енді мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында өңірде атқарылған шараларға тоқталайық. Мәселен жуырда ғана Екібастұз қаласында гүл өсіретін жылышай кешені ашылды. Жылыжай кешенінің құрылысына мемлекеттік бюджеттен 3.2 млрд. тенге қаражат жұмсалған. Аумағы 5 гектарды құрайтын жылыжай кешенінде жыл сайын 10 млн. дана гүл өсіріледі. Жылыжайдың ашылу  салтанатына қатысқан облыс әкімі Қанат Бозымбаев «Бұл өндіріс ошағының тұсаукесері Елбасының ірі кәсіпорындардың жанынан қосымша өндіріс орындарын ашу туралы тапсырмасын орындау  болып табылады»,- деп атап өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында былтыр бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтерді. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау саласында ілгерлеушілік пайда болды. Ана сырқаты бала өлімі азайды. Атап өтейік: Тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында бірқатар емдеу мекемесі де тұрғызылды. Жыл соңында ашылған облыстық перинаталдық орталықтың жаңа корпусының пайдалануға берілуі нәтижесінде жылына 13 мың анаға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетіліп, 8 мың сәбидің қолайлы жағдайда  дүниеге келуіне мүмкіндік жасалды. Жалпы, өңір көлемінде 7 дәрігерлік амбулатория салынды. Көптен бері түйіні тарқамай келе жатқан әрі жастардың «бас қайғысына» айналған жатақхана мәселесі де шешімін тапты. Былтыр екі бірдей жоғары оқу орнында әрқайсысы 500 орындық жатақханалар қолданысқа берілді. Осылайша, пәтер жалдап тұратын студенттердің қатары біршама азайды. Жастардың ғана емес, павлодарлықтардың басым көпшілігін алаңдататын жағдай бұл. Себебі, бүгінде облыс көлемінде 24 мыңнан астам тұрғын баспана кезегінде тұр. Өткен жылы қаржыландырудың барлық түрлері есебінен 17 тұрғын үй бой көтерген еді. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасады. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде 2016  жылы 2  дәрігерлік амбулаторияның, 2 фельдшерлік-акушерлік пункттің  және медициналық пункттің құрылысы жоспарланып отыр. Екібастұз қаласында 1200 орындық мектеп пен Ақсу қаласында 280 орындық балабақша құрылысы аяқталуы тиіс. Качир, Лебяжі, Павлодар аудандары мен Ақсу кентінде жастарға арналған 4 жатақхана салу көзделген. Одан бөлек, 1,5 млрд. теңге әлеуметтік-мәдени нысандардың күрделі жөндеуіне бағытталмақ.

Мемлекеттік бағдарлмалардың арқасында жұмыс іздегендер жұмыс тапты, кәсіп ашқысы келгендер кәсіп ашты. Қалаған адам керегінше жеңілдетілген несиелерге қол жеткізді. Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында Кешенді жоспардың шеңберінде 19 мың адам жұмыспен қамтылды. 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, олардың 6,5 мыңы – тұрақты. 2015 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Облыс әкімі биыл да жұмыссыздық деңгейі осы межеден аспайды деп сендірді. Павлодар облысы «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысуда. 32 отбасыға әлеуметтік келісімшарт бойынша 4 млн. теңге көлемінде ақшалай жәрдемақы берілді.

2015 жылы 46 кәсіпорынның 248 адамы жұмыстан қысқарды. Оның 193-і басқа жұмыстарға орналастырылды. Ешқайсысы жұмыссыз қалған жоқ. 5 кәсіпорынның 613 жұмыскері толық емес жұмыс күні режимінде еңбек етуде. Біздің болжауы-мызша, биыл өңірдегі 12 кәсіпорында 96 адам жұмыстан қысқартылуы мүмкін. Аталған кәсіпорындардың басшыларымен сөйлестік. Мониторинг жүргізіп отырмыз. Олар жұмыссыз қалмайды. Биыл облыста 11,2 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның 5300-і тұрақты жұмыс орны болмақ. Мұның бәрі мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруының нәтижесінде іске асқан өңіршең жобалар.

Елбасы Мемлекеттік бағдарламалар білім саласына да айтарлықтай серпін берді. Облыстың білім беру саласы бірнеше жыл қатарынан республика бойынша көш бастап тұр. Облыста алғашқы рет Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық түлектерінің бастамасымен Павлодар облысының тумасы, Академик Бектұров атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиада өткізілді. «Техникалық және кәсіптік білімді қайта жаңғырту» жобасының шеңберінде Павлодар химия-механикалық колледжі Дүниежүзілік банктің 51 млн. теңге грантына ие болды. Сонымен бірге, облыстағы 6 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында «Серпін-2050 » бағдарламасы бойынша 222 студент оқып жатыр.

Марат Серікбай

 
0
0
911

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 25-2-бабының тәртібіндегі үндеу

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты сақтау, заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сайлау процесіне қатысушылардың назарын сайлау алдындағы іс-шараларға қатысты келесі заңнама нормаларына аударамыз.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 20.01.2016 жылғы №3/83 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес ертең 2016 жылғы 20 ақпанда сайлау алдындағы үгіт басталады, ол 2016 жылғы 18 наурызда сағат 24-те аяқталады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 20.01.2016 жылғы №3/82 қаулысымен бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау алдындағы үгіт 2016 жылғы 24 ақпанда басталады және 18 наурызда сағат 24-те аяқталады.

Сайлау алдындағы үгiт – бұл сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабының 1-тармағы, бұдан әрі – Конституциялық заң).

Конституциялық заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгiт бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.Сайлау алдындағы үгiт заңнамада белгiленген тәртiппен және Конституциялық заңда тыйым салынбаған сайлау алдындағы жария iс-шаралар(сайлаушылармен жиналыстар және кездесулер, жария пікір таластар мен пiкiр алысулар, митингiлер, шерулер, демонстрациялар және өзге де жария іс-шаралар) арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл ретте, Конституциялық заң бұқаралық ақпарат құралдарын кандидаттардың сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға, кандидаттың, саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға мiндеттейді.

Саяси партиялардың және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламаларында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс (Конституциялық заңның 29-бабы).

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызылғанын атап өтеміз.

Сәйкесінше, Интернет желісіндегі сайлау алдындағы үгіт бұқаралық ақпарат құралдарына қойылған талаптарескеріле отырып жүргізілуі тиіс.

Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні жариялауға жол берілмейдi.

Сайлау күнi дауыс берілетiн жайда қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.

Соңғы кезде сайлау науқаны барысында жекелеген тұлғалармен әртүрлі Интернет-ресурстарда онлайн-дауыс берулер(онлайн-сұрау салулар) ұйымдастыру және олардың нәтижелерін жариялау тәжірибеге алынғанын атап өту қажет.

Осындай әрекеттерде қоғамдық пікірге сұрау салудың барлық белгілері бар болғандықтан оларға Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағының жоғарыда мазмұндалған талаптары тең өлшемде таралады.

Жариялы сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу кезінде жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар болып табылатын қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерді білдіру орын алады.

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.

Бұл Заң қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың денсаулықтары мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталуына байланысты жаппай жария шаралар алдын ала ескертіп, жергілікті атқарушы органдарының рұқсатымен арнайы белгіленген жерлерде көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiне нұқсан келтіретін бөгеттерді жоя отырып өткізілуі тиіс.

Осыны ескере отырып, жабық ғимараттардан тыс жерлердегі Конституциялық заңның 27-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жариялы сайлау алдындағы іс-шаралар Заңмен белгіленген тәртіпте өткізілуі тиіс.

Конституциялық заңның 27-бабының 9-тармағымен сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.

Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады.

Конституциялық заңның 27-бабының 1-тармағына сай шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттік органдар, шет елдердiң Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады(Конституциялық заңның 33-бабының 3-тармағы).

Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады.Кандидаттың, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияның, сондай-ақ оның сенiм бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тізімді тiркеу туралы шешімнің күшiн жоюға әкеп соғады(Конституциялық заңның 27-бабының 9-тармағы).

Конституциялық заңның 34-бабына сәйкес кандидаттың сайлау алдындағы үгiтiн қаржыландыру сайлау қорлары қаражатынан жүзеге асырылады.

Бұл ретте, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтары сайлау қорларының құралу көздері бола алмайды (тыйым салынады).

Сайлау науқанын сайлау қорларынан бөлек қаржыландыруға немесе кандидаттарға, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларға өзге материалдық көмек көрсетуге тыйым салынады.

Дегенмен, Конституциялық заңның 28-бабының 1-тармақшасына сәйкес Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы.

Дей тұрғанымен, кандидатқа, саяси партияға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда Конституциялық заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес оның осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келiсiмi болуға тиiс.

Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады (Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағы).

Сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, депутаттыққа кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрілген тұлғаларына сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру, кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, сайлау алдындағы үгiтті, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргiзу шарттарын бұзу, анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату, үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру, сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету, жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияға олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi, сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу, үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады(Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 11-тарауы).

Сайлау құқықтарын немесе сайлау комиссияларының жұмысын жүзеге асыруына кедергi жасау, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 150, 274-баптары).

Жоғарыда келтірілген заңнама нормаларын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы барлық жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау процесі барысында, соның ішінде сайлау алдындағы үгітті немесе жарияіс-шараларды заңсыз өткізуге жол бермеу бөлігінде заңдылықты мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 
0
0
746

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 25-2-бабының тәртібіндегі үндеу

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasynyn-prokuratura-turaly-zanynyn-25-2-babynyn-trtibindegi

0
0
299

Жеңімпаздар оралды

11 ақпан  Алматы қаласында «Алатау» спорт кешенінде шаңғы тебу жарысы өз мәресіне жетті. Командалық эстафетада жерлестеріміз Анна Шевченко, Дарья Ряжко мен Зура Калипенова  бірінші орынды иеленді. Жеке жарыста Дарья үшінші орынға ие болды.Сонымен қатар, Анна Шевченко жарыстың барлық сынында керемет нәтиже көрсете отырып, универсиаданың үш алтын медалін иеленді.

Командалық секіруден біздің спортшыларымыз Наталья Андрух пен Зура Калипенова  екінші орынды жеңіп алды.  Осылайша, қажырлы күрес нәтижесінде қыздар тартысы командаға көптен күткен жеңісті әкелді. Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының командасы қыздар арасында шаңғы тебуден абсолютті жеңімпаз атанды.

Жерлестеріміз кеше, яғни 18 ақпан күні Павлодар қаласына ат басын тіреді. Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерін, Жастар бастамаларын дамыту орталығы және Павлодар облысының жастары ыстық ықыласпен қарсы алды.  Жеңімпаздар қуанышты әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл күйде тарасты.

Жарыс қортындысы

Павлодар мемлекеттік педагогикалық  институтының

ақпараттық сайтынан алынды.

0
0
384

«Сұхбат алаңы» — «100 вопросов молодежи»

Молодежь - это генератор новых идей, жизненной силы и энергии  общества. Это не просто будущее страны, но и ее настоящее.

18 февраля в КГУ «Центр развития молодежных инициатив» управления по вопросам молодежной политики Павлодарской области была организована  неформальная встреча «Сұхбат алаңы» - «100 вопросов от молодежи».

Данный проект – единственная  возможность в прямом открытом диалоге задать свой вопрос специалистам государственных органов и получить ответ «из первых уст».   Такие мероприятия создают условия для разностороннего духовного, культурного, образовательного и профессионального развития молодежи.

Такую уникальную возможность получили студенты  ВУЗов и ТиПО, рабочая молодежь, молодежные общественные объединения, которые пришли на проект «Сұхбат алаңы».

Главная цель этого проекта – разъяснение деятельности государственных структур, поэтому на мероприятие были приглашены специалисты и руководители физической культуры и спорта, развития языков, религии, предпринимательства и торговли, образования, прокуратуры, которые знают  о системе своей работы как никто другой:

Абдрахманов Даурен Серикович - главный специалист отдела физкультурно-массовой работы  управления физической культуры и спорта Павлодарской области

Османова Сауле Габдулжапаровна -  и.о. руководителя управления по развитию языков Павлодарской  области

Жармагамбетов Асхат Баймуханович - заместитель руководителя управления предпринимательства, торговли и туризма Павлодарской области

Боранбаев Азат  Ульфатович - прокурор отдела прокуратуры г. Павлодар

Муканов Саян Назымович -  заместитель руководителя управления образования Павлодарской  области

Кульжибаев Серик Кабыкенович -  главный специалист отдела по работе с религиозными объединениями управления по делам религий Павлодарской области.

По итогам встречи у молодежи появилось расширенное представление о государственной службе, участники проекта «Сұхбат алаңы» подчеркнули для себя много важного, полезного и интересного.

0
0
927

Террористiк тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының жауапкершілігі мәселелері

Бүгінде елімізде 16 мыңға жуық террористiк тұрғыдан осал объектілер бар. Оларға аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика саласының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ, адамдар көп жиналатын объектілер жатады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/terroristik-turgydan-osal-obektilerdin-menshik-ielerinin-ielenushilerinin

0
0
603

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

2016 жылғы 17 ақпанда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өткізілді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstan-respublikasynyn-zhogary-sot-kenesinin-otyrysy-otti

0
0
810