Мазмұнға өту

Жаңа

«Тарих беттерін парақтасақ: Ыбырай Алтынсарин кезеңі»

19 ақпанда «Тарих беттерін парақтасақ: Ыбырай Алтынсарин кезеңі» атты іс-шара өтті. Ұлы жазушы, педагогтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған тарихи калейдоскопқа №2 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушылары қатысты.

Кездесу мақсаты - қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы, оның қазақ қоғамында қандай орын алатыны туралы, оқу және әдебиет саласына қанша үлес қосқаны туралы балаларға айтып беру. Қазақстанның ХІХ ғасырдағы халықтық білім беру деңгейімен таныстыру. Сонымен қатар Алтынсариннің сол ауыртпалығы мол жылдардағы өмірі мен еңбек жолы туралы, сол қиындықтарға қарамастан өзінің жеке тұлғалық қасиеті арқасында тұтастай халық мектептері желісін ұйымдастырғаны туралы да сөз болды.

Кездесу барысында «Ыбырай Алтынсарин - ұлт мақтанышы», «19 ғасырдың техникалық жаңалықтары» таныстырылмдары мен «Мәдени мұра» бейнефильмі, кітап көрмесі назарға ұсынылды.

Балалар мұқият тыңдап, орасан зор еңбек етіп, білім беру саласына баға жетпес үлес қосқан жерлесіміз Ыбырай Алтынсаринді мақтан тұтатындықтары туралы айтты.

https://plus.google.com/photos/105444590971516272131/albums/6254324220061805585

0
0
1221

ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ. М.қыдырбайұлы

   

 

ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ

 

Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Астана, [email protected]

 

Данный материал представляет собой выявление эффективного направления систематизации и практического применения материалов этнической педагогики с использованием Интернет ресурсов в условиях современной системы образования в Казахстане

 

This materials is the identification of the effective direction of systematization and application value  ethnic pedagogy using Internet resources in a modern system of education in Rebublic of Kazakhstan

 

Этнопедагогика ғылымының бүгінгі зерттелу барысын ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары мен медиа құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Ғылым мен техника жетістіктерінің уақыт өткен сайын қолжетімді болуы, осы бағыт бойынша зерттелген жұмыстардың болашақтағы зерттеу объектісін нақтылауды қажет етуде. Бүгінгі қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жас ұрпақ өкілдері - кешегі ұлттық тәрбие қайнарын бойына дарытқан ұстаздар мен ғалымдардың орасан еңбектерінің жемісі. Ұлт құндылықтарын қастерлей  отыра, олар заманауи жетістіктер ықпалына ұшырай келе, өз кезегінде елдің тағдырына алаңдайтын саналы азамат һәм бәсекеге қабілетті тұлға болуға талпынуда.

Демек, білім жүйесінің ғаламдық ақпарат кеңістігіне ену үдерісіне болжам жасай отыра, жоғарғы технология жаңалықтарына барынша бейімделудің өркениетті жолдарын ісдестіру біз қарастырып отырған саланың өзекті мәселесі болып отыр.

http://pedlib.ru/Books/1/0078/1_0078-1.shtml

Осы орайда этнопедагогиканың атасы саналатын Г.Н.Волковтың еңбегі алғашқы Интернет-оқулық ретінде көпшілік назарына ұсынылғанын атап өтеміз. Online форматындағы бұл еңбек заманауи талаптарды қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технология әлемінде өзінің лайықты орнын алды. Бұл жөнінде қазақстандық мазмұнға келетін болсақ, өкінішке орай Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С.Қ, Қожахметова К.Ж, Табылдиев Ә, Бөлеев Қ, Наурызбай Ж, Ұзақбаева С.А, Дүйсембінова Р.Қ, Асанов Ж, Ә.Садуақасұлы, С.Әбілдина, Сайдахметов Б, Сырымбетова Л, Қоңырбаева С, Шүйіншина Ш.М және ғалымдар еңбектерін заманауи талапқа сай цифрлық web-ресурстар арқылы локализациялау аса қажет.

http://doc.nlrk.kz/result/ebook_90/

Этнопедагогика материалдарын пән ретінде оқыту мәселесі болашақта осы шағын жинақтардан бастау алатыны заңды құбылыс. Әзірше, уақытты өткізе бермей әлеуметтік желілер мен ғылыми-ақпараттық білім ресурстары қорын молайта түскеніміз аьзал. Мысал ретінде «Facebook» порталынан «Қазақ этнопедагогикасы һәм ұлттық тәрбие негіздері» Интернет-парақшасын ашуға болады. Алдымен дәрісті немесе оған қатысы бар материалдарды (дидактикалық жинақ, тест, кестелер) парақ бетіне жеке тақырыбы бойынша жүктеу керек.

http://psyholog.ucoz.kz/load/5-1-0-16

 

Бұл үрдіс көп қиындық тудыртпайды. Тапсырманың екінші кезеңі таңдап алынған бір тақырып бойынша электронды адрестер сілтемесін (ЭАС) жинақтау қажет. Дәлел ретінде жоғарыда аталған кітабымыздағы  «Ұлы ағартушылардың этнопедагогикалық ой-пікірлері» тақырыбы бойынша дәрісті толық жүктеп болған соң, оншақты мағынасы кең «key words» кілт сөздерді есте сақтаймыз.

https://www.facebook.com/%D0%AD%D1%

https://www.facebook.com/%D0%AD%D1%

Нәтижесінде Сократ, Қорқыт, Әл Фараби және Коменский есімдерін теріп алдық. Келесіде «Comment» пернесі бойынша ол атаулады бөлек жазып, өзімізге қажетті толық мағлұматтарды «Wikipedia»,  «Britanica», «Ciberleninka» және басқа электронды кітапханасынан іздеуге кірісеміз. Монитордағы интерфейс қосымшалары арқылы әр электронды ақпарат парақшаларын (кесте, диаграмма, скрингшот, фотосюжет, фототекст, слайд, сөйлем мәтіндері т.б) қарапайым формада бейнелейміз. Оған қол жеткізу үшін сілтеме тапсырмаларын «гипперссылка» форматы бойынша орындайымыз.

Енді студенттерге берілген тапсырмаларды тиімді нәтижелендіру үшін біздер «Chat online» қосымшасы арқылы өзіміз қалаған мағлұматты сілтеме ретінде аталмыш Интернет парақшамызға орналастырамыз. Айталық мен Қорқыт Ата туралы студентім Нұрлыбек Раушановқа тапсырманы SMS желісі арқылы жіберіп, аз уақыт ішінде маған және менің шәкіртіме тиімді ақпаратты қолжетімді қылуға мүмкіндік аламыз. Келесі тапсырманы топтағы әр студентке жеке «key words» әдісі бойынша таратуға болады. Сілтемелер бір жағынан слайд форматы ретінде дидактикалық қосымша бола алады.

https://www.facebook.com/%D0%AD%D1%

Қазіргі таңда дәстүрлі ғылыми жинақтар һәм қолжазбалармен қатар Online Journal топтамалары ғылыми көпшілік қауымның жаңаша келбеті мен ұмтылысын қалыптастыруда. Басқа да қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар сияқты этнопедагогика саласында кейінгі жылдары көптеген жаңа бағыттағы өзгерістер мен жобалар заманауи талап тілектердің ішкі ойы мен түпкілікті міндеттерін айқындап отыр.

https://www.researchgate.net/publication/274717048_NATURE_AND_C

 

Байқап отырғанымыздай «Google» порталы арқылы «этнопедагогика» тақырыбына қажеттті соңғы бес жыл ішіндегі баға жетпес мол электронды нұсқадағы түрле слайдтар мен фотошежірелер, мәтіндер мен кестелердің басқа да дидактикалық-практикалық материалдар қорының мол екеніне көз жеткіземіз. Демек, осы уақытқа дейін мектеп, балабақша һәм оқу орындары практикасында түрлі жағдайда қолданылып келген (семинар, сынып сағаты, тәлім-тәрбиелік іс-шаралар, әдістемелік нұсқаулар, авторлық жобалар, шығармашылық топтар жинақтары, эссе, реферат, конференция материалдары т.б) педагогикалық-психологиялық әрекеттер нәтижесінің тек дәстүрлі форматта қалып қалмай (сынып журналы, жылдық есеп күнделігі, оқулықтар, әдістемелік оқу құралы) көп жағдайда сандық технология форматында баяндалғанын жеткіземіз.

https://www.google.ru/search?q=%D1%8D%D1%82%D0

 

 

Этнопедагогика ғылымына қатысты бізде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы электронды кітаптар айдары болса, Ресейде «Ciberleninka» электронды ғылыми-техникалық ақпарат порталы өз жұмысын бастап кеткеніне көп уақыт болған жоқ. Бұл орайда ғылыми тұрғыда толық аяқталған іргелі Online форматтағы іргелі еңбектердің біріне Хакимов Э.Р зерттеу жұмысын алумызға болады [6].

http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat

Сондай-ақ аталмыш зерттеулердің қатарына Нездемковская Г.В, Мусханова И.В, Давыдова О.И, Мамлеева Д.М, Петрова Л.А, Екеева Э.В, Сокольникова Э.И,  еңбектерін жатқызамыз[7]. Ресей сарапшыларының піірінше аталмыш ғылыми топтамалар РИНЦ индексі бойынша жоғары бағаланып, болашақта «Thomson Reuters», «Springer», «Elsevier», «Scoups», «AAAS» ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары (ҒҒТАР) дәрежесіне көтерілу мүмкідігі бар екенін  жоққа шығармайды.

http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat

Қазақстандық немесе ТДМ елдеріндегі ғалымдар еңбектері аталмыш ресурстарды сараптау барысында біздің назарымызға ілінбеді. Сол себепті жоғарыда есімдері аталған ғалымдар еңбектері болашақта осы порталдан орын алу жағын қарастырғанымыз абзал.

http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat

«Scoups» тобындағы «Mediterranean Journal of Social Sciences» Интернет журналында Қожахметова К.Ж жетекшілігімен этнопедагогика тақырыбына қатысты ғылыми мақалаға оң баға беруге болады. Осы формат бойынша профессор Adnan Tufekčić зерттеуі де заманауи жағдайдағы ұлттық тәрбие мәселеріне қоғамның жіті назар аудару қажеттігін меңзейді[8].

Дегенмен «Thomson Reuters», «Springer», «Elsevier» ҒТАР этнопедагогика тақырыбындағы ғылыми тезистердің жариялануы деңгейі жағынан халықаралық мәртебесі жоғары екені байқалады.

http://www.mcser.org/journal/index.php/mjss

«Elsevier» тобына жататын «Sciencedirect» ғылыми жинағы соңғы жылдары жекелей этнопедагогика ғылымының қалыптасуына ерекше мән бермегенімен онда «балалар фольклоры», «этникалық һәм мәдени құндылықтар», «халық дәстүрлері», «әлем халықтарының ұлттық ойындары» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын тұрақты жариялап отырғаны белгілі [10].

http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042814047818

Қазақстандық ғалымдар Ұзақбаева С.А және Жолдасбеков С «The Main Problems of System's Modernization of Vocational Training of Pedagogical Shots in The Republic of Kazakhstan» тақырыбындағы аталмыш ғылыми мақала біздер көтеріп отырған мәселеміздің шешуін табуға зор мүмкіндік тудыртып отыр[9].

Қорыта айтқанда бүгінгі ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жастардың шығармашылық һәм интеллектуалдық мүмкіндіктерінің ашылуына айырықша жағдай туғызуына себепші болатынын айта келе, өз кезегінде алға қойған мақсатқа жетудің тиімді жолын табуға мұрындық болады деп есептейміз.

Бұл орайда «Ciberleninka» электронды ғылыми-техникалық ақпарат порталы немесе «Procedia» үлгісінде Қазақстандық форматтағы электрондық ғылыми орталықты ашу мәселесін шешу қажет.

Этнопедагогика мәселесі бойынша осы кезеңге дейінгі электрондық материалдарды бір жүйеге келтіріп, жас ерекшелік категориясына лайықтай отырып арнайы дидактикалық порталдың молая түсуіне жағдай туғызу керек.

http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042815021850

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

1. Әбілова З., Қалиев С.Қ. Этнопедагогика оқулығы, Алматы, 1996, 265 бет

2. Kozhakhmetova Klara, Ortayev Baktiyar, Kaliyeva Sandygul, Utaliyeva Raikhan, Jonissova Gulzhiyan. Ethnic Pedagogy as an Integrative, Developing Branch of Pedagogy. Mediterranean Journal of Social Sciences, Vol 6, No 1 S1 (2015).DOI:10.5901/mjss.2015.v6n1s1p612.  http://www.mcser.org/journal/index.php/mjss/rt/printerFriendly/5581/0

3.Құрсабаев М.Қ. Қазақ нама. Шығармалар жинағы. Астана, 2008, 506 бет

4. http://doc.nlrk.kz/result/ebook_90/

5. http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat

6. Хакимов Э.Р. Этнопедагогика как наука: предмет, функции, основные категории. Вестник Урмуртского университета. №9, 2007.

7. Нездемковская Г.В. Становление этнопедагогики в России. ТомГУ, 2009.

8. Adnan Tufekčić. Ethnopedagogical review of traditional children's games from Majevica. The Faculty of Philosophy in Tuzla, Tuzla, Bosnia and Herzegovina. http://hrcak.srce.hr/index.php?show=clanak&id_clanak_jezik=122490&lang=en

9. S.A.Uzakbaeva, S.Zholdasbekova. The Main Problems of System's Modernization of Vocational Training of Pedagogical Shots in The Republic of Kazakhstan. http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042815021850

10. Alevtina Nikolaeva, Lyudmila Popova. Тo the Problem of the Spiritual and Moral Values Formation in Senior Pre-school Children. Procedia - Social and Behavioral Sciences. Volume 146, 25 August 2014, Pages 271–274. Third Annual International Conference «Early Childhood Care and Education». http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042814047818

 

             

Көркем мінез — көрігің

 

Адам мінезінің ең көріктісі - қарапайымдылық.  Шынымен,  қарапайым адамды көрсең көңілің жайланып қалады.  Ол адаммен тілдескеннің өзі бір ғанибет қой,  шіркін.  Мінезі көркем адамның өзі де көркем келетін сияқты ма,  қалай?!  Бірақ кейде аузын ашса жұлып жердей болып тұратын қыз-жігіттерді де кезіктіресің.  Тіпті,   сол мінездерін мақтаныш көретіндер де бар арасында.  Жұмыста өзін мойындау үшін керек па екен,  бәлкім?!  Кейбіреулері "қанға сіңген мнезім,  енді қайтем?!", - деп ақталғандай болады. Айтқым келгені, қандай заман болмасын мейірімділік,  сабырлылық,  кішіпейілділік сияқты көркем мінездерді бойымыздан арылтпайық.  Əр айтқан сөз,  жүріс-тұрысымыз мінез қалыптастырудың критерийлері.  Оны қадағалап,  жөндеуге болады ғой.  Ендеше,  іске сəт.  Əрқайсысымыз өзімізден бастайық!

0
0
1113

Бесік жыры 2, «Әлди, әлди бөпешім»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Колыбельная «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Балапан телеарнасы «Айжұлдыз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Өміріме, нұр берген,

Гүл жайнатып, тербеткен.

Бақ нұрымен, төгілген,

Тәй – тәй басып, жүгірген.

 

Әлдилетіп, ән айтып,

Қараймын мен, сүйсіне.

Күнде, барады қайтып,

Ұйықтаймын деп, үйіне.

 

Аспандағы жұлдыздар,

Тек жымиып, тұрғандай.

Соған қарап, ойыншықтар,

Шаршап, ұйықтап жатқандай.

 

Әлди – әлди, бөпешім,

Еркелетіп, иіскейін.

Ұйықтай қойшы, көкешім,

Өскеніңді көрейін.

 
1
1
2916

Әлеуметтік желі — баланың тәрбиесі

Біздің санамызда қалыптасқан «тәрбиесі төмен балалардың» ата-аналары өте өзекті мәселелердің мән-жайын талқылап, өзгеше ойларын бөлісіп,  жазып жүр екен. Мені қызықтырған мақала «Should Children Be Allowed on Facebook?», яғни «Балаларға Фэйсбукты қолдануға рұқсат берген дұрыс па?» деп аталады.

Қысқаша айтып кететін болсақ, жасы 13-ке толмаған жасөспірім, Фэйсбуктың саясатына сай сайтқа тіркелуіне тыйым салынған. Енді, жақында ғана Марк Цукербергтің айтып кеткеніне қарағанда, олар осы шектеуді алып тастап, 13-ке дейінгі балалардың да Фэйсбукты қолдануға рұқсат беруді жоспарлап отыр екен. Олардың  келтірген дәлелдері, «онсыз да, бүгінгі күннің өзінде, сол сайтта 12 жасқа толмаған 7.5 миллион балалар заңсыз тіркеліп, қолданып жүр». Егер кішкентай қолданушылардың сайттағы әрекеттерін заңдастырса, онда олардың тәрбиесі кері, жаман сөздерді қолданатын, ұятсыз контентке кіру мүмкіндіктерін шектеп, оларды бақылау астына ала алатындықтары туралы айтып кетті.

Балалардың мүлдем Фэйсбуктан аластатылғандары ма, әлде оларға бостандық беріп, ол бостандықтың бақылауға алынғаны дұрыс па? Түсінгенім, Балалардың осы әлеуметтік торды пайдалуналарына тыйым салынса да, кішкентайлардың оған тіркелулеріне ешнәрсе де кедергі емес. Демек, балалардың интернеттегі әрекеттерін қадағалау – толығымен ата-ананың мойнында.

Кәзіргі жастардың балалық шақтары сандық ақпарат ғасырының дамуының ең шыңына тап келетін шығар, және де олардың интернетке кірулерін шектеу қиын мәселе болып келеді. Бірақ ең маңыздысы, олардың Фэйсбукта ғана емес, жалпы интернетте өткізген уақыттары барынша қауіпсіз болғаны. Шыны керек, ата аналар не істеуі керектігі туралы көптеген мәлімет таба алса да, іс жүзінде қалай асырылатындығы туралы ешқандай білімдері жоқ.

Менің ойымша, біздің мемлекет, мектептерді, университеттер мен колледждерді сандық құралдармен жабдықтауды мақсат көріп, іске асыруға асығып тұрған кезде, осы игіліктерді пайдаланудың да сауаттылығы мен сауатсыздығы да бар екені ешкімді де ойға салып жүрген жоқ сияқты. Ғаламтордың ұшы-қиыры жоқ ақпарат теңізінде, біз қаншалықты өзімізге, бала-шағамызға дұрыс бағыт бере аламыз? Ертеңгі күні, Фэйсбуктың біздің балаларға таза ауадағы ойындарына, кітап оқуларына, достарымен бетпе-бет араласқандарына кедергі болмас үшін қолымыздан не келеді? Осы сұрақтарды әр бір ата ана өз өзіне қою керек сияқты. Ғаламтор перзенттеріміз үшін батыратын құрал емес, ұтқызатын құрал болуы қажет, сол мақсатта өзіміз қандай үлес қоса аламыз?

 
0
0
772

Қазақстанда туберкулездің алдын алуға арналған айлық басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне орай туберкулездің алдын алу жөніндегі айлық басталды. Ол  2016 жылғы 24 ақпан мен 23 наурыз аралығында өтеді.

Айлық өткізудің мақсаты – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары дәрігерлерінің туберкулезді ерте анықтауға қатысты қырағылығын арттыру; профилактикалық шараларды күшейту; салауатты өмір салтын ұстануға және профилактикалық тексерістерді уақытында өтуге жағдай жасау; тұрғындардың туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында емделудің тиімділігі, темекіден, есірткіден, алкогольдік ішімдіктерден бас тарту, дұрыс тамақтану және физикалық белсендік, профилактикалық шаралар туралы хабардарлығын арттыру болып табылады.

Айлық аясында республика бойынша МСАК ұйымдарында фтизаиатрлар мен өзге де мамандарды шақырту арқылы ашық есік күндерін өткізу; медициналық қызметкерлер үшін туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалау жөнінде оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыру; денсаулық мектептерінде иммунитетті нығайту мен микроағзаларға деген тұрақтылықты арттыру мақсатында қауіптің мінез-құлық факторларының алдын алу, физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтануды насихаттау жұмыстары жалғастырылатын болады.

Туберкулез – Кох бацилласының микробактериясы арқылы туындайтын инфекциялық ауру, ол көбіне өкпені (80%) және сирек өзге органдарды (20%) зақымдайды. Туберкулез адамнан адамға ауа-тамшы арқылы жұғатын және өлім-жітімге себеп болатын жұқпалы агенттерден туындайтын аурулардың ішінде АИТВ/ЖИТС-тен кейінгі екінші орынды алады.

Өкпе туберкулезінің белсенді түрі жөтелмен, кейде қан аралас және қақырық түрінде, кеуде тұсының ауыру сезімі, әлсіздік, салмақ жоғалту, дене қызуының көтерілуі, түнде терлеу арқылы білінеді. Балалардағы туберкулезді анықтаудың маңызды тәсілі - Манту 2ТЕ туберкулиндік пробасын орнату болып табылады.

Дәрігерлерге уақытында қаралу туберкулезді емдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары туберкулезден болатын аурулар мен өлім-жітім көрсеткіші төмендеді.

ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығының алдын ала мәліметтерінше, 2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 11,9%-ға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 66,4-тен 58,5-ға дейін), ал өлім -  22,4%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 4,9-дан 3,8-ге дейін).

Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні жыл сайын 24 наурызда атап өтіледі.

 
0
0
384

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ КӨНЕАТБЕГІЛЕРІ – ЕУРАЗИЯ ЖАЗИРАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТУРИСТЕРІ . М.Қыдырбайұлы т.б

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ КӨНЕАТБЕГІЛЕРІ – ЕУРАЗИЯ ЖАЗИРАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТУРИСТЕРІ

 

Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, профессор. «Qazaq Folk Academy» қорының Президенті, Әлия Ескермесқызы, география ғылымдарының кандидаты, доцент «Тұран-Астана» университеті «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі, [email protected]

   

Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толған Ұлы мерейтой жиынында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы «Ұлы Дала Елі» деп тануы тиіс деп атап өтті.

Тарих қойнауына үңілсек, ерте уақытта, әсіресе Парсы империясы, Ұлы Араб Халифаты,  Рим империясы және оның мұрагері Византия дәуірлерінде тарихи, мәдени, саяси һәм діни маңызы бар мемлекеттік ақпараттарды жан-жаққа таратуда «Жібек Патшалығы» (Қытай), «Пілдер Патшалығы» (Үндістан) және «Сәйгүліктер патшалығы» мәртебесі болғаны белгілі [1,67].

Адамзат тарихнамасы бойынша зерделесек, алғашқы адамдар легі (мысал ретінде экваторлық белдеудегі) өздері тіршілік еткен ортаны ұзақ уақыт мекен ете отырып, қажет жағдайда беймағлұм аймақтарға қоныс аудару үшін «геоэкспанция» жасап отырды[2]. Олардың мұндай әрекеттерге баруы ру-тайпа мүшелері санының өсуі және қорек көздерінің жетіспеушілігі түрті болды деуге негіз бар[3].

Ежелгі заманнан бері миллиондаған жылдар тізбегінде адамзат перзенті орман мен сайларды, тау үңгірлері мен ағаш үйінділерін паналады. Мұндай табиғаттың қатал күштері мен жаратылыстың сұрапыл құбылыстарын тану мен одан қорғану барысында тас үңгірлер алғашқы пана бола алды. Найзағай отын шебер пайдалана білген алғашқы адамдар, ағаш жағу арқылы тек ас дайындау ғана емес, сонымен өздері мекендеген тас үңгір ішін жылыта алды. Олар Жаратқан Иенің мұндай сыйы мен құдыретіне таңданған көріністерін тас бетіне салған суреттері мен тас құралдары арқылы білдіруге тырысты. Ер адамдар болса, аң аулап, әйелдер ас әзірлеп бала бақты, мал терісін тазалап оны тұрмысқа икемдеді.

Уақыт өте келе тас үңгір айналасындағы ит-құс пен жабайы жеміс-жидектер қоры азайды. Оның үстіне адамдар тобыры күн санап молая түсті. Күнкөріс қамының қиындай түскенін сезген тайпа көсемдері бірнеше тобырға бөлініп, жан-жаққа жер аудару қажеттігін түсінді. Тайпаның бір тобы орманды алқапқа кетсе, келесі тобы өзен-көл мен шалғынды мамыржайға тап болды. Ауа райының жылы мезгілінде адамдар тобырының үдере қоныс аударуы қорек көзі мен шалғынды аймақтың тұрмыс-тіршілікке анағұрлым жайлы болғандғынан байқалмады. Ата мекенінен едәуір ұзап, жайлы жатын, шұрайлы шалғындық пен ит-құсы мен балығы мол алқапқа үйреніп қалған олар артқа қайтуға зауқы соқпады.

Күннің күрт суытуы адамдардың орманды-дала зонасынан суықтан қорғануына барынша мұмкін болатын пана мекендерді іздестіруіне ұйытқы болды. Осылайша, алғаш рет адамдар тас үңгірден тыс дала жағдайында өмір сүруге дағдылана бастады. Алғашында олар өздері аулаған жабай мамонттар мен бұғылардың терісін жамылып, піл сүйегін «күркей» ретінде пана етті. Олар жерге тік шаншылған сүйектерді айқастыра жас шыбықтың қабығымен орап, оның сыртына мал терісін айқара жапты. Бірте-бірте жер-ошақ пайда болған соң, ошақ сыртын ұзын қарағай сырықтарымен айқара бақандап, қадалған ағаштардың бір ұшын байлап, екіншісін жерге қазық ретінде шаншып қапталдады. Кейін ошақ орнын жерге дөңгелене қазылған«жертөленің» ортасына орналастырып, топырақ бетін құрғақ шөптер мен бұта-жапырақтармен жапты. Жертөле айналасына 9-15 ұзын сырықтан тұратын қарағай немесе үйеңкі ағаштарын топырақ бетіне қазық ретінде орналастырып, сыртын мал терісімен қаптады.

Аталмыш үрдістің Жер шарының экваторлық белдеуіне жақын орналасқан аймақтарда ұзақ уақыт бір қалыпта дамып, қалыптасып келген дәуірін шартты түрде «First Human Tropical dwelling» (тропикалық аймақтағы алғашқы адамдардың қонысы) деген тұжырымды одан ары нығайта түсу керек деп есептейміз[4].

Рулық қауымдастықтың қарқынды дамуы қоныс аудар тенденциясын одан ары жеделдетті. Аталмыш үрдіс адамдардың өмір тіршілігіне тәуелді жайлы қорек көздерін қамтамасыз ететін табиғи ортаны іздестіру қамына айналды. Оның басты мәселесі – жылқы малы еді. Ежелгі адамдардың жылқы малын (басқа да жануарлар) алдап қолға түсіру үшін терең ор қазып, нәтижесінде үркіген үйірлердің бас сауғалай келе, қазылған шұңқырға құлауы арқылы көп мөлшерде опат болуы жануарлар бойында табиғи инстинкттен туындаған «қорғаныс иммуниетін» қалыптастырды. Соның нәтижесінде, жабайы жылқылар үйірі бір мезгілде солтүстікке қарай үдере көшті. Жылқы көші олардың артынан басқа жабайы аңдар мен жануарлардың қоса көшуіне ұйытқы болды. Бұл кезең 1,5 млн жыл бұрын басталды.

Асау жылқылар солтүстіктің қатал табиғаты мен құрғақ (аридті) жазирасына жылдам бейімделіп кетті. Ежелгі адамдардың басқа жануарлардан гөрі, жылқы малына деген ерекше назары, сәйгүліктің бойындағы көп қасиеттеріне (тазалығы, жылдамдығы, төзімділігі, күштілігі және сұлулығы)  байланысты болғаны шындық. Жылқыны қолға үйрету ұзақ уақытты қамтыды. Үйір соңынан ерген ежелгі адамдар олардың соңынан ере отырып, жануардың психологиялық ерекшеліктеріне қанық болды, ең негізгісі үйірге жақын орналасқан бүгінгі киіз үйдің алғашқы нұсқасы болып табылатын «жылқышы үйінің» (Horsemens dwelling) пайда болуына тарихи-мәдени һәм діни-философиялық маңызын тигізді. Осылайша солтүстіктің табиғатына барынша адаптацияланған Арктикалық қоныс (Arctical dwelling) пайда болғанын әлемдік деңгейдегі сенсациялық ғылыми жаңалық ретінде қабылдауға болады. Халқымызда «Атың болса жортып жүріп жер таны, асың болса беріп жүріп ел таны» деген мақал тегін айтылмаса керек. Демек, Арктикалық аймақтарды (Еуразия даласы) иеленуде мыңдаған жылдар бойы «геоэкспанция» жасаған көне ата-бабаларымызды Ұлы даланың тұңғыш туристері депатауымызға болады.

Археолог Жакен Таймағамбетовтың айтуынша бұдан 25 мың жыл бұрын Ертіс өзенінің жағасында (Шүлбі қонысы) алғашқы адамдар қазіргі Сібір көшпенділері мен Канада эскимостары күркелеріне  ұқсас (Чумм, Типпи – Chumm, Tippi) ежелгі қоныс орнының табылғаны – қазақ даласының әлем номадтары жұртордалары (киіз үйлері) отаны һәм атажұрты екенін дәлелдейді[5].

Ботай қонысы (Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары) маңында энеолит дәуірінде (5-5,5 мың жыл) ғұмыр кешкен адамдар тұрмыс-тіршіліктері әлемде тұңғыш рет жылқыны қолға үйретіп, өз кезегінде қымызды ашыту технологиясы мен тұрақордаларын иеленгенін дәлелдеп отыр. Аталмыш сала бойынша зерттеу жүргізген отандық және шетел ғаламдарының тұжырымдары мен ғылыми қағидалары жалпы әлем көшпенділері «күркейлерінің»  даму эволюциясын қалыптастырды деуге болады.

Ботай мәдениеті көшпелі тұрмыстың классикалық үлгісін қалыптастырып шаруашылық әрекет пен экономикалық қарым-қатынастың адам мен табиғаи арасындағы шынайы гамониялық сипатта өрбігенін көрсетті. Бұл жөнінде біздер арнайы тақырып ретінде тоқталып, аталмыш құбылыстардың өміршеңдігі мен қоғамдық қажеттіліне баға беруге талпынбақпыз. Қазақстан, Орта Азия және Еуразия даласына ежелден белгілі болған көшпенділер тұрақордасы эволюциясы өз ретінде тарих, этнология, этнография, тарихи география және археология ғылыми-зерттеу саласы мамандарының еншісі екенін атай отыра, қол жеткізілген мұралар мен құнды заттарға негізделе отырып, көшпенділер (номадтар) тұрақордасы, яғни бүгінгі «киіз үй», «nomads yurt», «юрта» және басқа халық қазынасын ғаламдық деңгейдегі туризм объектісі екенін айқындау, оның рекреациялық мүмкіндіктерін қоғам мен ұрпақ игілігіне айналдыру болып табылады [6],[7],[8].

Шүлбі қонысында кіндігі кесілген байырғы жұрторданың тым қарапайым болуы көшіп-қону барысында ыңғайлы болғандығынан деуімізге негіз бар. Тау-тас үңгірлерінен алшақтауға мәжбүр болған көне далалықтар шөл мен шөлейт һәм орманды-далалаы алқаптарда жүріп-тұруға өте-мөте ыңғайлы жұртошақты (күркей, лашық, жертөле, абылайша, чумм, типпи) кәдеге жаратуы бекер емес. Оны қажет жағдайда паналау, құрастыру табиғи ортаның қай нүктесінде болмасын ұзақ уақыт дайындықты қажет етпейтін шаруа екенін ескерген жөн. Аталмыш кезең 25-6 мың жылдар арасын қамтып, сайын даладағы тұрмыс-тіршіліктің қайнарына айналды.

Шүлбі мен Ботай мәдениеті арасын жалғаған жұртошақ пен жұрторда эволюциясы адамзат тарихы мен мәдени мұрасының ажырамас қазынасына айналып, қоғамдық формацияның барлық заңдылықтары мен қағидаларын бойына сіңірді.

Ботай мәдениеті тұсында әлемде тұңғыш рет жабайы жылқыларды қолға үйреткен ботайлықтардың «ерлігі» өздері мекен еткен аймақтағы жан-жануарлардың азық қорегі тұрғысынан күрт азайып кетуі немесе табиғат құбылыстары мен катаклизмдері әсерінен басқа территорияға жер ауып (миграциялануы) кетуі салдарынан болуы мүмкін. Уақыт өте келе жабайы жануарларды қолға үйрету тенденциясының тым қарқынды көрініс табуы – азық-түлік қорегінің жетіспеушілігінен екені дау тудырмайды. Малдың қолға үйретілуі оның өсуі мен күрт төмендеу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік берді. Ал, мал өсімі мен өнімінің тұрмыс-тіршілікте маңызды орын алғаны өз алдына жеке мәселе.

Ендігі кезекте жұрторда өзінің жұртошақтық дәрежесінен заманның ағымына қарай едәуір өзгеріске ұшырап, далалық номадтардың сән-салтанаты мен салт-дәстүрлеріне қарай икемделіп, барынша күрделене түсті. Оның сайран құрған салтанатты кезеңін сақтар мен ғұндардың һәм көнетүркі тайпаларының «Алтын дәуірі» деп бағаласақ жаңылмаймыз.

Қазақ халқының ою-өрнегі тек ішкі жандүние иірімдерінен ғана бастау алмай, қоршаған орта мен аспан денелері арасындағы байланыс пен табиғат факторларымен тығыз байланыста ұзақ ғасырлар дамып келеді. Ою-өрнектің геоморфты, фитоморфты, орнитоморфты, зооморфты, ихтиоморфты, петроморфты т.б тылсым табиғат құбылыстары мен геологиялық-петроглифтік ескерткіштер әлемімен тоғысуы ғажап дүние. Атап айтқанда, халықтың қолөнер және зергерлік бұйымдар туындыларында «архар-мүйіз», «аққу қанаты», «өсімдік әлемі» және «төрт құбыла» жанрларының көптен кездесуі кездейсоқ дүние деп айта алмайсың.

Қазақстанның таулы аймақтарында, мәселен күні бүгінге дейін Ұлттық Археологиялық картаға ілікпеген «Таскескен петроглифтері» таңбаларында таутеке, архар, түйеғ салтатты тас суреттердің 3мың жыл бұрын қашалып, бейнеленген себептерінің бірі «аштықта қорек болған», «суықта пана болған», «кисе киім, жесе тамақ болған» жан-жануар әлеміне деген алғашқы адамдардың ерекше сезімдерінен туындаған мифологиялық-философиялық ой-танымдары десек қателеспейтін шығармыз.

Қоршаған ортадағы жердің географиялық орны мен рельефі көшпенділер өмірі һәм тұрмысына айтарлықтай ықпал етеді. Одан киіз үйге ұқсайтын ұсақ шоқылар мен аласа төбелер тек тұрмыс-тіршілік қамы ғана емес, тұрақорда жұртын салу мен құрастырудың негізгі элементі болуы мүмкін деген жорамал жасауға болады. Қалай дегенмен, киіз үй конструкциясын жасамастан бұрын, ата-бабаларымыз ата жұрт тұрақордасының киелі жер топырағы мен тау-тасы һәм өзен-көлі мен ит-құсы ерекшеліктеріне назар аудара отырып игіліктенуді мақсұт еткені анық байқалады.

Ата жұрт тұрақордасының киіз үй формасында көрініс табуы табиғи ортадағы рельеф, ландшафт және климаттық ықпалдарға ұшырауы, өз кезегінде ата-баба философиясында ұлттық құндылық ретінде бағалануы арқылы саналы тұрғыда қоғам мен халық игілігіне айналуы ғажап құбылыс. Міне, осы  әр адам терең бойлай бермейтін аталмыш танымдық һәм тағылымдық үйлесімділік киіз үйдің тарихын білуге құштар қонақтар мен ғалымдардың назарын өзіне аударғаны абзал. Мәселе, табиғаттың сұрапыл құбылыстары немесе жал-жанды сақтауға арналған күйбің тіршілік пен қызығынан қиыны көп тұрмыс-салттың жетегіне бой ұсынған Ұлы дала перзентінің  бір ғана бағытта ғұмыр кешті деп қалай айтуға болады? Жоғарыда профессор Виктор Зайберт реконструкциясы бойынша жасалған Ботай қонысындағы алғашқы адамдардың «жұрт панасы» мына суретте бейнеленгендей ғажап бір ұқсастық пен тылсым үйлесімділікті паш етіп тұр.

Ботайлықтар дүние жүзінде жылқыны қолға үйретіп, қымызды ашыту технологиясын жасай отыра, ендігі жерде олар әлемде тұңғыш рет Ұлы Дала кеңістігіне сай келетін көшпенділер тұрақордасының тұңғыш архитектуралық моделін жасады деуге негіз бар. Мұны  ғылыми жаңалық деп бағалауға болады.

Киіз үй Ассоциациясының жарқын үлгісінің бірі түйе өркешінің ата-бабалар тұрақордаларына ұқсастығы. Мұндай ғажап құбылыстар мен теңеулер қонақтар мен туристердің аса қызыға назар аударатын маршрут нұсқаулары мен ақпарат құралына айнадуы керек. Бұл жөнінде біз жоғарыда киіз үйді тамашалауға келген қонақтарды түйенің үстіне отырғызып алып келу дәстүрінде толық сипаттама бердік. Осы бағытта туристерге ұлттық тағам түрлері, зергерлік бұйымдар, кілем мен текемет тарихы, жауынгерлік дәстүр, қыран бүркітті баулу, дастархан мәзірі ұлттық киім үлгілері, аңшылық һәм саятшылық дәстүрлері қоса насихаттаған жөн.

Еуразия құрлығының апайтөс даласын сан ғасырлар бойы атамекені санаған көшпенді-номадтардың соңғы ұрпағы, бүгінде әлемдегі өркениттті мемлекеттермен терезесі тең тәуелсіз мемлекеттті құраушы қазақ жерінде 2017 жылы Бүкіләлемдік «ЕХРО 2017 Astana» бүкіләлемдік көрмесінің өткізілуі ХХІ ғасырдың басындағы адамзат жамиғатындағы аса ерекше оқиғалардың бірі болып қалары анық.

Өткен ғасырлар қойнауында (1465-1821) Қазақ Хандығы (Kazakh Khatate, Kazakhya) деген атаумен әлемге мәшһүр болған еліміз 1991 жылы қайтадан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына 20 жылдан асты. Бүгінгі Қазақстан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басқаруымен заман талаптарына сай, ұтымды да қарқынды һәм мақсатты да парасатты жаңаша даму жолын ұстануда. Оған еліміздегі болып жатқан ауқымды реформалар мен серпінді бетбұрыстар, инновациялық серпілістер мен ғылыми-техникалық модернизацияландыру жетістіктерін атап өтуге болады. Жалпы Ұлттық туризм жүйесінің қалануына тарихи маңызын тигізген айтулы оқиға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Испанияға сапары барысында UNWTO-ның штаб-квартирасына бет бұруы (2000) болды. Аталмыш ірі өзгерістер мен динамикалық қарқынды дамуымыздың бір келбеті туризм индустриясы болып табылады. Астананың бельгиялық Льеж шаһарынан (Халықаралық Көрме бюросының 152-Ассамблеясы) басым түсуі бекер емес. Атап айтқанда, соңғы 5-10 жыл ішіндегі Қазақ Елінің әлемдік деңгейдегі позитивті көрсеткіштері мен айтулы жетістіктері (Олимпиада ойындарындағы ірі жетістіктер, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (OSSE), Ислам конференциясы ұйымы (OIC), Бүкіләлемдік туристік ұйымға мүшелікке қабылдану UNWTO, 45 Еуропалық Кеңес отырысының Алматыда өтуі, заман талабына сай бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындардың ашылуы, Қазақстан-2050 Стратегиялық бағдарламасының қабылдануы, Қазақстан аймағында халықаралық стандарт негізінде 5 туристік кластер орталығын салу Жүйелілік жоспарының игіліктенуі т.б) ел болашағының заңғар биіктерге самғауына ұйытқы болуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы (2014) «Қазақстан 2050» Стратегиясы мен «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы іргетасының қалануы – Қазақ Елінің планетарлық масштабта қарыштап дамуына жол сілтейтін даңғыл арна болары анық.

Пайдаланылған әдебиеттер мен ақпараттық ресурстар

1.Қазақстан тарихы. 1 том. Алматы, «Атамұра» баспасы, 1998

2. Соколова В.М. История туризма. М: «Мастерство», С_3527, 2002. http://www.gumer.info/Travel/sokol/index.php

3.Курсабаев М.К., Мазбаев О.Б., Аяпбекова А.Е., Баймолдаева А.Т., Айтжанова А.Е. Музей истории номадов мира – объект международного туризма и краеведения. Материалы Международной научно-практической конференции «Тенденции, проблемы, преспективы идустриально-инновационного и устойчивого развития туризма», Астана, 26 сентября 2013 года. С.: 42-48

4. Muhamedrahim Kursabaev, Serik Isabekov, Alyia Ayapbekova, Beisenbek Temirzhanov, Geoarchaeological and tourist heritage dwellings (yurts) nomads and indigenous ethnic groups in the world, University of Turan-Astana, Kazakhstan.The Online journal tangible and intangible culture. http://mykursabaev.blogspot.com

5. Kursabaev M, Auapbekova A, Mazbaev OThe ancient history of Kazakh-Nomads yurt.

http://www.slideshare.net/muhamedrahimkursabae/the-ancient-history-of-kazakh-nomads-yurt

6.The exploitation of horses at Botai, Kazakhstan". In Levine, Marsha; Renfrew, Colin; Boyle, Katie. Prehistoric Steppe Adaptation and the Horse. Cambridge: McDonald Institute. pp. 83–104. ISBN 1-902937-09-0.

7.Bendry, Robin (2007). "New methods for the identification of evidence for bitting on horse remains from archaeological sites". Journal of Archaeological Science 34 (7): 1036–1050.

8.The Earliest Horse Harnessing and Milking. Alan K. Outram,Natalie A. Stear,Robin Bendrey,Sandra Olsen,Alexei Kasparov,Victor Zaibert, Nick Thorpe, Richard P. Evershed. http://www.reading.ac.uk/archaeology/about/staff/r-bendrey.aspx

9. Всеобщая история архитектуры, Том 1. Москва, 1973 год. с.17-36

10. http://www.lah.ru/text/yanovich/g13.htm. В.Янович.Аборигены Европы

11. http://edapskov.narod.ru/arh/arh9.htm. Доисторические жилища.

12.Shelter By Lloyd Kahn. Shelter Publications, Inc., May 1, 2000.

13.American Shelter: An Illustrated Encyclopedia of the American Home By Les

14.Hill, Jonathan, “Immaterial Architecture”, New York: Routledge, 2006.

Published in Jonathan Hill, editor, Occupying Architecture: Between the Architect and the User.

15.Evans, Robin “Translations from Drawing to Building: Figures, Doors and Passages” London: Architectural Associations Publications 2005

16.Summerson, John “The Book Of Architecture of John Thorpe in Sit John Soan's museum: 40th Volume of the Walpole Society” England: The Society 1964

17. Evolution of the ger © Paul King 2001. http://www.woodlandyurts.co.uk/Yurt_Facts/YurtFacts.html

18. Курсабаев М.К., Аяпбекова А.Е., Габдуллина М.Х. Индустрия туризма: поиск, мотивации, проблемы. Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Валихановские чтения-17». – Кокшетау, 24-26 апреля 2013., 220 стр., Т.10, С.:  165-169.

19. Курсабаев М.К, Джапарова Г.А, Шайжанов М.К, Исабаеков С.Б, Аяпбекова А.Е, Мазбаев  О.Б и др. Геоархеологический и туристический потенциал конструкции древних жилищ (юрты) номадов и коренных этносов мира. Сб.материалов международной научно-практической конференции «Қазақстантану-9».- Астана, 13-14 ноября 2014.

20. Native American- Turanian Brotherhood: FIRST NATIONS First.  https://www.facebook.com/pages/Native-American-Turanian-Brotherhood-FIRST-NATIONS-First/254587994552741?fref=photo

21. Rubtcova E.http://www.newworldencyclopedia.org/entry/Yurt

     
0
0
1982

Мәшине

-Папау маған қашан машина айдауды үйретесіз?

-Бір бос кезде айтсаң үйретемғой қызым... алтыншы сынып олимпиядадан қайтып келе жатқан кез еді. Перовалдан өтіп бара жатқанбыз, мен папамның бетіне қарап келе жатырмын бірінші рет көрген адамым секілді.

Тағы бір күн.  Абай оқуларынан жарысқа қатысып, бірінші орын алып, үйге тәттілер алып мәз боп қайтып келеміз. Сумбеге жақындай бергенде папамның қызының орын алғанына мәз боп отырған сәтін пайдаланып, машинасын сұрадым. -Мен айдап кірейінші өтінемін.... Сөйтіп папам екеміз орын ауысып мен водитель жақа, папа менің орныма отырды. Бір екі рет ағамның машинасын айдаған едім. Папам -білесіңба?, деді -иә! дедім. Механика. Басында оталдырып енді жүрейін деп едім  "Ыңқ" етті да өшіп қалды. Бірнеше рет қайталап әйтеуір жүрдім. -Скоростьті үшке сал,- деді, муфтыны баспай күштеп салып кеп қап едім "тарс!" еткен дауыс шықты да өшіп қалды. Қайта папамның мінезі алтынғой, ләм мим демеді. Бетіме ызаланып бір қарады, папамның қас қабағының өзі сөзден де өткір еді. Мақтанып айдап кіремін деп едім, ағамды шақырып сүйреп кіргіздік. Байқұс мерседес менің кесірімнен жарты жылдай ремонтта жатты.

Неге екенін білмеймін сол жылдан бастап машинамен ауырып қалдым. Кейбір сәттерде ағамнан сұрап айдап тұрдым.

Маған мектепте еңбек пәні ұнамайтын. Киім тігіп, тоқыма тоқығанды суқаным сүймейтін еді. Тоғызыншы сыныпта ұлдарға еңбектің орнына машина кіретін болды, оны естіген мен директордың жаның қоймай, қайта-қайта кіріп, болмағансоң атама айтқызып,  ақыры қыздардың еңбегінен құтылып, машинаға ауыстым. Басында іш құрылысын өтіп, кейін ережелерді жаттадық. Белгілердің суретін дәптерге салғанды ұнататын едім. Оныншы сыныпта ағайдың сары жигулиі бар еді, соны  айдай бастадық. Ағай папамның жан досы Райс деген кісі еді. Ол кісінің де мінезі тура менің әкемдікіндей. Асықпай түсіндіріп, бәрін рет-ретімен көрсетіп, үйрететін еді. Сөйтіп екі жыл Райс ағайдың сары жигулиін біраз тоздырып тастадық.

Он бірінші сыныпта папамның құлағына тыным бермеуші едім -Қашан маған машина алып бересіз?- деп. -Мектепті алтынға бітірсең алып берем, деді. Мектепті аяқтағаннан кейін  -бірінші курстың бәрін беспен жапсаң алып берем,- деді, өкінішке орай бірінші курста сабағымның бәрі бес болмады. Екінші курста да. Үште көреміз деді. Сомен үшінші курсты аяқтағаннан кейін жазда практика бітетін кезде папам келіп, Асқаржан аға үшеуіміз аралап, машиналарды түгін қалдырмай көріп шықтық. Біреуін ұнатып, келісіп кеттік. Кейін машина алғанда өзім жаңғыз бардым, документтері біткеннен кейын аға мені -ал үйге айдап бар, құтты болсын!- деп отырғыза салды. Бұрында ылғи аласа машина айдап үйреніп қалған мен үлкеніне отырғанда мандраж боп қалдым. Сол күні қуанғаным сооншалық папам мен мамама звондап алғысымды жаудырып, болды енді машина алдым енді басқа ештеме сұрамаймын деп уәде берген едім. Иә саған!  Cөйтсем оның бензині, майының ауысқаны, запчасттары, ереже бузсаң штрафтары бәрі бәрі ақша екенғой.  Ақшаның құны бұрынғыдай болғанда қиналмас едім, қазір сіріңкеге дейін бәрі көтеріліп кеткен. Мұны білгенде жұмысты тегін емес ақшаға келісетін едім.

 

Көп затты түсінбей жатып, әкеміз бен анамызды әуреге салады екенбіз. Өзімізден үлкендер ақыл айтса тыңдағымыз келмейді. Әр бір қалаған затымыз бен ісімізді ар жағын ойлап барып, үлкендермен, көргендермен ақылдасып қадам басқан дұрыс екен. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ тан аулақ боп, Талап, еңбек, терең ойға баса назар аудара жүрейік.

 
3
0
1320

Адвайзер-көрмесінің екінші күні

Жастар бастамаларын дамыту орталығында  алғашқы рет  Павлодар қаласында 2016 жылдың 22 ақпанынан 26 ақпанына дейінгі уақыт аралығында жоғарғы сынып оқушылары мен студенттеріне жастарға кәсіптік бағдар беру және қосымша құзыреттілікті жетілдіру негізінде адвайзер-көрмесі өткізілуде.

Басты мақсат - түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін және нәтижелілігін арттыру. 2016 жылдың қыркүйек айында аталмыш кездесуді екінші рет өткізілу күтіледі. Бұл жолы тізімге әскери оқу орындарын қосу жоспарда бар.

Шараға өңірлік 15 колледж бен республикалық және облыстық  жоғарғы оқу орнының өкілдері қатысуда. Көрме барысында мектеп түлектері жоғары оқу орындарының оқыту шарттарымен танысуға мүмкіндік алады.

Бүгін адвайзер-көрмесінің екінші күні. Көрмеге №9, №2, №14, №8 лицей, №4, №39, №5 мектеп оқушылары қатысты. 350 ден астам оқушылар кеңес, бағдар алды.

0
0
512

Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысының қорытындысы талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру тұрғысында құрылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысының қорытындылары» атты брифинг болып өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/ortalyk-kommunikaciyalar-kyzmetinde-zhogargy-sot-zhanyndagy-halykaralyk-kenestin-birinshi

0
0
503