Әлеуметтік желі — баланың тәрбиесі
Біздің санамызда қалыптасқан «тәрбиесі төмен балалардың» ата-аналары өте өзекті мәселелердің мән-жайын талқылап, өзгеше ойларын бөлісіп, жазып жүр екен. Мені қызықтырған мақала «Should Children Be Allowed on Facebook?», яғни «Балаларға Фэйсбукты қолдануға рұқсат берген дұрыс па?» деп аталады. Қысқаша айтып кететін болсақ, жасы 13-ке толмаған жасөспірім, Фэйсбуктың саясатына сай сайтқа тіркелуіне тыйым салынған. Енді, жақында ғана Марк Цукербергтің айтып кеткеніне қарағанда, олар осы шектеуді алып тастап, 13-ке дейінгі балалардың да Фэйсбукты қолдануға рұқсат беруді жоспарлап отыр екен. Олардың келтірген дәлелдері, «онсыз да, бүгінгі күннің өзінде, сол сайтта 12 жасқа толмаған 7.5 миллион балалар заңсыз тіркеліп, қолданып жүр». Егер кішкентай қолданушылардың сайттағы әрекеттерін заңдастырс…