Өтірік неге ұйықтайды жастар?!
Кейде таңертең жұмысқа барарда жағымсыздау жағдайлардың куəгері болып қаламын. Күткен автобусымыз лықа толып келген кезде зіңгіттей жігіттер күте тұрып, аяғы ауыр немесе бала ерткен əйелдерді, қарт адамдарды өткізіп жібергеннен гөрі өздері алға шығып есікке жармасып жатады. Бəлкім, ойлары оларға бəрібір орын береді ғой, өзім ыңғайлы тұрып алайын дегені ма екен?! Ішінде де атып тұрып орын беретіндері шамалы. Музыка тыңдап, өтірік-шынды ұйықтап отырғандары. Кондуктор айғайлап орын берулерін сұрамаса отыра береді. Сол ештеңені сезбей ұйықтап отыратындардың қалай дəл өз аялдамасында атып тұрып, түсіп кететіне таңым бар...