Маған солай, білмеймін сізге қалай...
Соңғы курстың алғашқы семестрінің барлық сабағын беске жапқанына қуанған ол, ата-анасында тезірек қуантқысы келіп, енді үйге қайтатын күн мен сағатты санай бастады. Асыққаны соншалық, әншейінде демалып баратын қыз енді ешбір жерге тоқтамастан, бір көліктен кейін бір көлікті артқа тастап зулап кете барды. Бес жарым сағат. Комплекстен де асты, жүрегі үйіне жеткеніне қуанып, ішкі дүниесі қазір біреу не айтса да уәде беріп, келісіп, барлығын жасап беруге келісетіндей күйде еді. Өз көшесіне де келіп, ашылып тұрған варотадан кіріп, жылдам түсе бастады. Анасын құшақтауға ұмтыла бергені сол еді, -қызым алдымен атаң мен әкеңе амандас, деді. Сол жағында, орындықта отырған атасы ренжіп сөйлеп отыр -бірінші мамасына барады иттің қызы... немересі -атау! деп құшақтай бергені сол еді жаңағы айтқан сөзде…

