Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Адвайзер-көрмесінің екінші күні

Жастар бастамаларын дамыту орталығында  алғашқы рет  Павлодар қаласында 2016 жылдың 22 ақпанынан 26 ақпанына дейінгі уақыт аралығында жоғарғы сынып оқушылары мен студенттеріне жастарға кәсіптік бағдар беру және қосымша құзыреттілікті жетілдіру негізінде адвайзер-көрмесі өткізілуде.

Басты мақсат - түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін және нәтижелілігін арттыру. 2016 жылдың қыркүйек айында аталмыш кездесуді екінші рет өткізілу күтіледі. Бұл жолы тізімге әскери оқу орындарын қосу жоспарда бар.

Шараға өңірлік 15 колледж бен республикалық және облыстық  жоғарғы оқу орнының өкілдері қатысуда. Көрме барысында мектеп түлектері жоғары оқу орындарының оқыту шарттарымен танысуға мүмкіндік алады.

Бүгін адвайзер-көрмесінің екінші күні. Көрмеге №9, №2, №14, №8 лицей, №4, №39, №5 мектеп оқушылары қатысты. 350 ден астам оқушылар кеңес, бағдар алды.

0
0
454

Осы тақырып бойынша

Адвайзер-көрмесінің екінші күні - Yvision.kz