Көркем мінез — көрігің
Адам мінезінің ең көріктісі - қарапайымдылық. Шынымен, қарапайым адамды көрсең көңілің жайланып қалады. Ол адаммен тілдескеннің өзі бір ғанибет қой, шіркін. Мінезі көркем адамның өзі де көркем келетін сияқты ма, қалай?! Бірақ кейде аузын ашса жұлып жердей болып тұратын қыз-жігіттерді де кезіктіресің. Тіпті, сол мінездерін мақтаныш көретіндер де бар арасында. Жұмыста өзін мойындау үшін керек па екен, бәлкім?! Кейбіреулері "қанға сіңген мнезім, енді қайтем?!", - деп ақталғандай болады. Айтқым келгені, қандай заман болмасын мейірімділік, сабырлылық, кішіпейілділік сияқты көркем мінездерді бойымыздан арылтпайық. Əр айтқан сөз, жүріс-тұрысымыз мінез қалыптастырудың критерийлері. Оны қадағалап, жөндеуге болады ғой. Ендеше, іске сəт. Əрқайсысымыз өзімізден бастайық!
