Мәшине
-Папау маған қашан машина айдауды үйретесіз?
-Бір бос кезде айтсаң үйретемғой қызым... алтыншы сынып олимпиядадан қайтып келе жатқан кез еді. Перовалдан өтіп бара жатқанбыз, мен папамның бетіне қарап келе жатырмын бірінші рет көрген адамым секілді.
Тағы бір күн. Абай оқуларынан жарысқа қатысып, бірінші орын алып, үйге тәттілер алып мәз боп қайтып келеміз. Сумбеге жақындай бергенде папамның қызының орын алғанына мәз боп отырған сәтін пайдаланып, машинасын сұрадым. -Мен айдап кірейінші өтінемін.... Сөйтіп папам екеміз орын ауысып мен водитель жақа, папа менің орныма отырды. Бір екі рет ағамның машинасын айдаған едім. Папам -білесіңба?, деді -иә! дедім. Механика. Басында оталдырып енді жүрейін деп едім "Ыңқ" етті да өшіп қалды. Бірнеше рет қайталап әйтеуір жүрдім. -Скоростьті үшке сал,- деді, муфтыны баспай күштеп салып кеп қап едім "тарс!" еткен дауыс шықты да өшіп қалды. Қайта папамның мінезі алтынғой, ләм мим демеді. Бетіме ызаланып бір қарады, папамның қас қабағының өзі сөзден де өткір еді. Мақтанып айдап кіремін деп едім, ағамды шақырып сүйреп кіргіздік. Байқұс мерседес менің кесірімнен жарты жылдай ремонтта жатты.
Неге екенін білмеймін сол жылдан бастап машинамен ауырып қалдым. Кейбір сәттерде ағамнан сұрап айдап тұрдым.
Маған мектепте еңбек пәні ұнамайтын. Киім тігіп, тоқыма тоқығанды суқаным сүймейтін еді. Тоғызыншы сыныпта ұлдарға еңбектің орнына машина кіретін болды, оны естіген мен директордың жаның қоймай, қайта-қайта кіріп, болмағансоң атама айтқызып, ақыры қыздардың еңбегінен құтылып, машинаға ауыстым. Басында іш құрылысын өтіп, кейін ережелерді жаттадық. Белгілердің суретін дәптерге салғанды ұнататын едім. Оныншы сыныпта ағайдың сары жигулиі бар еді, соны айдай бастадық. Ағай папамның жан досы Райс деген кісі еді. Ол кісінің де мінезі тура менің әкемдікіндей. Асықпай түсіндіріп, бәрін рет-ретімен көрсетіп, үйрететін еді. Сөйтіп екі жыл Райс ағайдың сары жигулиін біраз тоздырып тастадық.
Он бірінші сыныпта папамның құлағына тыным бермеуші едім -Қашан маған машина алып бересіз?- деп. -Мектепті алтынға бітірсең алып берем, деді. Мектепті аяқтағаннан кейін -бірінші курстың бәрін беспен жапсаң алып берем,- деді, өкінішке орай бірінші курста сабағымның бәрі бес болмады. Екінші курста да. Үште көреміз деді. Сомен үшінші курсты аяқтағаннан кейін жазда практика бітетін кезде папам келіп, Асқаржан аға үшеуіміз аралап, машиналарды түгін қалдырмай көріп шықтық. Біреуін ұнатып, келісіп кеттік. Кейін машина алғанда өзім жаңғыз бардым, документтері біткеннен кейын аға мені -ал үйге айдап бар, құтты болсын!- деп отырғыза салды. Бұрында ылғи аласа машина айдап үйреніп қалған мен үлкеніне отырғанда мандраж боп қалдым. Сол күні қуанғаным сооншалық папам мен мамама звондап алғысымды жаудырып, болды енді машина алдым енді басқа ештеме сұрамаймын деп уәде берген едім. Иә саған! Cөйтсем оның бензині, майының ауысқаны, запчасттары, ереже бузсаң штрафтары бәрі бәрі ақша екенғой. Ақшаның құны бұрынғыдай болғанда қиналмас едім, қазір сіріңкеге дейін бәрі көтеріліп кеткен. Мұны білгенде жұмысты тегін емес ақшаға келісетін едім.
Көп затты түсінбей жатып, әкеміз бен анамызды әуреге салады екенбіз. Өзімізден үлкендер ақыл айтса тыңдағымыз келмейді. Әр бір қалаған затымыз бен ісімізді ар жағын ойлап барып, үлкендермен, көргендермен ақылдасып қадам басқан дұрыс екен. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ тан аулақ боп, Талап, еңбек, терең ойға баса назар аудара жүрейік.

