Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылордалық полицейлер осы жылы алғаш рет тойланғалы жатқан «1 наурыз-Алғыс айту» күніне орай жиын өткізді

Биыл алғаш рет – Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы  №173 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізіміне енгізілген Алғыс айту күні мерекесі тойланғалы жатыр. Бұл мерекенің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуі тарихи маңызы зор оқиға. Осындай күн қарсаңында, бүгін Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында университет ғалымдарының, тіл жанашырларының, зиялы қауым өкілдерінің және департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ж.Оспанов пен департамент қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік жиын болып өтті. Аталмыш жиында «Алғыс айту күні» мерекесін тойлаудың маңызы айтылып, әлем елдерінде қолданылып жатқан тәжірибелері талқыланды.

Шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан халықтар Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы ашып, бұл мерекенің маңыздылығына тоқталып, мақсатын, қолданылу бағытын қысқаша баяндап берді.

Жиын барысында қоғамдық тәртіп мен қауіпсіздіктің сақталуы жолында өз міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлері болашағымызға бағдар беріп, ұлтты ұйыстыратын, бірлігімізді бекемдеп, ертеңімізге деген сенімімізді еселей түсетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызын саралап, Қазақстан сынды жас мемлекет үшін көрсетер игілігін атап өтті.

Жиын соңында полиция қызметкерлері келген қонаққа өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
375

Бас Прокурордың Германия Елшісімен кездесуі туралы (Астана қаласы, 2016 жылғы 26 ақпан)

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гидо Херцпен кездесті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-germaniya-elshisimen-kezdesui-turaly-astana-kalasy-2016-zhylgy-26

0
0
301

Российские СМИ перепутали қазы с мясом козы

mgorod.kz

Накануне в Москве прошла пресс-конференция, посвященная открытию 8-го марта в Астане первого ресторана быстрого питания Mc Donald's. Сообщается, что одно из российских информагетнство опубликовало новость о том, что "в меню казахстанских Mc Donald's могут появиться бургеры из мяса козы".

Позже журналисты задали вопроса у владельца франшизы Mc Donald's в Казахстане Кайрата Боранбаева о том, будет ли представлена в меню национальная кухня, к примеру, бургеры из қазы.

"Во многих странах есть локализованные местные национальные продукты. (...) Конечно, будем стараться исходить из потребностей наших посетителей и, наверное, в будущем ориентироваться на местную кухню. Но на это нужно время. Так как сам бургер проходит до 500 проверок, этот продукт. Контроль качества очень важен", - ответил Боранбаев.

Российские журналисты подумали, что речь идет о мясе козы, но после ряда уточняющих вопросов, публикация была исправлена:

-2
0
797

Павлодар облысының Жас ғалым кеңесінің көшпелі іс-шаралары

Ағымдағы жылы Павлодарлық Ертіс өңірінің Жас ғалым кеңесі (бұдан әрі - ЖҒК) жаңартылып, оған 18 табысты жас ғылыми қауымдастық өкілдері енді.

2016 жылға арналған жоспарда:

- «Қазіргі Қазақстанда ғылымның талап етілуі және инновациялық дамуы» республикалық жас ғалымдар конференциясын өткізу;

- «Жастар ғылыми және инновациялық қызметінің негіздері» жас ғалымдардың облыстық жазғы мектебін ұйымдастыру;

- ЖҒК мүшелерімен жұмыс істейтін және ауыл жастары, студенттер қатарынан ғылымға белсенділігін көтеру мақсатында көшпелі акциялар өткізу;

- студенттер үшін университеттерде студенттік ғылыми – тәжірибелік конференциялар және ғылыми конкурстарды өткізуде Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына көмек көрсету;

-Облыстың ОАОО және ЖОО студенттері үшін ЖОО-да олимпиадалар өткізу;

- «Жас ғалым 2016» жыл сайынғы облыстық конкурсын өткізу;

- Облыстың ЖҒК мәліметтер базасы бойынша шетелде оқу және ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған  ғылыми шәкіртақы және гранттар алу мақсатындақоғамдық қорлар мен ұйымдардың ұйымдастыратын байқаулар туралы ұстаздар мен жас ғалымдарды ақпараттандыру.

Жас ғалым кеңесі іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісті және ағымдағы жылдың  19 ақпанында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының базасында магистрантар мен 1-2 курс студенттері үшін ғылыми мақалалар жазу және олардың одан әрі жариялану жөніндегі семинарын өткізді.

Одан кейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, Инновациялық Еуразия университетінде, сондай-ақ Павлодар мұнай- химия зауытында көшпелі кездесу өтеді. Ауылдық аудандардағы жас ғалымдарда назарсыз қалмайды. Сәуір-мамыр айларында ғылымды белсенді насихаттайтын аудандық орталықтарды семинар-тренингтар ұйымдастырылады.

Павлодар облысының жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасы.

1
0
673

Астанада Орталық Азиядағы босқындарды қорғау мен олардың көші-қон мәселелері талқыланды

Бүгін Астана қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесінің аясында «Көші-қонның әлеуметтік-экономикалық салдары: Орталық Азияға біріктіру қажеттілігі мен босқындардың осалдығы» тақырыбында «дөңгелек стол» өтті. Шараны ҚР Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы сараптама орталығы Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының (әрі қарай - КХҰ) субаймақтық үйлестіру кеңсесі және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Басқосуға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, ҚР және Орталық Азиядағы көші-қон саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың, сонымен қатар, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынның мақсаты – Орталық Азия елдерінің еңбек көші-қоны саласындағы жаңа беталыстарын сараптау мен өзара тәжірибе алмасу, көші-қон заңнамасындағы олқылықтарын анықтау мен ортақ ұсынымдар жасау болып табылады.

«Дөңгелек стол» барысында босқындардың құқығын қорғау мен олардың өсіп-өнген мемлекеттері үшін тиімді экономикалық әсер алу, сонымен қатар, адамдарды саудалаумен күресу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында оларды қоғамға кіріктіру мәселелеріне баса назар аударылды.

ХКҰ мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады, оның ішінде 214 млн. халықаралық және 740 млн. ішкі босқындар. Халықаралық босқындар саны 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр.  Халықаралық еңбек ұйымының статистикалық мәліметтерінше, адамдарды сату арқылы түсетін заңсыз кірістің көлемі жыл сайын 150 млрд. АҚШ долларын құрайды. 21 млн-ға жуық адам мәжбүрлі еңбекке салынады.

Өз сөзінде ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов экономикалық дағдарысқа және жаңа геосаясаттық беталыстарға байланысты мигранттар мен босқындардың мәселелері байыпты талқылауды қажет ететіндігін атап айтты.

«Бүгінде еңбек көші-қоны саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты ұлғайту, шекарадағы бақылауды күшейту қажет, мигранттарды қоғамға кіріктіру бойынша жұмыс жүргізу және халықаралық нормаларды ескере отырып, көші-қон саласында тиімді заңдарды жасау керек», - деді Біржан Нұрымбетов.

Кездесу соңында қатысушылар Орталық Азиядағы реттелмейтін көші-қон миграциясы, адамдарды саудалау мен мигранттардың құқығын қорғау мәселелерін шешу бағытындағы көпжақты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға келісті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы процесі – 2011 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған тұрақты пікір алмасу алаңы болып табылады. Оның мақсаты – аймақтық форматтағы және жаһандық перспективадағы босқындар мен халықаралық көші-қонның өзекті мәселелерін бірлесе отырып шешу. Қазақстан Алматы процесінің бірінші басшысы болып сайланған болатын. Біздің елден басқа Алматы процесінің тұрақты қатысушылары - Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Түркменстан елдері. Иран мен Пәкістан бақылаушы мәртебесінде.

 
0
0
291

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы прокурорлық қадағалау

Көлік құралдарының жылдан жылға артуы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұрыннан бар проблемаларын одан сайын күшейтіп отыр.

Уәкілетті органдар жолдағы жағдайды оңалту, жол-көлік оқиғаларын ескерту, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір шараларды қабылдауда, жұмыс істеу әдістері жақсаруда, профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде.

2014 жылғы 20 қазаннан бастап «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді, ол жол жүрісін ұйымдастыру тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа заңда мүдделі мемлекеттік органдардың құзыреті нақты айқындалды және жол жүрісі үрдістерін мемлекеттік басқарудың жүйесі жетілдірілді.Көлік құралдарының жылдан жылға артуы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұрыннан бар проблемаларын одан сайын күшейтіп отыр.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/zhol-zhurisi-kauipsizdigin-kamtamasyz-etu-salasyndagy-prokurorlyk-kadagalau

 
0
0
563

«Мәңгілік Ел» пойызы Павлодарда болып қайтты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар шеңберіндегі«Мәңгілік Ел» пойызы өз сапарын жалғастыруда. Кеше, 24 ақпан күні ол Павлодар қаласында болып қайтты.

Поезд құрамында – Қазақстан халық ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар, докторлар бар. Жалпы алғанда, шамамен  96 адам. Делегаттар Павлодар химия-механикалық колледжінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен танысып, эксперементті алаңдарды көріп қайтты.

Кейін, пойызының өкілдері Бизнес колледж студенттерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Сонымен қатар,  делегаттар әртүрлі бағытта жұмыс жасайтын жас мамандар, облысымыздың жас белсеңділері қатысқан «Мәңгілік Ел» ашық алаңында және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысқан өзара қарым-қатынас жөніндегі дөңгелек үстелге қатыстысып үлгерді.

Павлодар облысының жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасы.

0
0
526

Шымкентте есірткі қолданушылар арасындағы АИТВ-ның алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін Шымкентте «Аман-саулық» қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған  «Қазақстандағы ЖИТС-тің алдын алу үшін алмастырушы апиындық терапияны енгізу» тақырыбында қоғамдық тыңдау болып өтті.

Шараға денсаулық сақтау, білім беру басқармаларының, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының, наркологиялық диспансерлердің, құқық қорғау органдарының (ІІД наркобизнеспен күрес басқармасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) басшылары, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, есірткіге тәуелді науқастар және олардың туыстары қатысты.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдар арасында АИТВ-нің таралуы мен алмастырушы апиындық терапияны (әрі қарай - ААТ) енгізу мәселелерін талқылады.

Алмастырушы апиындық терапия – есіркіге тәуелділікті емдеудегі инновациялық әдіс. Ол тәуекел топтарының арасында АИТВ/ЖИТС таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ААТ әлемнің 71 елінде қолданылады, Евроодақ елдерінде 600 мыңнан астам пациент аталған емді қабылдайды.

«АИТВ мен нашақолықты тарату – барша қоғамың проблемасы. Қоғамдық тыңдаулар инъекциялық наша қолданатын адамдар  (әрі қарай - ИНҚА) мен олардың жақындары, сондай-ақ, медициналық қызметкерлер мен тұрғындар үшін алмастырушы апиындық терапия туралы шынайы ақпаратты жеткізу мақсатында өткізілді», - деді «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова.

Жуық арада ҚР-дағы ИНҚА арасындағы есірткіге тәуелділік пен АИТВ-нің алдын алу мақсатында есірткі қолданушыларды сүйемелдеуші емдеу мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауларды Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында өткізу жоспарланып отыр.

2008 жылы Қазақстанда метадонды пайдалану арқылы орнын ААТ пилоттық жобалары басталып, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ААТ бағдарламасы пилоттық режимде ауқымын кеңейтіп, еліміздің 10 қаласын қамтыды.

2015 жылы «Қазақстан Республикасындағы ААТ-ны дамытудың перспективалары» жобасының аясында «Аман-саулық» Қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен ААТ бағдарламасы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқан 10 қалада қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Аймақтарда өткен қоғамдық тыңдаудың қорытындылары 2015 жылғы 11 желтоқсанда Астанада өткен конференцияда талқыланып, Қазақстанда ААТ-ны енгізу бойынша ұсынымдар қабылданды және олар ҚР мемлекеттік органдарына жіберілді.

 
0
0
449

МЖӘ дамыту мәселелері талқыланды

2016 жылдың 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин мемлекеттік-жекешелік әрістестікті дамыту сұрақтары бойынша семинар-кеңеске қатысты.

Семинар облыс әкімінің орынбасары И.Стексовтің, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту фонды» АҚ, БҚО кәсіпкерлер палатасы өкілдері және облыстағы аудандық әкімдер мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.

Семинар-кеңес жұмысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуда мемлекеттің көрсетіп жатырған көмегі мен алға қойған мақсаттарды жоспарлы түрде орындау мәселелері қозғалды.

1
0
594

Зика қызбасының таралуы жалғасын тауып отырған елдер туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Зика қызбасының таралуы жалғасын тауып отырғаны және Зика қызбасы вирусын жұқтыру жағдайлары елдер туралы хабарлайды:

  1. Американдық Самоа
  2. Аруба
  3. Барбадос
  4. Боливия
  5. Бразилия
  6. Бонэйр
  7. Венесуэла
  8. Вануату
  9. Виргин аралдары (АҚШ)
  10. Гваделупа
  11. Гватемала
  12. Гайана
  13. Гаити
  14. Гондурас
  15. Доминикан Республикасы
  16. Кабо-Верде
  17. Колумбия
  18. Коста-Рика
  19. Кюрасао
  20. Мальдивтер
  21. Маршалл аралдары
  22. Мартиника
  23. Мексика
  24. Жаңа Каледония
  25. Никарагуа
  26. Панама
  27. Парагвай
  28. Пуэрто-Рико
  29. Сен-Мартен
  30. Самоа
  31. Соломон аралдары
  32. Суринам
  33. Сальвадор
  34. Таиланд
  35. Тонга
  36. Тринидад пен Тобаго
  37. Фиджи
  38. Француздық Гвиана
  39. Эквадор
  40. Ямайка

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Зика қызбасы бойынша қолайсыз елдерге баруды жоспарлаған кезде ұсынылған ақпаратты ескеруді және мүмкіндігінше сапарға шықпауды, әсіресе жүкте әйелдерге эпидемиологиялық ахуал қалыпқа келгенге дейін сапарға шықпауларын ұсынады.

Осы өңір елдерінде болу қажеттілігі туындаған жағдайда масалар мен москиттерден қорғану шараларын (репелленттерді, жеңі ұзын киімдерді, шалбарларды) пайдаланған орынды, батпақты жерлерге және басқа да масалар жиналаған жерлерге бармауға тырысу керек, егер қонақүйлердің терезелері москит торлармен жабдықталмаған болса, оны ашпай ауа баптағышты пайдалану қажет.

Қолайсыз елдерде болған кезде және сапардан келген кезде ауру симптомдары пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Ауру 4-7 күн бойына жеңіл және орташа ауыр клиникалық нысанда өтеді және сауығумен аяқталады. Негізгі симптомдары дене температурасының көтерілуі, тері бөртпесі, конъюнктивит, буынның ауыруы, бастың ауыруы, кей кезде жүрек айну және құсу болып табылады.

Әсіресе Зика қызбасымен ауыруұрықтың аномалиясының, нәрестелердің микроцефалиясының дамуына байланысты жүкті әйелдер үшін қауіпті.

Зика қызбасының арнайы вакцинациясы және емі жоқ.

0
0
1047