Мазмұнға өту
ulzhan1202

ulzhan1202

Сайтта 2016 ж. 24 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

4

Көп күттірген сол жыл...

2015 жыл.Бұл жыл өзге жылдардан ерек еді мен үшін.Шыдамымды шегіне жеткізпеген,талай жылғы арманымның бір бөлігін өз мойнына жүктеген,асыға,зарықтыра күттірген,жауапкершілігі мол жыл болған бұл жыл.Иә,2015,сенен күткенім көп болған.Сенен күткен өмірге емес,сен мені тіпті ойламаған,түсіме кіріп те шықпаған өмірге әкелдің.Бұл кезең,сірә,18 жас ғұмырымдағы ең бетбұрысты кезең-ау...Біріншіден,сен мені туған жерімнің,Оңтүстігімнің топырағынан алыстатып,оқу мақсатымен ызғарлы Астанаға әкелдің.Астанаға келіп бұл жердің ызғарына да үйренісіп алдым.Әлі есімде,алғаш Астанаға жаз айында барып көлеңкені емес күнді іздегенім.Сары іріше келген ызыңдап ұшқан масалары сары уайымға салғаны.Ал,қазір мен Астана тұрғынымын.Астананың ызғарында жаныма жылу сыйлаған адамдар көп болды.Астана менің өмірімнің жаңа…

1
0
493

Түнімді таңға жалғаған бір ой...

Түнгі ұйқы алдында бүгін тағы түпсіз терең ойдың тұтқынында болып қайттым.Ойларымнан ойлар туып,санамда сансыз сұрақ қаптады.Шешімі табылмаған “өмір мәні” тұрғысында ой ойлап едім,еріксіз көңіліме мұң ұялады.Мұң ұялайтын жөні бар...Себебі,сағат тілі артқа бұрылмастан,тоқтамастан алға үздіксіз қадам басып жатыр.Бұл дегеніміз өміріміз өтіп жатыр,өтіп жатыр.Ал,менен алға жылжушылық байқала ма?Жо-жоқ менде алға басушылық жоқ сияқты.Менің бойымда тек қана алға басушылықты қиялдап қимылсыз жатқан,жалқаулықты жанына жолдас еткен беймәлім бір өзге адам тіршілік етіп жатқандай...Сол беймәлім бір өзге адамға”осылай жалқаулықты жаныңа жолдас етуді доғармасаң,өмірдің мәнін тауып,сәнін кіргізу қиынға соғады” дейтін адам табылар ма?! “Адам "Адам өз өмірінің суретшісі өзі”- дейді.Ал,менің суретімнің боя…

1
0
2101