Мәңгілік ел – жастар бағыты
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы - Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея. Жастар бастамаларын дамыту орталығында бүгін Павлодар қаласына жеткен «Мәңгілік Ел» поезд қонақтарымен «Мәңгілік ел – жастар бағыты» атты ой-пікір алаңы өтті. Облысымыздағы белсенді жастар қонақтарымызбен бірге өздерінің ой- пікірлерімен бөлісті. Ақпан айынан басталған түрлі акцияларды қортындылап, арнайы дайындалған бейнесюжеттер көрсетілді.«Белбеу күресінен» 3 дүркін Азия чемпионың, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Жоламанов Дархан Мәңгілік Елдің іргесін қалауда жұмысшы жастардың үлесі зор екендігін және қазіргі таңда облысымызда 60 мыңнан астам жұмысшы жастар бар екенің атап өтті.

«Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық-кәсіптік, жоғары білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыру мен тартуды мақсат етеді, жастарымызды дербес өмірге, бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады. Аталмыш бағдарламамен білім алып жатқан Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Тәжібайов Дарын қатарластарының атынан сөзін жалғай түсті. Павлодар облысының аналар одағының төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы ұлттық идея жайлы өз пікірімен бөлісті.

Келген қонақтар, Самусев Юрий Максимович, Мажитов Максат Бекболатұлы, Бегатаров Ардак Құрмашұлы, Файзуллин Әділ Рамазанұлы, Рыскельдинов Берік Базарбекұлы, Альпеисов Әміржан Каирұлы ,Казкенов Казбек Майлыбайұлы, Дедерер Александр Федотович, Барбасов Руслан Назибекұлы жастарға ізгі тілектерін білдіріп, еркін әңгіме құрды.

