БҚО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын педагогикалық кеңестерде түсіндіруде
2016 жылдың 19 ақпанда Орал қалалық мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінде педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысының күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамның рөлі» тақырыбы талқыланып, оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі М.Харесова қатысып, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндірді.
Өз сөзінде, ол басты міндет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейтуге, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмауға бағытталғандығы жөнінде айтты.
М.Харесова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда мақсатты түрде педагогтардың қызметінің рөлін атап өтті. Өйткені, олар өскелең ұрпақты жас кезінен бастап Отансүйгіштікке, дәстүрді сыйлауға, білім мен еңбекке талпынуға, шыншылдық пен адалдыққа бөлейді.
Өз кезегінде, колледж директоры С.Мухамбеталиев тәрбие процесі мен білім беру адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі екендігін нақтылады.
Кездесу соңында Департамент өкілі оқытушылар қауымының бірқатар сұрақтарына жауап берді.
