Мазмұнға өту

Жаңа

«Талдау» форумы – біркелкі сот практикасын қалыптастыру құралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында сот билігін дамытудың, құқықтық дауларды қолжетімді әрі жылдам шешудің, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын заңнама мен сот практикасына белсенді енгізудің, ақпараттық технологияларды кеңінен қолданудың  басым бағыттары айқындалған.

http://sud.gov.kz/kaz/news/taldau-forumy-birkelki-sot-praktikasyn-kalyptastyru-kuraly

0
0
446

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Баронесса Патриция Скотландпен кездесуі туралы

В Генеральной прокуратуре состоялась встреча Генерального Прокурора Асхата Даулбаева с видным политическим и государственным деятелем Великобритании баронессой Патрицией Скотланд.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasy-bas-prokurorynyn-baronessa-patriciya-skotlandpen-kezdesui

0
0
345

Мектептегі кезекті профилактикалық әңгімелесу

2016 жылдың 26 ақпанда Орал қалалық №27 мектебінде 9-11 сынып оқушыларының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Маншук Харесовамен кездесуі өткізілді.

Департамент өкілі Маншук Харесова оқушылармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу керектігі аталғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, шараның ұйымдастыруына мұғалімдер құрамы мен ата-аналар қатысты.

0
0
489

Аймақтық оқыту орталығының тыңдаушыларымен кездесу

2016 жылдың 26 ақпанда үш апталық семинар шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мирболат Нұртазин аймақытық оқу орталығының тыңдаушылары алдында «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында туындайтын мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің практикалық жүзеге асырылуы жөнінде сөз сөйлеп, оқуын аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге сертификаттар табыс етті. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы әр курсты ұйымдастыру мен оны іске асыруда жоғарғы кәсіби деңгейімен ерекшеленеді. Департамент аймақтық оқыту орталығымен тығыз байланыста. Әр курс бойы Департамент қызметкерлері дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіп, тыңдаушылар алдында дәрістер…

1
0
264

Нан неге қымбаттады?

Еркін айналым эстафетасы валютамыздан кейін нанымызға берілді. Ауыл шаруашылық министрлігі нан бағасын субсидиялауды тоқтату туралы шешімді былтыр жыл аяғында-ақ қабылдаған болатын. Жұрт алдын ала хабардар болғасын ба, әйтеуір байбалам салып жатқан ешкім жоқ. Орал қаласында нан бағасы ақпанның алғашқы күндері 15-20 теңгеге көтерілді. Әлеуметтік нан бағасы әзірге 50-55 теңге көлемінде. Облыс бойынша 93 наубайхана бар. Олар бағаның өсуін ұн бағасының көтерілгенімен байланыстырды. Экономист мамандар нанның нақты қай бағаны ұстап қаларын айту қиын дейді. Өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты аймақтарда әртүрлі болмақ. Яғни нарықтың өзі біледі. Үкімет 6 жылдан бері нан өндірушілерге қолдау көрсетіп келді. Оларға бидай нарықтық бағадан арзан сатылып отырды. Субсидияларға жыл сайын…

0
0
863

Менің тәрбие сағатым

Шолпан Қыдырниязова – айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Он жеті жасында «Облыс ақыны» атағын алған Шолпан Батырқызы 51 рет айтысқа атысып, соның 29-ында 1-орын иеленген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Шолпан апа тілшілік, түрлі басшылық қызметтерде болып, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысы қызметін абыроймен атқарып барып зейнетке шықты. «Жазира» (1980), «Ерке құс» (1991), «Елігі еркін даланың» (2004), «Қос қанат» (2010) жыр жинақтарының авторы. Бүгінде Шолпан апамыз ойларын Фейсбук желісінде «Менің тәрбие сағатым» айдарымен жазып жүр. Шолпан Батырқызының келісімімен біз газет бетіне жариялап отырмақпыз. Садақа мен той. Садақа -сабыр, той- дабыр, садақа- құран, той-жыр,ән. Ұраннан қалсаң да құраннан қалма. Бұрын қайтыс болған жанның…

0
0
3992

Қазақстанда 60-тан астам фармацевтикалық қызмет нысандарында GXP стандарттары енгізілді

Қазақстанда 63 фармацевтикалық қызмет нысандарында фармацевтикалық препараттарды өндіру, тасымалдау, сақтау және жүзеге асыру талаптарын анықтайтын тиісті фармацевтикалық практикалардың халықаралық стандарттары (әрі қарай - GXP) енгізілді. GXP стандарттарының құрамына тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дәріханалық практика (GPP), тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) кіреді. Жоғарыда аталған стандарттарды ұстану – дайын өнімнің сапасын бақылау жүйесінен оның сапасын қамтамасыз ету мен халықты қауіпсіз әрі тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесіне өтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда GXP стандарттарын «Нобель АФФ» АҚ, «Химфарм» АҚ, «Вива Фарм» ЖШС, «Эйкос» Ж…

0
0
394

Қазақстандағы ашаршылық зұлматына байланысты қазақтардың Батыс Сібірге босқыншылығы

Кейбір жергілікті тұрғындар, шовинистік пиғылдағылар «қазақтар орыс балаларының етін жейді» деген әңгімелер таратуына байланысты жергілікті тұрғындардың қазақтарды өлтірген оқиғалары да орын алдыҚазақстанда жүргізілген «бай-құлақтармен» күресу, зорлап отырықшылдандыру мен ұжымдастыру саясаты бойынша барлық малды ортақтандыру арқылы етке өткізу науқанының нәтижесінде мал басы күрт азайып, оның аяғы бұрын-соңды болмаған ашаршылыққа соқтырды. Бұл ашаршылықтың ауқымы 1918-1919 және 1921-1922 жылдары болған сұрапыл ашаршылықтан да зор болды. 1931-1933 жылдары болған кезекті ашаршылық кемінде төрт миллион адамның өмірін қиды, олардың басым көпшілігі Қазақстанның аумағында қырғынға ұшырады; олар отырған қараша үйлері мен қыстауларында, бір үзім нан іздеп кезіп жүріп өлді, қалаларға жеткендері кө…

-1
0
966

Талдықорғанда «Домбыра пати» өтті

Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні "Сити плюс" сауда кешенінде қаланың белсенді жастарының ұйымдастыруымен "Домбыра пати" өткізілді. Шараның басты мақсаты жастар арасында ұлттық мәдени және рухани құндылықтарды молайту, ұлттық музыка мен ұлттық музыкалық аспаптарды насихаттау болып табылады. Негізінен "Домбыра пати" 3 кезеңнен тұрады, олар: терме, күй және ән айту. "Пати" барысында жүргізуші болады, ол ортаға шығып домбыра пати басталуын жариялап, қатысушыларға домбыра ұсынады. Шараның аудиториясына шектеу қойылмаған, мектеп оқушысынан үлкен буын қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады екен.

0
0
913

Керек пе екен, керек пе екен кешіру? «Аудио өлең» «Ой толғау»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Люсьен Шамбаллани «Нежность»

Бейнематериал авторы – Еркебулан Сексенгалиев «Природа Казахстана»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Керек пе екен, керек пе екен кешіру?

Бүгін дос боп, ертең қас боп кеткенді.

Мүмкін бе екен, мүмкін бе екен гүлдену?

Қурағанға, бұрылса да ол күнге.

 

Балаң щықса жағаңнан, сенің алып,

Мүмкін бе екен, жүректің жыламауы?

Тұрсадағы, бала деп, жүрек соғып,

Мүмкін бе екен, жүректің жыламауы?

 

Туыстарың сынап жатса, алыстан,

Мүмкін бе екен, оларға, сенім құру?

Қамқорым ба, білмедім, әлде дұшпан?

Мүмкін бе екен, бұны мұңсыз түсіну?

 

Қайран ойым, сарқылмаған шыдамым,

Мұңлы түндер, болғаны ма, тек зарым?

Қайран – қайран, қалмады ма амалым?

Қалсадағы, естілмеді-ау дауысым.

0
1
637