БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасындағы маңызды кездесу

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Мемлекеттік қызмет істері Департаменті облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында қолданыстағы «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және Әдеп кодексін түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңесте Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасымен мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшылары қатысып, тақырып бойынша толық мағұлмат берді.
Өз кезегінде аталған басқарма басшысы А.Баймагамбетова басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатырған жұмыстар үнемі өз жалғасын табатындығын жеткізді.
Сонымен бірге, басқарма ұжымына жемқорлық профилактикасы бағытында сауалнама жүргізілді.
