Мазмұнға өту

Жаңа

2015 жылы 122 мыңнан астам қазақстандық мүмкіндігі шектеулі азаматтар оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілді

2015 жылы оңалтудың техникалық жабдықтарымен 122 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар қамтамасыз етіліп, оның ішінде шалғай елді-мекендерде тұратын 4 мыңға жуық адамға оңалту жабдықтары «Қазпошта» АҚ қызметтері арқылы үйлеріне жеткізілді.

Өткен жылдан бері Қазақстанда алғаш рет 300-ден астам балаларға бюджет қаражатының есебінен кохлеарлы импланттардың сөйлеу процессорлары ауыстырылып, күйге келтірілді.  Сонымен бірге, 2015 жылдан бастап есту қабілеті бұзылған 370 балаға кохлеарлы имплантация отасынан кейінгі есту қабілетін оңалту шаралары жалғасып келеді.

Мүгедектерді оңалтуды техникалық жабдықтарымен қамтамасыз ету – оларды қоғамға бейімдеудің басты тетігі болып табылады. 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) мүгедектерді оңалту техникалық жабдықтарының тізімін жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған міндетті гигиеналық жабдықтардың нормалары: жыл сайын берілетін жөргектер саны 480-нен 730-ға, несеп қабылдағыш 12-ден 365 данаға дейін, нәжіс қабылдағыш 12-ден 365 данаға дейін ұлғайтылды.

Ағымдағы жылы ҚР ДСӘДМ мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін жүзеге асыру шараларын жалғастырады. Ол төмендегі мәселелерді қарастырады:

- халықтың жас ерекшеліктеріне қарай мүгедектікті ескерту мен алдын алу, медициналық-әлеуметтік сараптама мен денсаулық сақтау қызметтерін біріктіруді қамтамасыз ету;

- жыл сайынғы еңбекке жарамды тұрғындарды профилактикалық тексеру;

- мүгедек балаларға арналған білім беру бағдарламалары мен стандарттарын қайта қарастыру арқылы инклюзивті білім беруді дамыту, есту және көру қабілеті бұзылған балаларды кезең-кезеңімен оқулықтармен қамтамасыз ету, инклюзивті және арнайы білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, мүгедектерді оқытуға арналған квоталарды белгілеу үшін мамандықтар тізімін қайта қарау;

-Мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияның орындалуын бақылау және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды. ҚР Үкіметі мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітіп, оны кезең-кезеңімен жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда елімізде 627 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар,

 
0
0
421

Біз жемқорлыққа қарсымыз

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы айтылған.

Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері БҚО бойынша департаменті 2016 жылдың 3 наурыз күні Орал қалалық №5 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына мектеп басшылығымен бірлесіп, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Шара барысында Департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері оқушыларға жемқорлық көріністерніе мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру тақырыбында әңгіме қозғап, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

 
0
0
1349

Алжас емес Олжасқа, не Алжасу а Олжасу.

Алжас емес Олжасқа, не Алжасу а Олжасу.

 

АзиЯ ны жазғанда Ол жас еді

Жерді айналып өткенге ол мас еді

Егер қазақ тілінен нәр алмаса

Олжас та бұл күйінде болмас еді.

 

Әттең дейміз, Алжасу оңай екен

Дүниеде жоғалды талай мекен

Тіліменен, ділінен бас тартқанда

Өзгелер кеп, жан-жақтан талайды екен.

 

АзиЯ үшін біз саған бас иеміз

Тек қазақтың тіліне бәс тікпеңіз

Бұл өмірден, өтсеңіз сөйлей алмай

Әрине, сізден дағы жиренеміз.

 

Әттең дейміз, қазақтың бетке ұстары

Неге тілден безініп, шетті ұстанды

Неге ғана жауығып ана тілге

Орыс тілсіз күн жоқ деп қуыстанды.

 

Екі тіл біл, он тіл біл, шамаң келсе

Таппассың ешбір пайда тілің өлсе

Өз тілінен халқыңды аластатсаң

Мәңгілік бола алмайды, құр өлексе.

 

Кешірерсіз Олжеке, асып айтсақ,

Жасырмай ойымызды басып айтсақ.

Күлкі болма халқыңа асыл ақын

Сөйлеп қойып байқамай, айтып жаңсақ.

 

За АзиЯ, снимаем шляпу,

Встревожен твой народ, очередному ляпу

Язык предков второстепенен

К сожалению это, подобно кляпу.

 

Вы один из величайщих современников

Неужели так трудно, понять язык соплеменников

Неужели так трудно, не наступать на мозоль

Не чувствовать горечь, не почувствовать боль.

 

Язык родного народа, отодвинув на план второй

Какой вы мангел, какой вы герой

Клялись тысячилетием, били себе в грудь

Что язык казахский, станет как и русский, родной.

 

Увы, года прошли, дернулся язык и поник

Но для казахов их язык, так же велик

Как русский для вас

Уважаемый, почитаемый, единственный для казахов Олжас.

04.03.2016

     
2
3
513

Алжас емес Олжасқа, не Алжасу а Олжасу.

Алжас емес Олжасқа, не Алжасу а Олжасу.

 

АзиЯ ны жазғанда Ол жас еді

Жерді айналып өткенге ол мас еді

Егер қазақ тілінен нәр алмаса

Олжас та бұл күйінде болмас еді.

 

Әттең дейміз, Алжасу оңай екен

Дүниеде жоғалды талай мекен

Тіліменен, ділінен бас тартқанда

Өзгелер кеп, жан-жақтан талайды екен.

 

АзиЯ үшін біз саған бас иеміз

Тек қазақтың тіліне бәс тікпеңіз

Бұл өмірден, өтсеңіз сөйлей алмай

Әрине, сізден дағы жиренеміз.

 

Әттең дейміз, қазақтың бетке ұстары

Неге тілден безініп, шетті ұстанды

Неге ғана жауығып ана тілге

Орыс тілсіз күн жоқ деп қуыстанды.

 

Екі тіл біл, он тіл біл, шамаң келсе

Таппассың ешбір пайда тілің өлсе

Өз тілінен халқыңды аластатсаң

Мәңгілік бола алмайды, құр өлексе.

 

Кешірерсіз Олжеке, асып айтсақ,

Жасырмай ойымызды басып айтсақ.

Күлкі болма халқыңа асыл ақын

Сөйлеп қойып байқамай, айтып жаңсақ.

 

За АзиЯ, снимаем шляпу,

Встревожен твой народ, очередному ляпу

Язык предков второстепенен

К сожалению это, подобно кляпу.

 

Вы один из величайщих современников

Неужели так трудно, понять язык соплеменников

Неужели так трудно, не наступать на мозоль

Не чувствовать горечь, не почувствовать боль.

 

Язык родного народа, отодвинув на план второй

Какой вы мангел, какой вы герой

Клялись тысячилетием, били себе в грудь

Что язык казахский, станет как и русский, родной.

 

Увы, года прошли, дернулся язык и поник

Но для казахов их язык, так же велик

Как русский для вас

Уважаемый, почитаемый, единственный для казахов Олжас.

04.03.2016

     
0
0
574

Xiaomi Mi5: 2016 жылдың ең үздік смартфоны болар

Xiaomi жаңа Mi5 флагманын ұсынды да, басқа смартфондардың жарнамасын бір сермеп жоқ қылды. Қазіргі таңда мүмкіндігі мол, сапасы жақсы, бағасы арзан смартфон осы болып отыр.

Барселонада өткен MWC 2016 көрмесінде Xiaomi жаңа флагман өнімін — көптен күтілген Xiaomi Mi5 смартфонын таныстырды. Осы жолы компания LG менSamsung-тың алдын орап кеткенімен қоймай, өз-өзінен де артық түскен сияқты. Сапасы мен бағасы қатынасы жөнінен – өнімділігі мен құрастыру сапасын айтар болсақ - Mi5-ке бәсекелес болар смартфон әлі жоқ, жақын арада пайда бола қоюы да екіталай.

Жаңа смартфонның 5,15-дюйм және жарқындығы 600 нит Full HD дипслейі бар. Мұндай диагональ 5.5 дюймға қарағанда ыңғайлырақ екенін айта кету керек. Экраны олеофоб жабынды әйнекпен қорғалған. Ең жағымды жаңалық - Mi5-те Adreno 530 графикалық шапшаңдатқышы бар ең жаңа Snapdragon 820 процессоры (1,8 және 2,15 ГГц жиілікті нұсқалары бар) қолданылған: бұл кристалл «тас» алдыңғыда 810 нөмірлі шешімге қарағанда 100% шапшаңырақ.

Сонымен қатар, жаңа смартфонда LPDDR4 жад орнатылған, бұл смартфондарда бұрын қолданылып келген LPDDR3 қарағанда жад өнімділігін 100% арттырады. Қазір Xiaomi Mi5 смартфонының үш нұсқасы шықты деп жарияланды. Базалық нұсқа 3 ГБ жедел және 32 ГБ  тұрақты жадпен жабдықталған, орта бағадағысындағы – сәйкесінше — 4 ГБ және 64 ГБ. Озық үлгісінде 4 ГБ және 128 ГБ жад орнатылған. Айтқандай, мұндағы флэш-жад та қалыптан тыс: жаңа Xiaomiсмартфонында деректер жеткізу жылдамдығы 450 МБ/с UFS 2.0 модульдер пайдаланылған. Жаңа стандарт смартфондардың көпшілігінде қолданылатын eMMC 5.0 стандартынан 87% шапшаңырақ.

Жаңа құрылғының ішкі құрылысының мықтылығы қазіргі қолданыстағы кез келген смартфонмен бәстесе алады. Мысалы, Mi5 негізгі камерасы фазалық автофокусы және суретті тұрақтандырғышы бар  16-мегапиксельді Sony IMX298 модулімен жасақталған. Алдыңғы камерада 4-мегапиксельді модуль қолданылған. 3 000 мА·с есептелген аккумуляторы  Quick Charge 3.0 жылдам қуаттану технологиясына сәйкес келеді.

Дизайн және қолдану ыңғайлылығы жағынан да Xiaomi алда келеді: аппараттың «Басты экранға» қайту батырмасына саусақ таңбасын сканерлейтін құрылғы орнатылған. Смартфонның алды да, арты да әйнекпен қорғалған. Қаңқасы металдан жасалған. Көз үйренген  microUSB орнына жаңа құрылғының негізгі әрі жалғыз сымды интерфейсі – USB Type-C порты.Қазір танымалдығы азайған, сонда да қажеттілігі кемімеген NFC-модуль де орнатылған. Ал сымсыз интерфейстер толық құрамда кіріктірілген: смартфон деректер жеткізу жылдамдығы 600 Мбит/с жететін 4G LTE-A жаңа стандартын және VoLTE дауыс телефониясын қолдайды.

Компания смартфонды үш түрлі түсте шығаруды жоспарлап отыр: ақ, қара және алтын түстес. Алтын түстес нұсқасының артқы қақпағында эксклюзив текстура болады. Xiaomi Mi5 өлшемдері өте ыңғайлы: 144,55 × 69,2 × 7,25 мм (қалыптан тыс экран диагоналі де осы үшін жасалған), ал салмағы бар-жоғы 129 грамм. Өндірушінің деректеріне сүйенсек, осы керемет Antutu-да 140 мың тотықұс жинап, нарықта сөзсіз көш бастар келеді.

Осы көрсеткіштеріне шаққанда, гаджеттің бағасы күлкілі көрінеді (шын мәнінде тым жақсы баға). Процессор жиілігі 1,8 ГГц, жедел жады 3 ГБ, ал тұрақты жады 32 ГБ нұсқасы Қытай нарығында 300 доллар тұрады. Оған қарағанда қуаттырақ, жедел жады дәл сондай, ал процессор жиілігі 2,15 ГГцжәне тұрақты жады 64 ГБ нұсқасы 50 долларға қымбатырақ. Артқы қақпағы керамикадан жасалған, жиілігі 2,15 ГГц, жедел жады 4 ГБ дейін ұлғайтылған, ішкі дерек сақтағышы 128 ГБ озық нұсқасының бағасы – шамамен 415 доллар.

Мұндай нәтижемен жаңа смартфон эталон iPhone 6-мен бәсекелесе алады. Әйтеуір, Antutu тестері, бағасы және камерасына жүргізілген тесттер Қытайда шыққан смартфонның бар жағынан басым түсетінін көрсетіп отыр. Xiaomi өз елінен шыққан бәсекелесі — Meizu Pro5 смартфонын да — тесттер бойынша да, ішкі құрылысы бойынша да (ең алдымен, камерасының оптикалық тұрақтандырғышымен және недәуір қуатты процессорымен) басып озды.

Samsung S7 және LG жаңа флагманымен салыстыруды бұл мақаладан тыс қалдырғымыз келеді. Оқырмандардың да пікірін тыңдасақ дейміз. Қайсы жеңеді деп ойлайсыздар?

Дереккөз: bilim-all.kz

Оқуға кеңес береміз:

Болды осымен... келдік...(Тойота Мираи)

Гипноз туралы ақиқат пен аңыз

Дрондар туралытаңқаларлық алты дерек

1
0
592

Шұжық жасап үйренейік!

Қазақстың дәстүрлі тағамдар жайлы мақалаларды жазуды жалғастырамын. Бүгін біз шұжық жасап үйренеміз. Үйде жасалған шұжық менің ең сүйікті тағамым. Дүкендердегі колбасалармен мүлдем салыстыруға келмес! Қара бұрыш пен сарымсақ қосылған жылқы етінің иісі – тіл үйіреді! Шұжық жасау оңай болғанымен, біраз уақытты алады. Алайда жасап біткеннен кейін, еш өкінбейсіз!

Бізге керегі:

  • 1 кг ет
  • Кішкене майлы жерлері (қоспаса да болады)
  • Тұз қалауыңызға қарай (мен 2-3 қасық қосамын)
  • Қара бұрыш
  • 6 тал Сарымсақ
  • Жылқы ішектері (70 саниметрдей жетеді)

  • Етті және майды кішкене бөлшектерге тураймыз да, тұз бен қара бұрыш және сарымсақты қосамыз.Етті бір ыдысқа салып 2-3 күнге, я болмаса 1 тәулікке тоңазытқыштың ішіне қоямыз. Біраз тұрсын деген себебім, ет жібу керек, әйтпесе жылқының еті қатты болады.

  • Біраз күн өтті. Енді ішектен бастайық. Жақсылап тұрып 3-4 мәрте суық сумен, артынша ыстық сумен жуамыз. Содан кейін тұзды суға 1-2 сағатқа салып қоямыз. Тұз бетіндегі терісінен тез тазаруға көмектеседі.
  • Тоңазытқышта тұрған етімізді 2 сантиметр болатындай кішкене бөліктерге тураймыз.

  • Енді шұжықты толтыруға кірісеміз. Ішектің бір ұшын жақсылап жіппен байлап аламыз да, ішіне етті сала бастаймыз. Бұны жасау оңай емес. Себебі, ішек өте тайғақ және қолдан сырғанап кететіндей болып тұрады. Егер тым тайғақ болса, матамен ұстап та жасауға болады. Ішектің ішіне етті мықымдап салмаңыз, әйтепесе жарылып кетуі мүмкін.
  • Шұжықтың ұзындығы ішектің көлеміне және ішіне қанша мөлшерде ет салғаныңызға байланысты. Шұжықты қатты ұзын етіп жасамаңыз. Етті ішіне толтырып біткеннен кейін, ішектің екінші жағын да жақсылап жіппен байлап тастаңыз. Кейбіреулері, жіптің орнына тіс шұқығышты да қолданып жатады.Енді біздің жартылай дайын өніміміз біраз ілініп тұру керек. Содан кейін, шұжықты тоңазытқышқа саламыз, бірақ мен салмаймын. Себебі етті біз өзі де ұзақ уақыт тұздауға жіберген едік.

  • Енді шұжықты қазанға саламыз, суық су құйып, астындағы отты бәсеңдетеміз де, 2-3 сағат қайнатамыз. Судың ішіне тұз салмаймыз. Су қайнағаннан кейін, міндетті түрде шұжықты екі-үш жерден тесу керек. Дайын болған тағамды судан алмай, суытамыз, содан кейін ғана турай берсе болады.

Ас дайын! Енді дөңгелек етіп кесіп, ләзаттанып дәмін татуға болады.

 

-

4
0
13215

Наурыз мейрамына арналған бешпармақты қалай дайындаймыз?

Шынымды айтсам, ең алғашқы бешпармақты жасау үшін мен көп дайындық жасадым. Бешпармақты дайындай бастағанда бір нәрсені түсіндім: бұл тамақ тек дәмді ғана емес, сонымен қатар жасағанға да өте оңай. Сонымен мен сіздермен Наурыз мерекесі қарсаңындағы өзімнің бешпармақты дайындау әдісімен бөліскім келіп отыр.

Құрамы:
-          2 кг қой еті ( сиыр еті де болады, ал жылқы еті тіптен дәмді)
-          4 ірі пяиз
-          Жасыл бұршақ
-          Лавр жапырағы
-          Тұз

-          Жайма нан

Жайма нанға арналған қамыр:
-          600 гр ұн
-          1  шыны су
-          2 жұмыртқа
-          Тұз

Ең алдымен, етті жуамыз, қазанға салып, су құямыз. Бешпармақтың сорпасы дәмді болу үшін тек ет қана емес, сүйекті де салған дұрыс. Қазандағы ет қайнағанна кейін, көбігін алып, астындағы отты азайтамыз. Енді сорпаға тұз және жасыл бұршақ салсақ болады. Сорпаның түрі тәбетті ашатындай болу үшін, мен пияз және сәбізді қосамын. Етті піскенге дейін қайнатамыз.

Ал ет қайнағанға дейін уақытты жоғалтпай қамыр илеуге кірісеміз. Ол үшін бізге керегі тек қана су, жұмыртқа, ұн және бір кішкентай қасық тұз керек – оп-оңай! Нанды жақсылап илеп, бетін орамалмен жауып, 30 минут тындырып қоямыз.

Қамыр біраз тұрғаннан кейін, үстелдің үстіне жая бастаймыз. Нанның қалыңдығы жұқа болу керек. Сонымен қатар, арасында ұн сеуіп тұруды да ұмытып кетпеу керек. Иә, бұл оңай емес! Алайда, қолыңыздан келетініне сенемін. Есте сақтаңыз: нан қолға немесе үстел үстіне жабыспау керек.

Жайылған қамырды төртбұрыштап турап, 30 минуттай кебуге қалдырып қоямыз.

Етіміз де пісіп қалды. Әзірге қазаннан шығарып қоя тұрамыз. Сонымен қатар, сорпаның ішіндегі көкеністердің барлығын алып, сорпаны сүзгіден өткізіп аламыз.

Етті сүйектен ажыратып алып, кесек-кесек етіп тураймыз.

Енді тұздық жасауға кірісеміз. Ол үшін сорпаның бетіндегі майлысын сүзіп алып, ішіне дөңгелеп етіп туралған пиязды саламыз. Тұздыққа ерекше дәм беру үшін ішіне қара бұрыш салып, пияз жұмсарғанша дейін қайнатамыз.

Пиязды аламыз, сол сорпаның ішіне тағы сұйық сорпаны құйып, жайма нанды пісіре бастаймыз. Небәрі 5-7 минут! Жайманы шығарып, бетіндегі сорпасын ағызып аламыз. Содан кейін, қамырды дайын табаққа саламыз. Жайманың бетіне ет саламыз. Егер де ет суып қалса, бір рет сорпаға қайнатып алған дұрыс. Еттің бетіне пияз саламыз. Қалауыңыз бойынша, ең бетіне жасыл жапырақтармен де безендіріп қойсаңыз болады.

Ең соңыда кесеге ыстық сорпа құйып, жанын құрт салып беруді ұмытпаңыз. Сонымен дастарқанның патшасы бешпармақта дайын болды!

 

3
1
2803

«Дауларды шешудің баламалы тәсілдері, бітімге келу рәсімдері – қалпына келтіру сот төрелігінің негізі»

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жақып Асановтың «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі мен құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» атты халықаралық конференцияда сөйлейтін сөздерінің тезистері

Төрт жыл бұрын, 2012 жылы біз прокуратурада «бізде неліктен талап арыздар мен шағымдар тым көп?» деген сұраққа жауап іздеген едік

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/daulardy-sheshudin-balamaly-tsilderi-bitimge-kelu-rsimderi-kalpyna-keltiru-sot

 
0
0
559

Алматы хайуанаттар бағында күтімнің нашарлығына байланысты қар барыстары көз жұмды

Мекеме директоры Қанат Каримов Алматы хайуанаттар бағында нашар күтімге байланысты қар барыстары қайтыс болды деп атап өтті.

Әлеуметтік желілерде Алматы хайуанаттар паркінде жұмбақ жағдайда барыстары жоғалып кеткендігі туралы ақпарат таратылған. Каримов жануарлар өмір сүру ортасының нашарлығынан көз жұмды деп, ол қауесетті жоққа шығарды. Өлім себебі - күтім нашарлығы.

Қанат Каримовтің айтуынша, Алматы хайуанаттар бағында 2012 жылы қызыл кітапқа енгізілген қар барысы Польша, Жапония, Франция, Қырғызстандағы хайуанаттар бақтарынан  алмасу немесе сыйға берілу нәтижесінде пайда болған.

Қоршау өзеннің маңында орналасқандықтан, дымқыл және ылғал орта барыстардың ауыруына әкеліп соққан. Нәтижесінде барыстар екі жақты пневмонияға шалдыққан.

Хайуанаттар бағында бірнеше жылдың ішінде 6 барыс өлген. Директордың айтуынша, қазір белгілі сәулетші Питер Разбах хайуанаттар бағын қайта құру үшін мастер-жоспарын пысықтауда. Сәуір айында оны таныстыратын болады. Барлық қоршаулар, барыс корпусын қоса алғанда, олардың табиғи ортасына жақын орналасатын болады.

Сондай-ақ, Қанат Каримов хайуанаттар бағында жаңа қоршаулар дайындалатынын атап өтті, олар қыркүйекте пайда болуы мүмкін.

 

1
0
1522

«Мал» деген — жаман теңеу, бірақ «мал болмайды» деген де дәреже бар

Нұрлан Сәдірді көпшілік санэпидқадағалау саласының маманы, блогер ретінде жақсы біледі. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметінде. Фейсбук желісінде қоғамның кері кеткен тұстарын уытты тілмен сойып салып отырады. Сынаған нысанын сілейте соғады. Қара сөздің мән-мағынасына терең бойлайтын ойы жүйрік азаматтың тіркестерін газет бетіне жариялап отыруға рұқсатын алдық.

***

«Мақтамен бауыздау» «мақтаумен бауыздау»-дың қасында түк емес-ау

***

Арыңмен дос болу үшін артың бос болмау керек

***

Жүректі жігіттер азайған сайын өңешті, азқазанды, өкпелі жігіттер көбейе түседі

***

Тауарлардың қақы бар, адамдардың құқы бар. Қақ құқты тапамаса, қақ-соқпен ісіміз болар ма еді

***

Адамдар ақшаны айналдырады, ақша адамды айналдырады. Уақыт екеуін де топыраққа айналдырады. Топырақтан шыққан нәрсенің бәрін адам ақшаға айналдырады. Адам ақшаға айналады. Айналайындар-ау, айналмасаңдаршы!..

***

«Бақыттың ішіне бәрі сияды» дейді. Рас. Біреулердің бақытының ішіне өзгелердің бақытсыздығы да сиып кетеді.

***

Баласын лақтырып кеткенді айыптап, елді лақтырғандар жайлы үндемейтін қоғамды өркениет көп ұзамай үлкен жолдың бойына лақтырып кетеді.

***

- Осы қазекем неге «бес күндік жалған» деп сөйлейді, қалған екі күн ше?

- Өй, ол екі күн демалыс қой. Бес күн жалғанға екі күн жалғанған, жалғанғанның саған да жағатыны жалған емес қой
- Иә, бәпше-ты. Тек мараль қандай?
- «Жеті күннің бәрін жалған қылма, демалысыңды дұрыс өткіз!» деген сөз

***

Осы минздрав темекінің зиян екені жайлы қоймастан ескертеді де, араққа келгенде неге үндемей қалады. Темекінің қорабына жазылатын жанашыр сөздер мен жаман суреттерді арақтың этикеткасына да түсіруге неге батылдары бармайтынын түсіне алмай-ақ қойдым.

***

Биыл қыс басталар алдында батысқазақстандықтар арғы және бергі жоғарыға қымбаттап кеткен тарифті уайымдап дұға және арыз қылыпты-мыс. Бір қызығы, арғы жоғарыға жасалған дұға бергіге жолданған арызға қарағанда тезірек жетіп, тариф қаншалықты қымбаттаса, ауа райын соншалықты жылытылды (сыртта телегей-теңіз болып еріп жатқанына қарағанда тариф соншалықты қымбаттаған болып тұр ғой, масқара-ай). Ал бергі жоғарыдан әлі хабар жоқ. Арғы жоғарыдағы мерзімінен бұрын көктем әкелуімен айналысқан кезде, бергі жоғарыдағы мерзімінен бұрын сайлау өткізумен айналысуда. Бәлки, бірінші тірлікке қарағанда екіншісінің әбігері көптеу шығар. Былш-былш еткен жерде былшылдаудан басқа ештеңе бітірмейтін біз қайдан білейік

***

Патшалық ресей кезінде де, сәбет үкіметі кезінде де ұлтаралық қарым-қатынас емес, ұлтарақаралық қарым-қатынас болды. Қос қанды империя да қарамағындағы ұлттарды ұлтсыздықтың не өзге бір ұлттың ұлтарағы қылуға тырысып бақты. Сол саясаттың сызы әлі де сезіледі, оны сездірмеуге ұлтарақ ұстанымдардың қауқары жетер емес

***

- Жаңалықтарды неге бет-аузыңызды тыжырайтып қарайсыз, шеше?

- Қайтейін енді, түсініксіз сөйлейді, нақты айтпайды
- Мысалмен сөйлеңіз, мысалмен
- Мысалы, «әділетсіздік орын алды» дейді де нешінші орын алғанын айтпайды

***

Жасанды жеміс, жасанды сүт, жасанды ет, жасанды киім, жасанды күлкі, жасанды ... Жасасын біздің жасанды өмір!

***

«Мал» деген - жаман теңеу, бірақ «мал болмайды» деген де дәреже бар.

***

- Ау, кімсің, қайда барасың?

- Бірыңғай зейнетақы қорымын ғой, экономиканы несиелеуге кетіп барамын
- Несін илеуге кетіп барамын, - дейсің?
- Несиелеуге, - деймін
- Оны несіне илейсің, несиелейсің дегенім?
- Мұнайдың құны құлап бара жатыр
- Соны сенімен тірегісі келеді, иә? Жарайды, қор құлап кетпесе болды
- Иә, қор болып кетпесем, болды ...

***

Тәрбие ісі осы қалпында қала беретін болса, болашақта бала болып көрмеген ересектер мен есея алмайтын балалар пайда болуы әбден мүмкін.

***

Бүгін үшінші сыныпта оқитын ұлым дастархан басында Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Ақан сері жайлы әңгіме айтып отыр. Оу, бұл бала Балқадиша, Гәккулерді қайдан біледі?!-деп сұрастыра кетсем, «міне» деп үшінші сыныптың музыка оқулығын көрсетіп жатыр. Сөйтсем, бастауыш мектептің оқу бағдарламасының өзінде біраз дүние бар екен ғой. Апырау, қанша жерден көңіліміз толмай жүрсе де егемендіктің аты егеменділік екен ғой! Әйтпесе, бұл баламның жасында мен топпен бірге «По долинам и по взгорьям», «С чего начинается Родина»-ны шырқап жүр едім ғой.

***

Болашақта бәзбіреулердің моласында «бәленше түгенше кезде өмір сүрген» деген жазудың орнына «... өмір сүргізбеген» деген жазба тұруы әбден мүмкін.

***

«Бізде де бағаны көтерді» деп балаларым «алты» алып келе ме деп қорқып жүрмін...

 
0
0
1599