Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО-да Алғыс айту күні атап өтілді

2016 жылдың 14 қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қаулысымен, көктемнің алғашқы күні алғыс айту күні болып аталды.

Алғыс айту күні мерекесінің мақсаты ортақ тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-бірін және қазақтарды қолдауы арқасында бірге өткерген қиыншылықтарды ұмытпау негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту болып табылады.

Осыған орай, Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 1 наурызында Орал қаласының Сырым Датұлы алаңында облыс тұрғындары айтулы мерекені тойлады. Алаңға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен еріктілері, университет студенттері, колледж оқушылары және тағы басқалары жиналды.

Бұл күні барлық адамның өз отбасына, достарына, туыстарына және тіптен жылы қарым-қатынасы үшін таныстарына алғыстарын білдіретін мүмкіндіктері бар.

«Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде қазақстандық патриотизмді нығайту факторының міндеттері болып жалпыұлттық топтасу, ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық татулық табылады.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Шара театрландырылған концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

0
0
448

Халықаралық сарапшылар есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу мәселелерін талқылады

1 наурызда Астанада «Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер бойынша сот ісінің мониторингі» аймақтық бағдарламасының нәтижелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/halykaralyk-sarapshylar-esirtkinin-zansyz-aynalymyna-baylanysty-kylmystyk-ister-boyynsha-sot

0
0
386

Ризашылық күні

Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?!

Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде,

Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.

Қайтер едік, өмірге келмегенде.

29 ақпан күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында қиын өмірлік жағдайға душар болған мекемелер арасында, оның ішінде «Самал» оңалту орталығымен де меморандумға қол қойылды. Бүгін 1 наурыз күні ризашылық күніне орай аталған орталықта «Алғыс білдіреміз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Меморандумға сәйкес  Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінің қызметкерлері арнайы шақыртылды.

Өмірге деген басқаша көзқараспен қарайтын жандар бұл шарада ерекше өнер көрсетті. Тағдырдың тәлкегіне мойымаған орталық тәрбиеленушілері өмірді сүйетіндерін әнмен қоса суреттерімен жеткізді. Оқушылардың ата-аналары ыстық лебіздерін жеткізіп, алғыс білдірді.

 
0
0
1866

«Алғыс айту күні»

Биыл елімізде алғаш рет 1 наурызда Алғыс айту күні тойлануда. Елбасы бұл мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өтуді ұсынған еді. Алғыс айту күні- барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні ғана емес, бұл балалардың ата-анасына деген алғысы, әрбір адамның отбасына деген алғысы. Бұл күні кітапханамызда «Алғыс айту күні» атты акция өтті. Кітапханашылар өз оқырмандарын жылы шыраймен қарсы алып, оларға жаңа мереке туралы мәлімет беріп, Қазақстанда тұратын барша халыққа арналған кітаптармен таныстыра отырып, оқырмандарымызға алғыс білдіріп, оларға тәтті тағамдар ұсындық.

0
0
1703

Арнайы прокурорлар институтының рөлі мен міндеті: тарихы және бүгіні.

Біздің арнайы прокурорлардың қызметі жайлы сұхбатымыз Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі Ұлықбек Патсаевпен өрбіген еді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/arnayy-prokurorlar-institutynyn-roli-men-mindeti-tarihy-zhne-bugini

0
0
442

Қазақстан азаматын Әзірбайжаннан экстрадициялау туралы БАҚ үшін ақпарат.

Қазақстан Республикасының азаматы Афет Гасанов ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену және ысырап жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Бакуден экстрадицияланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-azamatyn-zirbayzhannan-ekstradiciyalau-turaly-bak-ushin-akparat-astana

0
0
436

2015 жылы 97 мыңнан астам азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды

2015 жылы 97,2 мың адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Оның ішінде 92,1 мың азаматқа 735 мемлекеттік мекемелерде, 5,1 мың адамға үкіметтік емес ұйымдарда (әрі қарай – ҮЕҰ) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Былтырғы жылы үкіметтік емес ұйым секторындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен 81 ҮЕҰ айналысты.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарда пайда болған әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, сонымен бірге, оларға өзге азаматтармен тең дәрежеде қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндік беретін кешенді қызмет көрсету.

Бұл қызметтерді мемлекет кепілдендіреді. Сонымен қатар, аталған қызмет жетімдік, панасыздық, әумесерлік мінез-құлық, мүгедектік, жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмағанда, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққанда, үйсіздік, мерзімінен бұрын шартты босату, қатігез қарау жағдайында тегін көрсетіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер оған мұқтаж адамның тіршілік әрекетіндегі 8 саласында: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жеке ерекшеліктерін ескере отырып көрсетіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметтің бір түрі – мүгедектігі, психоневрологиялық аурулары бар адамдар, сонымен қатар, тірек-қимыл аппараттары бұзылған балалар және қарттарға арналған интернат-үйлердің балама түрін жасау болып табылады.

Қызмет көрсетудің мұндай түрі қазіргі таңда мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлімдерді белсенді дамыту желісі болып табылады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі биылғы жылы аталған қызметтерді ҮЕҰ немесе жеке құрылымдарға аутсорсинг түрінде беру арқылы дамыту бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл 548 баланы өз отбасына қайтаруға, аталған ұйымдарға баратын балалардың 500-ден астам ата-анасын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, стационарлық түрдегі медициналық-әлеуметтік ұйымдарды әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына айналдыру арқылы өзге санаттағы азаматтарға бюджеттен ғана емес, ақылы негізде аталған қызметтерді көрсету жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, арнаулы әлеуметтік қызмет жүйесін енгізгеннен бастап, қызметпен қамтамасыз етілген азаматтардың саны 2009 жылы  72,4 мың адамнан 2015 жылы 97,2 мың адамға (34 %-ға) ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды. ҚР Үкіметі 2012-2018 жылдарға арналған Мүгедектердің құқықтарын қорғау және өмір сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдап, кезең-кезеңмен іске асыруда. Аталған жоспардың негізгі бағыттарының бірі – арнаулы әлеуметтік және оңалту қызметтерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда 627 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

 
0
0
389

АШМ-ның қоғамдық кеңесі жанынан алты салалық комиссия құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен министрліктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында кеңестің төрағасы, хатшысы тағайындалып, Президиумның құрамы және бірқатар комиссиялар бекітілді.

Кеңестің төрағасы ретінде қазір ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесін басқарып отырған Михаил Трошихин тағайындалды. Кеңестің хатшысы қызметіне Степан Лепешко тағайындалды.

Сондай-ақ, алты салалық комиссия, атап айтсақ, өсімдік шаруашылығы; мал шаруашылығы; су ресурстары; орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі; аграрлы білім, ғылым, өндіріс, ауыл шаруашылығы кешенінің кадрлық әлеуетін дамытуды  интегациялау; бюджет қызметі мен жемқорлыққа қарсы  істер жөніндегі комиссиялар құрылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевтің айтуынша, бұл комиссиялар қоғамдық бақылау жүргізіп, әртүрлі қоғамдық топтар құруға құқылы.

 
0
0
413

Жария ету бойынша бюджетке 3,2 млрд.теңге түсті

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  787,1 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 78 290 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 591,5 млрд. теңгеге 65 687 тұрғын үй объекті;

- сомасы 186,4 млрд. теңгеге 33 641 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 8 015 млрд.теңгеге 130,0 коммерциялық объект;

- сомасы 5,0 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 27 қатысу үлесі;

- сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

63 031 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 499,3 млрд. теңгеге жария етілді

 

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 200,0 млн тенге құрайтын 44 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

- сомасы 1 128,0 млн. тг құрайтын 38 тұрғын үй объекті;

- сомасы 8,3 млн. тг құрайтын   3 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде -6,1 млн. тг құрайтын 2 коммерциялық обьекті.

- сомасы  3,7 млн. тг құрайтын, 3 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;

- 60,0 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 1 147,5 млн. теңгеге 43 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

 

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 25.02.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 335,1 млрд.теңге ақшаны жария етуге   398  жинақ шот ашылды, (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені  273,9 млрд.теңге) соның ішінде:

оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;

216,9 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына 141 декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

37,3 млрд.теңге әлі декларацияланбады

289,6 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді, соның ішінде:

2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге;

145 декларация бойынша 208,7 млрд.теңге.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша декларация түскен жоқ.

 

25.02.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,2 млрд.теңге түсті

0
0
294