Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – заман талабы.
2016 жылдың 1 наурызында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде оқытушылар және оқушылардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – заман талабы» тақырыбында семинар өтті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде сыбайлас жем0орлы0 профилактикасы басқармасының басшысы қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізігі бағыттары мен оны жүзеге асырылуы туралы таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға әр адамның үлес қосуы маңызды екендігін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларды ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптарымен таныстырылды.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

