Мазмұнға өту
sana_kz

sana_kz

Сайтта 2016 ж. 28 ақпанКазахстан, Астана

"SANA" республикалық газеті

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

«Мал» деген — жаман теңеу, бірақ «мал болмайды» деген де дәреже бар

Нұрлан Сәдірді көпшілік санэпидқадағалау саласының маманы, блогер ретінде жақсы біледі. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметінде. Фейсбук желісінде қоғамның кері кеткен тұстарын уытты тілмен сойып салып отырады. Сынаған нысанын сілейте соғады. Қара сөздің мән-мағынасына терең бойлайтын ойы жүйрік азаматтың тіркестерін газет бетіне жариялап отыруға рұқсатын алдық. *** «Мақтамен бауыздау» «мақтаумен бауыздау»-дың қасында түк емес-ау *** Арыңмен дос болу үшін артың бос болмау керек *** Жүректі жігіттер азайған сайын өңешті, азқазанды, өкпелі жігіттер көбейе түседі *** Тауарлардың қақы бар, адамдардың құқы бар. Қақ құқты тапамаса, қақ-соқпен ісіміз болар ма еді *** Адамдар ақшаны айналдырады, ақша адамды айналдырады. Уақыт екеуін…

0
0
1532

Еркектер қуатынан қалай айырылды?

Біздің дәуір – техника дәуірі. Неше түрлі құлтемірлер ғасырына тап келдік. Әрекетіңді емес, ойыңдағыңды жасайтын техника ойлап таптық. Адамзат жетістігінің, адамзат мүмкіндігінің шексіздігін бағындырдық. Алайда бұл адамның физикалық мүмкіндігінің тоқырауына келіп тірелді. Бұл жағдай әлеммен бірге тыныстап отырған қазақ қоғамын да айналып өтпеді. Еуропада жылына миллиондаған адам семіздіктен зардап шегеді. Әзірге Қазақстан бұл қатарға кіре қойған жоқ. Есесіне кеше ғана сол батыс «Кентаврлар» атаған адам-жылқылардың ұрпағы бүгінде кемтар. Кемтар емей немене ел азаматтарының 50 пайыздан көбі белсіздікпен ауырады. Әрбір үш еркектің бірі простатит, өмірге әкелген ұрпағы әлжуаз. Ерте қартаяды, жүрек аурулары көп, қанқысым, буын аурулары бүгінгі адамдарда екінің бірінде кездесетін сырқатқа айнал…

1
0
1852

Абыл АЯШ: «Әкем қайда барса да мені інім деп таныстыратын»

Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың ұлы Аяш Абыл Табылдыұлы қазіргі таңда Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Эстрадалық вокал» бөлімінің 3-курс студенті. -Абыл, өнер жолын таңдауыңызға әкеңіз себепкер болды ма? - Иә, бұл бағытты таңдауға себеп болған әкем және әкемнің өнері. Өйткені әкем еш уақытта музыкалық білім алмаған адам. Мамандығы журналист болды. Әкемнің өлеңдерін таза профессионалды түрде нотаға түсіріп, болашақта кәсіби шеберлікпен орындау үшін осы музыка мамандығын таңдадым. - Қазір әкеңіздің әндерін өзі сияқты жоғарғы деңгейде орындап жүрсіз. Сонда сізді әкеңіз кішкентайыңыздан өнерге баулығаны ма? - Жоқ, әкем көзі тірісінде мені өнерге немесе музыкаға мүлдем баулыған емес. Ол кісінің көзінше «әу» деп көргенім жоқ. Бала күнімде түрл…

0
0
3036

Нан неге қымбаттады?

Еркін айналым эстафетасы валютамыздан кейін нанымызға берілді. Ауыл шаруашылық министрлігі нан бағасын субсидиялауды тоқтату туралы шешімді былтыр жыл аяғында-ақ қабылдаған болатын. Жұрт алдын ала хабардар болғасын ба, әйтеуір байбалам салып жатқан ешкім жоқ. Орал қаласында нан бағасы ақпанның алғашқы күндері 15-20 теңгеге көтерілді. Әлеуметтік нан бағасы әзірге 50-55 теңге көлемінде. Облыс бойынша 93 наубайхана бар. Олар бағаның өсуін ұн бағасының көтерілгенімен байланыстырды. Экономист мамандар нанның нақты қай бағаны ұстап қаларын айту қиын дейді. Өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты аймақтарда әртүрлі болмақ. Яғни нарықтың өзі біледі. Үкімет 6 жылдан бері нан өндірушілерге қолдау көрсетіп келді. Оларға бидай нарықтық бағадан арзан сатылып отырды. Субсидияларға жыл сайын…

0
0
859

Менің тәрбие сағатым

Шолпан Қыдырниязова – айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Он жеті жасында «Облыс ақыны» атағын алған Шолпан Батырқызы 51 рет айтысқа атысып, соның 29-ында 1-орын иеленген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Шолпан апа тілшілік, түрлі басшылық қызметтерде болып, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысы қызметін абыроймен атқарып барып зейнетке шықты. «Жазира» (1980), «Ерке құс» (1991), «Елігі еркін даланың» (2004), «Қос қанат» (2010) жыр жинақтарының авторы. Бүгінде Шолпан апамыз ойларын Фейсбук желісінде «Менің тәрбие сағатым» айдарымен жазып жүр. Шолпан Батырқызының келісімімен біз газет бетіне жариялап отырмақпыз. Садақа мен той. Садақа -сабыр, той- дабыр, садақа- құран, той-жыр,ән. Ұраннан қалсаң да құраннан қалма. Бұрын қайтыс болған жанның…

0
0
3987