Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 17% деңгейінде қалдырды

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені пайыздық мөлшерлемелердің +/- 2 пайыздық тармақ болатын симметриялық дәлізімен 17% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлемелер өтімділік беру бойынша 19% деңгейінде және өтімділікті алу бойынша 15% мөлшерінде сақталды.
Базалық мөлшерлеме деңгейі туралы шешім қабылдау кезінде баға тұрақтылығын, қаржы тұрақтылығына қолдау көрсетуді және экономиканың өсу перспективаларын қамтамасыз ету тәуекелдері ескерілді. Мөлшерлеменің қазіргі деңгейін экономиканың баяулауы жағдайында сақтау теңгемен активтерге деген сұранысқа қолдау көрсету қажеттілігін көрсетеді.
Ішкі қаржы нарығындағы ахуал банк салымшыларының валюталық қалауындағы тұрақтылықты көрсетеді - банктерде депозиттерді долларландыру процесі тоқтады. Ұлттық банктің теңге құралдарының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралары халықтың ұлттық валютадағы депозиттер пайдасына басымдық беруіне біртіндеп өзгеріс енгізуге әсер етуін жалғастыратын болады.
2016 жылғы ақпандағы қорытынды бойынша инфляция деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша 15,2%-ды құрады. Инфляция серпінін айқындайтын факторлар бұрынғысынша қалды. Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылы жылдық инфляция екінші жартыжылдықта баяулап, жылдың соңына қарай нысаналы 6-8% дәліздің жоғарғы шегіне жақындайды деп күтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 2016 жылғы 5 мамырда жарияланатын болады.

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені пайыздық мөлшерлемелердің +/- 2 пайыздық тармақ болатын симметриялық дәлізімен 17% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлемелер өтімділік беру бойынша 19% деңгейінде және өтімділікті алу бойынша 15% мөлшерінде сақталды.
Базалық мөлшерлеме деңгейі туралы шешім қабылдау кезінде баға тұрақтылығын, қаржы тұрақтылығына қолдау көрсетуді және экономиканың өсу перспективаларын қамтамасыз ету тәуекелдері ескерілді. Мөлшерлеменің қазіргі деңгейін экономиканың баяулауы жағдайында сақтау теңгемен активтерге деген сұранысқа қолдау көрсету қажеттілігін көрсетеді.
Ішкі қаржы нарығындағы ахуал банк салымшыларының валюталық қалауындағы тұрақтылықты көрсетеді - банктерде депозиттерді долларландыру процесі тоқтады. Ұлттық банктің теңге құралдарының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралары халықтың ұлттық валютадағы депозиттер пайдасына басымдық беруіне біртіндеп өзгеріс енгізуге әсер етуін жалғастыратын болады.
2016 жылғы ақпандағы қорытынды бойынша инфляция деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша 15,2%-ды құрады. Инфляция серпінін айқындайтын факторлар бұрынғысынша қалды. Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылы жылдық инфляция екінші жартыжылдықта баяулап, жылдың соңына қарай нысаналы 6-8% дәліздің жоғарғы шегіне жақындайды деп күтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 2016 жылғы 5 мамырда жарияланатын болады.

http://www.kazinform.kz/kaz/article/2880798

4
0
374

Миы өлген әйел дені сап-сау баланы дүниеге алып келген

Бұл оқиға АҚШ-та орын алған.  Кенеттен әйел көп қан жоғалтып ауруханаға түседі. Жағдайы тым нашарлаған әйелдің ми қыртыстары жұмыс істетуін тоқтатады. Бірақ, жүрек соғуын тоқтатпаған әйел жасанды түтікшемен дем алып, 54 күн бойы жан сақтау бөлімінде жатады.  Ақ халатты абзал жан дәрігерлер аман-сау сәбиді 7 айлық кезінде ота жасап, салмағы 970грамм ұлдың дүниеге келуіне себепкер болған.

 
 

2
0
641

Қытайлықтар жаңа туылған нәрестені жейді.... Қалай? Неге?

Мен бұл материалды  жазбас бұрын көп ойландым. Иә, мен Қытайдың каннибализм жағдайы туралы айтып отырмын. Сонымен қатар бұл іс кез-келген ақыл-есі сау адамды дүр сілкіндірмей қоймайды.

Тіпті бір Қытай аспазы бұл тағамның  қалай жасалатынын жілік-жілігіне дейін бөліп айтып берген. Сонымен қатар ол 2002 жылдан бері шамамен 60-70 сәбидің етінен тағам жасағанында ақтарыла айта кетті. Тіпті бұл оғаш қылығын жоққа да шығармайды.

2
0
1707

Қазаққа көктем келгенде..

Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне орай 18 наурыз Жастар бастамаларын дамыту орталығының аланыңда "Қазаққа көктем келгенде" атты мерекелік іс-шара өтеді. Аталған шарада қазақтың ұлттық тағамдары әзірленіп, қала тұрғындарына таратылады. Сіздерді концерттік бағдарлама мен ұлттық ойындар ойнатылады. Қала жастары мен тұрғындарын мерекелік шарамызға шақырамыз!

 
1
0
811

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының хатшысы С.Райымбаев Павлодар қалалық сотында болды

Бүгін Қазақстан Республикасы Судьялар одағының хатшысы С.Райымбаев жұмыс сапарымен Павлодар қалалық сотына келді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstan-respublikasy-sudyalar-odagynyn-hatshysy-srayymbaev-pavlodar-kalalyk-sotynda-boldy

0
0
513

Мазасыз сыныптың назарын қалай аударуға болады?

Осы мақаланың орыс тіліндегі нұсқасын мына сілтеме арқылы таба аласыздар.

Өз блогымда мұғалімдер мен ата-аналарға арналған «My Classroom» атты бөлімшені ұсынамын. Бұл бөлімше орыс тілінде де, қазақ тілінде де 3 жастан бастап мектеп оқушыларына дейін бағытталған пайдалы ақпаратқа толы болмақ. Осы күнге дейін мақалаларды орыс тілінде жазып келдім, алайда қазақ тілінде де жазған материалдарым сіздерге айтарлықтай пайдасын тигізеді деп үміттенемін.

Мектепте мұғалім болып істегелі, жан-жақтан «Қиын емес пе?», «Қалай балаларды тыңдатасың?», болмаса «Әлі сенің түбіңе жеткен жоқ па?» деген сұрақтарды естіп келемін. Алайда, мен керісінше бала психологиясының кең әлеміне батыл қадам жасаудан тайынбаймын, әрі әріптерістеріммен тәжірибе алмасып, білім беру  мен тәрбие әдістерін дамытуға атсалысқым келеді. Осы бөлімше тек қана мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға да пайдалы болары сөзсіз. Бұл менің мектеп қабырғасындағы алғашқы тәжірибем болғандықтан, жазбаларымның өзіме де мамандығымды одан әрі ұшқындату мақсатында ықпалы зор болмақ.

Мен алты жастағы балаларға сабақ беремін, оларға ағылшын тілінде жазуды, оқуды, математиканы үйретемін, кей кездері әріптестерімді ауыстырғанда жоғары сыныптарға да сабақ беретін жайым бар. Осыған орай, талқыланатын тақырыптарым ағылшын тілін үйренуге, өз тәжірибеме сүйене отырып тұжырымдаған бала тәрбиесі әдістеріне, баланы қалай марапаттауға немесе психологиялық тұрғыда шара қолдану әдістеріне байланысты болмақ.

Төменде келтірілген мысалдар 6-8 жастағы оқушыларға бағытталады.

Егер сыныпта оқушылар шулап, мазасыздық танытса

Сілтеу таяқшасымен партаны ұрып, "Балалар, бері қараңдар!" деп бар дауыспен айқайлап оқушы назарын аудару дұрыс таңдау ма? Мен олай ойламаймын.

Көп жағдайда балалар тілазарлық танытып, тіпте шеттен кетіп те жатады. Осындай кезде, балалармен ойын ретінде алдын ала келісіп алғанды жөн деп көремін. Мысалы, заманға сай олардың қызығушылығынан бастауға болады. Мысалы, мұғалім "Pizza" деп айтса, балалар "Cola" деп хормен жауап қайтара алады. Немесе, мұғалім "Class!" деп айтса, "Yes!" деп балалар жауап бере алады.

Тағы басқа мысалдар:

Мұғалім...

Балалар...

Аuuuu

...Macarena

Holy

...macaroni

1, 2 , 3

..eyes on you

Бұл жердегі бар мақсат - балалардың көңілін басқаша, қызықты жолмен аулау. Әрине, бұл ағылшын тілі сабағы болғандықтан, сіздерге ағылшынша нұсқалар ұсынып отырмын. Бұл әдіс қазақ тілі сабағында да, болмаса басқа да қазақ тілінде жүргізілетін пәндерде де қолдандануға жарайды. Қазақ тілінде мұғалім "Бір, екі, үш" деп айтса, оқушылар "Бойға жинап күш" деп, немесе "Ақ қоян" - "Ұстап алсам жеп қоям" деген сияқты басқа да қызықты ұйқастарды бала назарын аударуда қолдануға болады. Тағы да айта кетерлік жайт, бұл әдістің фокусы балалардың еріксіз бір-бірімен "Кім бірінші ақпаратты қағып алды" дегендей жарыса бастауында. Олар жауап бергеннен кейін тыныштық орнайды, дәл осы кезде, сіз өз сөзіңізді қою мүмкіндігіне ие боласыз.

Егер сіз назар аударудан бұрын, тыныштықты қаласаңыз, қолды жоғары көтеру әдісі арқылы бұл мақсатты жүзеге асыра аласыз. Балалармен осы әдісті бернеше рет қайталағаннан кейін, әдетке айналдыру қиынға соқпайды. Әрине, қолды жоғары көтерген кезде, шулаудан қолы тимей жатқан балалардың барлығы сізді байқай қоймасы анық, бірақ біреуі болмаса, екіншісі міндетті түрде байқап, басқасына "Апай қолын көтерді, тыныш!" деп сыбырлайды. Дәл осы кезде тыныштық дегеннің не екенін түсінгендей боласыз.

Бүгінше осы. Басқа да қызықты тақырыптарды осы бөлімшеде сіздермен бөлісуге асығатын боламын. Назарларыңызға рахмет!

Төменде талқылауға басымнан өткен жағдайды ұсынамын:

Кезекті кітапты алты жастағы екі қыз балаға оқып бергеннен кейін, оларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойдым. Кітапта, сиқыршы басты кейіпкердің жақсы әрекеті үшін, оның кез келген тілегін орындайтындығын айтады. Мен олардан "Егер кейіпкердің орнында сен болғанда, қандай тілек сұраушы едің?" деп сұрадым. Сол кездегі бірінші қыздың жауабы - "Мен ата-анаммен қыдырып Дубайға барғанда көрген фокус-фломастерді сұраушы едім". Ал екіншісі, көп ойлана отырып, өзінде керек заттың бәрі бар екендігін және ештеңе қаламайтындығын айтты. Сол кезде, "Өзінде керек нәрсенің бәрі бар баланың арманы қандай екен?" деген сұрақ туды. Ал сіз осы туралы не ойлайсыз?

5
0
2829

Еттің табаққа тартылу тәртібі

Бүгінде жастарымыздың көбі мал союды білмейді. Білген күннің өзінде көпсандысы мал етін мүшелеп бұзуды біле бермейді. Оқырман біле жүрсін  деген ниетпен мал етінің кейбір мүшелеріне қатысты атауларды ұсынып отырмыз.

03ca259d92c5479f20da5b0b7628cab6

Бас – ірі қарада екі шеке деп аталады.

Жақ – ұсақ малда тілмен тұтас жүреді. Ірі малда жақ екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.

Жақ ет, ұрт ет – ірі қарада бөлек алынып, қазанға бөлек түседі.

Мойын, алты буын – қонаққа, сыйлы адамдарға арналған мүшелі табаққа салынбайды.

Мойын ет – ірі қарада, кейде ұсақ малдың да мойын еті бөлек алынады, онан көбінде қуырдақ жасайды.

Бұғана – екі жақта 3 талдан 6 тал болады, мүше орнына саналады.

Қара қабырға – 6 тал болады, мүшемен бірге табаққа түседі.

Сүбе қабырға – 6 тал, етегімен қосып алынады, таңдаулы мүшелер қатарына жатады.

Қазы – семіз жылқыдан 20 қазыға дейін айналдырылады, оның кейбіреуі қабырғасыз тілініп, басқа малдың ішегіне айналдырылады.

Телше қазы – жылқының сүбесі. Телшені кей жерде мүрлемей жас күйінде асады.

Төс – күйеулер мен келіндерге арналған сыбаға. Жас адамдарға беруге де болады. Қазақ салтында жылқы төсі мен ешкі төсі «жаман күйеуге» беріледі деп есептеледі, кей жерде ірі малдың шершеуі де төске баланады.

Төс ет – жылқы, сиырда осылай аталады. Кесек еттердің таңдаулысы, қуырдақ қуырылады, сүрленеді.

Төстік – ұсақ малда осылай аталады, терісімен істікке шаншып қақтап жейді. Дала аушылығында, жол азыққа төстік көп пайдаланылады.

Төсқалдақ – қой мен ешкінің, әсіресе ешкінің төстігін кей жерлерде төсқалдақ деп атайды.

Төс етек – мал төсінің етек жағындағы кесек ет. Көбінде қуырдаққа қуырылады.

Кеңірдек – соғым сойған кісінің мойын ет жіберіп алған «қол үздігін» осылай атайды.

Ауыз омыртқа – соғым сойған күні табаққа міндетті түрде түсетін мүше, сыйлы қонақтың табағына салуға болмайды.

Кәрі жілік – әр малда екіден болады, жілік мүшесіне кіреді, кей жерде тіпті «кәделі жілік» есептелінеді.

img_5866_0Кәрі жіліктің ойынды еті – екі бөлек болады, оны кәрі жіліктің айдар еті деп те атайды.

Ортан жілік – екеу болады. Мүшелі жілікке жатады.

Ортан жіліктің ойынды еті – екі бөлек болады, жұмсақ ет.

Жауырын – жіліктердің төмен дәрежелісі, көбінде басқа қосылып келеді. Бұл моңғолдарда ең кәделі жілікке жатады.

Жауырынның сұрпы еті – екі бөлек кесек ет.

Асықты жілік – екеу болады. Жамбастан кейінгі таңдаулы мүшеге жатады, сыйлы жастарға, қыз-күйеуге (төспен бірге) тартылады.

Асықты жіліктің айдар еті – екі бөлек болады. Ұсақ малда бірге, ірі қарада бөлек болады.

Тоқбас жілік – қолда болатын, еті молырақ екі жілік.

Тоқбас жіліктің ойынды еті – екі бөлек болады. Оны тобық еті деп те атайды.

Жамбас – екеу болады. Ірі малдың жамбасын екіге бөліп асады, ұсақ малдың жамбасы тұтас асылады. Қай-қайсысы да таңдаулы мүшеге жатады.

Жая – ірі малда осылай аталады. Жылқыда жал-жая қадірлі асқа жатады, сүрленеді.

60dd91b4ac6ebe8f15e9ba2b7c7cf607Жаяның еті – ірі қараның жая етін 4-5 бөлікке бөліп асуға, сүрлеуге болады.

Белдеме – қой-ешкіде осылай аталады. Белдемше, мықын, ұша дейтіндер де бар. Таңдаулы мүшеге жатады.

Жалпақ омыртқа – ірі қараның белдемесі. Таңдаулы мүшеге жатады, сүрлеуге болады.

Бәлекей омыртқа – қол омыртқа деушілер де бар. Кіші дәрежелі омыртқаға жатады.

Ұзын омыртқа – 6 болады, мұны кей жерде ұша дейді. Жалпақ омыртқаға тең таңдаулы мүше, сүрленеді.

Арқа омыртқа – бұл мүше қой-ешкіде алтыдан болады. Еті өте жұмсақ. Мұны көбінде мибалауға турайды.

Жүрек – көбінде қыз-келіншекке, балаларға берілетін мүше.

Бауыр – майлы етке қосып қуырдаққа туралады.

Көк бауыр – отқа көміп немесе асып жейді.

Бауыр ет (ірі малда) – асып, қақтап жеуге, қуыруға жөргемге қосуға, борша жасауға тиімді саналған.

Бүйрек – екеу болады, балалардың сыбағасы.

Кісіге – жылқының жүрек майы, жұмырлардың бір түрі.

Ұлтабар – ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі. Баспен, кейде жамбаспен бірге табаққа түседі.

Қарта (жылқының қарны) – ең таңдаулы мүшенің бірі.

Қимай (сиырда) – сиырдың майымен айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі.

Тоқ ішек (қой, ешкіде) – ұсақ малдың майлы ішегі, кейде оның ішіне ет, май қосып айналдырып жөргем жасайды.

Тік ішек – тоқ ішектің ұшы, көтенішек деп те аталады. Сүренеді. Салт бойынша көктем кезінде төл басы туғанда алғашқы уызға қосып асады.

Желін – желін май, көбінде үлкендер жағы жейді.

Өркеш – түйенің май жинайтын мүшесі, оны көбінде шыжғырады.

Қомдық – түйенің мүшесі, бұл да шыжғырылады.

Қарын – қой етімен бірге табаққа түседі, қуырылады, жылқы қарны қарта ретінде бас табаққа салынады.

Өкпе – ұсақ малдың өкпесі, қуырылады, табаққа түспейді.

Өңеш – қазан басындағылар жейді, табаққа түспейді.

Жал (6 кертпе) – жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Сүрленеді. Бас табаққа түседі.

Сирақтар – қой-ешкінің сирағын, кейде тайынша-торпақтың сирағын үйтіп пісіреді. Бұл балалардың сыбағасы.

Жалбыршақ қарын (сиырда) – қыз-келіншектің сыбағасы.

Тазқарын (жылқыда) – қыз-келіншектердің сыбағасы.

Бүйен – бүйенге май, ет тығып түйреп әсіп, меңіреу, жұмыр, түймеш дейтін тағамдар жасайды. Көбінде қазан басындағылардың сыбағасы.

Сүріншек – төс сүйектің басы. Ет асқан күндері мұны көбінде күйеудің немесе келіннің мүжіп кеміруіне береді.

   
1
1
3623

Амал мейрамы құтты болсын! На вершине Отпан тау

Праздник весны на западе Казахстана отмечают на неделю раньше Наурыза - праздник Амал мейрамы (также его называют Көрісу) 14 марта здесь, наверное, даже популярнее, чем сам Наурыз. Некоторые этнографы объясняют сохранение самобытных традиций региона тем, что территория нынешней Мангистауской области из-за географического положения, пустынных пространств плато Устюрт долгое время была изолирована от других регионов. Поэтому здесь сохранились многие традиции, верования, легенды, забытые или неизвестные в других областях Казахстана. В день Амала принято обойти всех родственников и друзей, постучаться минимум в 40 дверей, младшие идут в дом старших, приветствуя их за руки, ставят юрты, готовят наурыз-коже.

В статье археолога Андрея Астафьева "Мангистауский Наурыз" очень подробно расписано мнения, почему западные казахи начинают отмечать этот праздник именно 14 марта: "Ответ, вероятно, кроется в системах счета времени, бытовавшего у кочевого населения Казахстана в древности. По преданиям, счет месяцев у казахов определяется луной. Для установления числа месяцев в году казахские есепши (народные астрономы и предсказатели) постоянно наблюдали за движением луны. Их наблюдения дали возможность разделить год на 12 месяцев, месяц - на три декады. Счет времени определялся периодами растущей и убывающей луны. Однако у казахского народа сохранились  отголоски счета времени  и по солнечному календарю, где каждый год делился на 6 месяцев лета и 6 месяцев зимы. Ведя счет времени по луне, кочевники вносили в него поправки по солнечному календарю. В тюркской символике Луна связывалась с мужским началом, а Солнце – с женским. Древние тюрки делили год на четыре цикла: весна, лето, осень и зима. Кроме того, год делился на 24 сезона по 15 дней в каждом. Каждый сезон состоял из трех малых сезонов, в каждом из которых было по 5 дней.  Отправной точкой счета наступления Нового года являлся   день весеннего равноденствия.

Выходит, что в тюркском календаре нет стыковки с датой 14 марта.

Однако, известно, что у тувинцев и монголов счет времени велся девятками дней, которые группировались в четыре температурных цикла, совпадающих в основном с четырьмя сезонами солнечного года. Отсчет велся с зимнего солнцестояния, после которого начинает увеличиваться продолжительность дня. Зимние холодные девять девятидневок - это время "рождения" и "умирания" мороза (с 23 декабря до 14 марта).  С 14 марта наступала весна - время "взросления" листьев и пение кукушки. Следом за началом весны праздновалась дата весеннего равноденствия."

Основные мероприятия, посвящённые празднику, в Мангистау проводятся на горе Отпан тау. Высота горы всего 532 метра, но в области она считается самой высокой. Раньше на ней зажигали огни, чтобы предупредить о военной опасности, теперь огонь зажигается только раз в год в ночь с 13 на 14 марта, чтобы отдать дань памяти предкам. Ежегодно ответственность за зажигание огня передаётся от одного рода к другому, например, в этом году его зажигали потомки Косай-ата.

К сожалению, на сами празднования в этом году не попал, но за пару дней до них после конференции AmalTalks удалось посетить гору Отпан тау и мемориал Адай-ата, который находится на его вершине.

В народных преданиях местных казахов сохранилась информация о неделе между 14 и 22 марта. Возвращаясь к статье Астафьева: "Это время на Мангистау совпадает с Бескунаком, холодным и ветреным периодом. По  казахской легендарной традиции в это время в степи замерзли пять гостей. В мангистауской трактовке это время описывается по иному. Предания упоминают 365 святых, живших здесь, пятеро из которых пришли в эти края и не остались. Среди исследователей происхождения названий месяцев и сезонов казахского народного календаря есть мнение, что соотношение 360 и 5 ничто иное, как полный годовой цикл, определяемый 30-ти дневным месяцем. В конце года к 360 дням прибавлялись 5 - 6 дней, которые ни в один из месяцев не входили, были “чужими” для них, поэтому назывались Бескунак. Казахстанским этнографом М. Искаковым этот период определяется с 17 по 21 марта".

Время сейчас в Мангистау и правда холодное с пронизывающим ветром.

Статуя волка - тотемного животного тюрков на вершине горы.

Центральную часть комплекса, конечно же, занимает мавзолей Адай-ата, родоначальника адайцев. Башни справа и слева от него построены в память о его сыновьях Келимберды и Кудайке.

Ворота.

Название "мавзолей" по отношению к мемориалу не совсем верное, потому что захоронения Адай-ата здесь нет, но внутри всё же установлен кенотаф (имитация захоронения).

Купол мемориала.

Экран с прямой трансляцией камер видеонаблюдения внутри мемориала.

Тамга рода адай - стрела. Каждый год ходят слухи, что во время празднования Көрісу облака на небе возле горы складываются в форме стрелы, но каждый раз люди утверждают, что сфотографировать их не получилось.

У подножия горы построили круглый Аксарай вместимостью до тысячи человек, в котором работает этнографический музей и проводятся различные мероприятия, в том числе и в честь Амала.

Чаша, на которой разжигают огонь в ночь с 13 на 14 марта.

Вид на мемориал со стороны чаши.

Дерево желаний.

Позолоченные купола мемориала в тумане.

Спасибо за внимание!


Подписывайтесь на меня также:

в Твиттере: @YakovFedorov

в Фейсбуке: Яков Фёдоров

22
4
4826

Железин ауданыңда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тамаша тарту жасалды.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев осы жылғы қараша айының 30-ы күнгі Жолдауында «Біз жарты миллионан адам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз» дейін болатын. Осы мақсатты іс жүзіне асыруда Железин ауданында бірқатар жоспарлы істер қолға алынған. Соның бірі- «Жол қартасы 2020 » бағдармаласы аясындағы тұрғын үйлердің құрылысы.

Железин ауданыңда жас жанұяларға  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай   тамаша тарту жасалды.

Ол – екі пәтерлі үйдің тапсырылуы. Қаунышты рәсімге ауданның мемлекеттік қызметкерлері, ардагерлері мен тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі Қ.А. Әбушахманов Елбасының сындарлы саясатын қолдай отырып, баспана мәселесін шешу жолында барынша күш-жігер, мүмкіндіктер қолданылатынын айтты.

Жаңа қонысқа ену бақыты Б. КАйтмұратов пен О.Б.Двинянинаға бұйырды.Үйдің кілттерін табыс етіп тұрып, шаңырақ иелеріне құт-береке, ырыс-ынтымақ тіледі.Бұлардың жеке отауға кіруін қамтамасыз ету әу бастан-ақ ойластырылған болатын.

Себебі, Берекет Бақтыбекұлы жасынан жетім қалып, тағдыр тауқыметін татқан жан. Ал, Ольга Борисовнаның жанұясы- көп балалы. Міне сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, осы екі мұқтаж адамға қуаныш сыйланды.

Аудан мәслихатының хатшысы В.Н. Крутиков өз сөзінде қоныстанушыларға шат- шадыман күннің ұзақтығы мен бақыттың баянды болуына тілектестігін білдірді.

Салтанатты тұсаукесер рәмізін аудан әкімі Қабиболла Аманұлы мен ардагерлер ұйымының төрагасы Қ.Б.Доскиреев орындады. Қазақы дәстүр бойынша шашу шашылды. Орталықтан жылыту жүйесіне қосылған, су құбыры тартылған, жарық үйдің әр бөлмелерін аралап, отау иелері жергілікті басшылыққа алғыстарын жаудырумен боды.

Біз де, сыйға бөленген жанұяларға қоныс тойы құтты болсын дейміз.

   
1
0
408

Бірлік – Тәуелсіздік тірегі

Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты және бүкіл азаматтардың бүкілхалықтық өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы.

Осыған байланысты, 2016 жылдың 10 наурыз күні Орал қалалық білім бөлімінің №12 ЖОББ мектебінде Қазақстан халқы ассамблеясының 21 жылдығына орай, «Бірлік – Тәуелсіздік тірегі» атты іс-шара өтті. Аталған шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері Е.Төлепқалиев қатысып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері аясында қоғамда өмір сүруге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу оның құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын қалыптастыру бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ шара барысында оқушылар әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерінде олардың өлеңдері мен билерін бейледі.

 

0
0
762