Бірлік – Тәуелсіздік тірегі

Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты және бүкіл азаматтардың бүкілхалықтық өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы.
Осыған байланысты, 2016 жылдың 10 наурыз күні Орал қалалық білім бөлімінің №12 ЖОББ мектебінде Қазақстан халқы ассамблеясының 21 жылдығына орай, «Бірлік – Тәуелсіздік тірегі» атты іс-шара өтті. Аталған шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері Е.Төлепқалиев қатысып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері аясында қоғамда өмір сүруге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу оның құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын қалыптастыру бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ шара барысында оқушылар әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерінде олардың өлеңдері мен билерін бейледі.
