Алдағы Мәжіліс сайлауының нәтижесі қалай болады?
20 наурыз күні өтетін мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау қандай нәтижемен аяқталады? Қай саяси партия заң шығарушы органнан қанша орын иеленеді? Депутаттық мандаттан қағылатын қай партия?
20 наурыз күні өтетін мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау қандай нәтижемен аяқталады? Қай саяси партия заң шығарушы органнан қанша орын иеленеді? Депутаттық мандаттан қағылатын қай партия?
Павлодар облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, мұрағаттар, құжаттама басқармасы мен облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – бабалардың арманы» атты ақындар айтысы өтті.

Бұл айтысқа Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығынан» ашылған «Алдаспан» ақындар клубынан суырылып шыққан: Алтынбек Мақсатхан, Мақсат Ғылымнұр, Мизан Жұмаәлі, Қуандық Башой және Абзал Қабдраш суырып салма өнерлерін көрсетті.

Айтыс өнері еліміздің әдебиеті мен тарихында ерекше орын алады. Тәуелсіздік алғанға дейін де бұл өнер бабаларымызбен ғасырлар бойы біте қайнасып,бірге жасап келе жатқан баға жетпес мұра! Тәуелсіздік – еліміздің ең басты құндылығы, халқымыздың үлкен ерекше мерекесі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап кетті.

Бүгінгі айтыстың мақсаты: Тәуелсіз елдігіміздің, жиырма бес жылдағы жетістіктерін, халқымыздың мәдени мұрасын арқау етіп, ұлттық мүддесін, мақсат-мұратын, тіліміз бен дінімізді, халықтар достығын, береке-бірлікті жырға қосу. Орақ тілді, от ауызды, білімді, көңілі ашық, көзі ояу талантты да талапты ақындарды халыққа таныту.
Қазылар алқасының шешімі:
Қос бас жүлде Аспанбек Шұғатаев пен Қуаныш Шарманов (Павлодар)
ІІ – орын Қайрат Нұрғанат (Баянауыл)
ІІІ – орын «Алдаспан» ақындар клубының мүшесі Абзал Қабдрашқа бұйырды.
«Арқалы ақын» номинациясы бойыншы—Рауан Қайдаров (Екібастұз)
«Егемен ел – Еркін ел» номинациясына-----Тілек Сейітов (Баянауыл)
«Тарих - тағылым» номинациясына -- Бейбіт Бөжен (Павлодар)
осы ақындарды лайықты деп тағайындады.
Ақпартты ұсынған: «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының баспасөз сайты.


Ағымдағы жылғы 10 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен Кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда 4 мәселе қаралды.
Алғаш болып СҚО Жер инспекциясы басқармасының басшысы М.Ж. Меңдібаев, қызметтік тәртіпті нығайту жөніндегі атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар мен қызметтік этика нормаларын бұзушылықтар, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
Бұған Әдеп жөніндегі кеңес, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде олардың құқықтарының қорғалуына мемлекеттік бақылау, жер қатынастары саласындағы заңнама талаптарына сай жүргізілуі қажеттігін ескертті.

Содан соң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша СҚО Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының міндетін атқарушы Т.В. Филиппованың ақпараты тыңдалды.
Есепті тыңдаған Кеңес мүшелері, 2015 жылдың қыркүйегінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бірлескен талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және бекітуді тапсырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды.
Бұдан әрі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, оның ішінде қызметтік этиканы бұзушылық фактілері және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар бойынша өтініштермен жұмыс барысы талқыланды. Кеңес хатшылығының аталған бағыттағы қызметімен, отырысқа қатысушыларды Мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының басшысы Д.Қ. Тайшабай хабардар етті.
Мәселен, жыл басынан бері 17 өтініш қаралып, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және айыпты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша тиісті іс-шаралар қабылданғандығы мәлім болды.
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалдарында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен өткізілетін 2016 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді.

http://turkystan.kz/economica/10076
http://turkystan.kz/
Жақын күндері Шымкент қаласының әкімі жұмысына велосипедпен қатынайды. Бұл туралы шаһар басшысы велоспорт саласын дамытуға бағытталған баспасөз мәслихатында мәлім етті.Шымкент әкімі күн жылынған соң жұмысына велосипедпен баратын болды.«Былтырмаған Александр Винокуров велосипед сыйлапедіғой. Солкездекөктембасталғандавелосипедпенжұмысқабарамындегенмін. Күнжылысын. Көресіздер, велосипедпенжұмысқабарамын», - дедіӘбдірахымов.Тек қанаәкімемес, ендіШымкенттежаппайекідөңгелектіқұрылғығаотырунауқаныбасталғалытұр. Себебімаусым-шілдеайларындақалада ««ShymkentBike» автоматтандырылғанстансаларжобасыжүзегеасады. Соғанорайқазіргітаңдақаланыңжолдарыжөнделуде.Жоспарбойынша 200 дана велоқұрылғы 40 стансағақойылады. Оны кезкелгентұрғынжалғаалып, мініпкетуінеболады. Төлемдер карточка арқылыжүргізіледі. Ал егер де тек жартсысағатқааларболсаңыз, олкездеақшатөлемейсіз. Тағыбіратапөтерлігіағымдағыжылдың қыркүйекайындаШымкенттетұңғышретхалықаралық велотур өтеді.Додаға қатысушылар Шымкент арқылы Түркістанға баруы тиіс. Мәре - Яссауи атындағы кесене. Қашықтық – 180 шақырым. Жоспарға сәйкес бұл тур әлемге танымал «Еуроспорт» арнасы арқылы тікелей эфирде көрермен назарына ұсынылады.
http://aikyn.kz/ru/news/show/21600-_k_m_k_l_kten_bas_tartpa_shy
Аспан асты елі Қазақстан өндіретін кез келген өнімді сатып алуға құлшыныс танытуда. Бұл бұрын-соңды болмаған мүмкіндік. Себебі – алып тұтыну нарығына біз бидайды тек қаппен ғана апаратын едік. Бұдан былай бидаймен қоса ет, сүт, күнбағыс майы, бал, кондитер өнімін де экспорттаймыз. Бұл жәй сөз емес. Екі ел отандық ауыл шаруашылығы өнімін қытай нарығына шығару туралы ұзақ мерзімдік келісімге қол қойып, мөр басты. Демек, ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылып келеді. Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Осы мәселені қал-қадерімізше сараптап көрелік.
Келешегі кемел қос бағыт
Шынында да, Қытай бағытындағы экспорттың әлеуеті ғаламат. Олай дейтініміз, біріншіден, Аспан асты елі елімізге географиялық жағынан жақын жатыр. Екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімін тұтынатын алып нарығы бар елді 1 млрд 400 млн адам мекендейді. Мынадай санға қараңыз: ҚХР-дың азық-түлік нарығының көлемі 1,47 трлн АҚШ долларын (!) құрайды. Ол аз десеңіз, ет тұтыну көлемі жыл сайын бірнеше есеге ұлғайып келеді. Сандарды сөйлетсек: 2010 жылы Қытай 80,5 мың тонна ет (23,6 мың тоннасы – сиыр еті, 56,9 мың тоннасы – қой еті) импорттаған. 2014 жылы ет импортының көлемі бірнеше есеге өсіп, 579,8 мың (соның ішінде 297 мың тоннасы сиыр еті – 12 есеге ұлғайса, 282,8 мың тоннасы қой еті – 5 есеге ұлғайған) тоннаны құрады. Олай болса, осы мүмкіндікті дер кезінде пайдалануға тиіспіз. Бірақ біз 2015 жылы Қытайға небәрі 159 келі ет экспорттаппыз. Өйткені, отандық экспорттың негізін бидай құрайды. Енді алып көршіміздің ынтымақтастық ықыласына тоқталайық. Негізінен алсақ, ынтымақтастыққа қос тарап та мүдделі. Оған дәлел – ұзақ мерзімдік келісім. 2015 жылы Астанада ҚХР мен Қазақстан арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл жалғыз келісім емес. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қытай мен Қазақстан арасында 50-ден астам келісімге қол қойылғанын хабарлады. Біздің үкімет ықыласты ынтымақтастықты екі бағытта жоспарлап отыр. Біріншісі – қытайлық өнеркәсіп саласындағы технологияны елімізге әкелу, екіншісі – ел аумағынан кәсіпорын ашып, ауыл шаруашылығы өнімін Қытайға шығару. Екі бағыттың да мүмкіндігі мол. Себебі екеуі де ауыл шаруашылығына қытай инвестициясын тартуға жол ашады.
Түйткілді мәселе шешімін тапты
Қытайдың алып нарығыЖалпы алғанда, Қытай елімізге 40 миллиардқа жуық доллар инвестиция салуға ниеттеніп отыр. Соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенге (қысқаша АӨК) салынатын қаражат қомақты. Әзірше екі ел ауыл шаруашылығындағы 19 жобаны бірлесіп іске асыруда. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуынша, инвестиция 1 млрд 735 млн долларды құрайды. 19 жобаның 12-сі – Қытаймен көршілес Шығыс Қазақстан және Алматы облысында жүзеге асырылады. Ерекше атап айтарлығы, қытайлар қазір біздің органикалық таза өнімді сатып алуға құлшыныс танытуда. Себебі халқының саны жылдам өскен сайын экологиялық таза өнімге сұраныс артуда. Аспан асты елі шешім қабылдады, ал біз бұған дайынбыз ба?Дайынбыз деуге негіз бар. Олай дейтініміз, ауыл шаруашылығының дамуына үлкен серпін беретін заңдар қабылданды. Мысалы, 2015 жылы 27 қарашада Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген «Органикалық өнім өндіру туралы» заң мақұлданды. Оның мақсаты – органикалық өнім өндіруге жағдай жасау, ішкі нарықтағы айналымды реттеу, экспортты ұлғайту және табиғи ресурсты сақтау. Бұдан бөлек, осы заң органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық, қағидаттық мәселені реттейді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» және «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Екі заң бұған дейін кооперацияға кедергі келтірген бірқатар түйткілді мәселені түпкілікті шешті.Тізбектеп көрелік. Жаңа заң бірнеше мүмкіндікке жол ашты. Азаматтық және заңды тұлға коммерциялық ұйым ретінде кооператив құра алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативінің табысын бөле алады. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық қатынасы ортақ бір заңмен реттеледі. Арнайы салық тәртібі қолданылады. Кооператив мүшесіне тауарды өзіндік құнымен сатуға болады. Қытайдың алып нарығыКооперативтің ішкі аудит құнын 50 пайызға дейін субсидиялау мүмкіндігі қарастырылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ірілендірудің нәтижесі де айтарлықтай болмақ. Себебі заңды дайындауға Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), БҰҰ-ның азық-түлік ұйымы, қазақ-неміс агро-саяси диалогы сарапшылары қатысты. Еуропалық сарапшы Карл Кохила мынадай пікір айтты «Бұл заңның нәтижесін тезірек байқайсыздар. Себебі еңбек өнімділігі артқан кезде сатуға шығарылатын тауардың ірі партиясы қалыптасады. Соның есебінен өнімге деген сұраныс тұрақтанады. Бұған қоса, өндіріс толық қуатымен жұмыс істеген кезде шығын азайып, табыс молаяды. Демек, ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны төмендету есебінен тауар өндірушінің табысын ұлғайтуға мүмкіндік туады. Қазақстанда бұған қажетті барлық жағдай жасалған». Бұған қосарымыз, кооперацияның дамуын ынталандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия нормативін көтеру мақсатында АӨК-дегі субсидия механизмін қайта қарастыруда.
Инвестицияның игілігі неде?
Қазір қытай мен қазақ кәсіпкерінің арасындағы өзара қызығушылық артып келеді. Қытай инвесторы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін жобаға көбірек қаражат салуда. Себеп біреу: өндірілген өнім негізінен, Қытайға экспортталады. Осы жерде «Қытай инвесторын АӨК-ге тартудан не ұтамыз?» деген заңды сауал туындайды. Әрине, алдымен экспорт кеңейеді. Жаңадан ірі инвестжобалар құрылады. Бұл жобалар түптеп келгенде, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Ең басты ұтатын тұсымыз АӨК-нің технологиялық жағынан даму деңгейін көтереміз. Қытай технологиясымен қоса, тәжірибесі келеді. Оны алып келетін қытай маманы. Алайда бұдан қытай маманының экспансиясына тап боламыз деп алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетел жұмыс күшін тартуға квота бөлінеді және жоғары білікті маман ғана шақырылады. Бүгінгі тәжірибеден көріп отырғанымыздай, бірлескен қазақ-қытай кәсіпорындарында негізінен жұмыс орнын жергілікті тұрғындар иеленуде. Жер кодексінің 24-бабы бойынша шетел азаматы немесе шетелдік компания жерді 25 жылға дейін уақытша пайдаланады. Жоғарыда екі ел арасындағы ұзақмерзімдік келісім туралы айтқанбыз. Соның бірі – елімізде ет кластерін құруға арналған. 2016 жылдың қаңтар айында қазақстандық «Еуразия агрохолдинг» және қытайлық Rifa Holding Group компаниясы ет кластерін құру туралы меморандумға қол қойды. Қытай компаниясы Шығыс Қазақстан облысында жылына 17 мың тонна қой еті мен сиыр етін өндіретін ет комбинатын салады. Бұған қоса, 50 мың бас ұсақ мал, 1000 бас ірі қара мал бордақылайтын алаңқай бой көтереді. Кәсіпорын өнімінің 80 пайызы Қытайға экспортқа жөнелтіледі. Бұл жобаның құны әзірше 7,9 млрд теңгеге бағалануда. Қытайлық компания үлесі 49 пайызды құрайды.
Түйін сөз:Айта берсек, мұндай мысал көп. Қазіргі таңда еліміздегі өндірілетін ет және астық дақылы ішкі сұранысымызды толық қанағаттандырады. Статистика комитеті ұсынған ресми ақпаратқа жүгінсек, 2015 жылы елімізде 930,3 мың тонна ет өндірілген. 2014 жылмен салыстырсақ, өсім деңгейі 3,4 пайыз. Сол себептен өндірісті ұлғайтуға тұрақты тұтыну нарығы қажет. Басым бағытымыз – Аспан асты елі. Оған шығу – стратегиялық міндетіміздің бірі. Қазақта «Темірді қызған кезде соқ» деген аталы сөз бар. Демек, отандық өндірушінің ширығатын шағы туды. Басқа көршіміз «Қазақстан Қытай нарығын жаулай ала ма?» деп кірпік қақпай, іс-қимылымызды аңдып отыр. Бұл – жүзжылдықта бірақ рет берілетін мүмкіндік. Сол мүмкіндікті мүлт жіберіп алмайық!
Мәжiлiс сайлауына қатысу құқын иеленген 6 партияның өкiлдерi қазiр ел аралап, үгiт-насихат жүргiзiп жатыр. Бәрiнiң айтатыны – “Бiз Қазақстанды көркейтуге күш саламыз. Халықтың жағдайын көтеруге бiлек сыбана кiрiсемiз” дегенге саяды. Көзге таныс бағдарламалар, құлақсiңдi баяндамалар, күлкi шақыратын кездесулер. Ертең “Нұр Отан” партиясының желаяқтай заулатқан күйi көш басына шығатынын халықтың iшi сезiп отыр. Оған билiктiң ыңғайына жығылғыш бiрер партияның iлесетiнi де белгiлi. Сөйтiп, өзiн-өзi таратуды әдетке айналдырған Мәжiлiс қайта жасақталады. Ал одан кейiн ше? Сайлау алдындағы көл-көсiр уәделер орындала ма? Парламент көптiң сөзiн сөйлей ме? Халықтың мүддесi үшiн үкiметпен тiресе ме? Табандап талап қоя ма? Берiсi партияның жетектеуiмен, арысы Ақорданың қалауымен мәжiлiске барғандардың iшiнен ел-жұрттың қамы үшiн парламенттiң төрiнен айғай салатын ең құрыса, бiр депутат табыла ма?
Өтi жарылып кетсе де, айтайық, қазiргi Қазақстанның парламентi – билiктiң қолбаласы. Негiзi мәжiлiс және оның депутаттары билiк пен халықтың арасында дәнекер болуы тиiс едi. Өйткенi депутаттар билiктiң iргесiндегi халықтың көзi. Халықтың көзi, халықтың өкiлi болғаннан кейiн олар халықтың сөзiн айтуы керек. Халықтың мүддесiн қорғауға мiндеттi.Ал айта алып жүр ме? Жоқ. Керiсiнше, өзiн-өзi таратып жiберетiн ауру тапты. Неге таратады? Халықтың үмiтiн арқалағандар мерзiмi толмай жатып, өзiн-өзi таратуға қандай қақысы бар? Көптiң алдындағы мiндет-парыз қайда қалады сонда? Өз өтiнiштерiмен тарап тынғаны аздай, ендi ар мен ұятты жиып қойып, қайтадан үмiткер атанғандардың, жұмсақ орындығына қайта ұмтылғандардың қылығын немен түсiндiре аласыз?Қолбала деуiмiзге себеп боларлық бiрнеше мысал айтайық. Тәуелсiздiгiн елдiң ең соңы боп алған Қазақстан Ресеймен қайтадан одақтасып тынды. Кiмнiң қалауымен? Әрине, алдымен Кремльдiң қалауымен. Мәскеудiң айтқанынан шыға алмайтын Астананың ләббайшыл мiнезiнен. Украинадан Қырымды тартып алып, бүкiл әлемдi өзiне қарсы қойған Ресеймен одақ құруға кiм қарсылық танытуы керек едi? Әрине, депутаттар! Қарсы болмаған күннiң өзiнде олар “бұл мәселенi халықтың талқысына салайық” деп бастама көтеруi тиiс едi. Жоқ, қазақтың депутаттары ондай сөз айта алмады. Керiсiнше, одақтасуға қатысты құжаттарды бiрауыздан бекiтiп бердi.Қазақтың жерi Ресейдiң полигонына айналды. Оған қол қойып берген кiмдер? Депутаттар! Путин билiгi құлаған “Протонның” өтемақысын да төлеген жоқ. Бастапқыда “төлеймiз” деген. Оның залалын анықтауға екi елдiң комиссиясы жұмыс iстедi. Бiрақ шығынның көлемiн есептеуге келгенде екi комиссияның көрсеткен сомасы екi түрлi болып шықты. Кейiннен Ресей мүлде төлемейтiнiн айтты. Бұл не деген сөз? “Бiлгенiмдi iстеймiн” деген сөз. Бiлгенiн iстегенi сол, құлаған зымыранның дауы бiтпесе де, Ресей “Протон” ұшыруын тоқтатқан жоқ. Қазақстаннан басқа бiрде-бiр мемлекет дәл мұндай сорақылыққа жол бермес едi. Алғашқы апаттың шығыны өтелмей, келесiсiн ұшыруға үзiлдi-кесiлдi тыйым салар едi.Ал ендi мұны депутаттар айтпағанда, кiм айтуы керек? Ресей басшысы “Қазақта мемлекет болмаған” деп аузына келгенiн көкiдi. Бұл – қазақты кемсiту, қазақты қорлау. Осыған күйiнiп, Путиндi тәртiпке шақырған депутат болды ма? Жоқ, болған жоқ.Ресей билiгiн былай қояйық, депутаттардың қазақ билiгiне қарсы келген, табандап талап қойған кезi болған емес. Мәселен, нанның бағасы еркiне жiберiлдi. Үкiмет әлеуметтiк нанның бағасын арзандатуға жұмсалатын аздаған ақшаны аяды. Тiптi мектептегi баланың тегiн тамағына да ауыз салды. Ал ендi осыған мәжiлiс қарсы болды ма?Болған жоқ. Өздерiнiң жалақысын қысқарту туралы ұсыныс түскенде азар да безер болып, еңiрей жөнелгендерiн жұрт көрген. Сол ақша қайдан келедi? Халықтың салығынан құралады. Халықтың мемлекетке төлеген салығы үкiметтi ғана емес, депутаттарды асырап отыр. Ендеше, билiктi асырап отырған, тiптi оларды миллиардерге айналдырған халық арзан нан жесе, аузынан түсiп қала ма?Кешiрiңiз, осылай айтуға мәжбүрмiз, Қазақстанның депутаттарына халық аштан қатпақ түгiлi, қырылып қалса да бәрiбiр. Оны Жаңаөзен оқиғасынан бiлемiз. Қатыгез билiк өрiмдей жастарды қырып салғанда, қай депутат “Бұл қалай? Оқ атуға кiм рұқсат бердi?” деп сұрап едi. Сұрай алған жоқ. Өйткенi парламент билiктiң қолбаласы. Билiк оны қажетiнше пайдаланады. Парламент халыққа емес, билiкке қызмет етедi.Өткен жылғы президент сайлауы есiңiзде шығар. Бастаманы кiм көтерiп едi? Ассамблея көтерген. Бiрақ президент көпке дейiн сыр алдырмады. Сайлауды өткiзу-өткiзбеу туралы пiкiрiн құпия ұстады. Ал Мәжiлiс депутаттары шыр-пыры шығып, президенттен Ассамблея ұсынысын қолдауды және сайлаудың мерзiмiн белгiлеудi сұрады. Не үшiн? Халық үшiн бе? Президент ұсынысты қолдап едi, “сайлауға қатысыңыз” деп қазақ басшысының құлақ етiн жедi. Сонда депутаттар өтiнбесе, Н.Назарбаев сайлауға түспей қоятын ба едi? Түсер едi. Түсiп келе жатыр және түскен сайын жеңiп келе жатыр. Жеңетiнi – шынайы бәсекелес сайлауға қосылмайды. Кiлең шұрым-бұрыммен бақ сынасатын президент бәйгенiң алдын берген емес. Ендеше Мәжiлiс депутаттарының “тағы бiр бақ сынаңыз” деп “жалынуы” ненi бiлдiредi? Бұл өздерiнiң мiндеттерiн ақтаған түрi. Олар Мәжiлiстiң мiндетi билiкке қызмет ету деп түсiнедi.Бiзде мықты депутаттар, нағыз халық қалаулылары болған. Мәселен, сонау 2000 жылдардың басында Мәжiлiс депутаты Төлен Тоқтасынов сол кезде түкiрiгi жерге түспейтiн Рахат Әлиевтiң былықтарын әшкерелеген. Не үшiн? Әдiлдiк үшiн. Себебi халықтың сенiмiн арқалаған адам билiктен әдiлдiктi талап етуге, халықтың құқын қорғауға мiндеттi. Болат Әбiлев пен Зәуреш Батталова қандай депутат болып едi? Парламентте Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов секiлдi азаматтар отырса, мемлекеттiк тiл дәл бүгiнгiдей жетiмнiң күйiн кешер ме едi? Амангелдi Айталы қандай едi? Ал қазiр сiз осы кiсiлердiң өзi түгiлi тырнағына татитын үмiткердi көрсете аласыз ба? Егер көрсете алмасаңыз, қолбала мәжiлiске кiмнiң барғанынан халыққа келiп-кетер не бар? Сансызбай НҰРБАБА
http://zhasalash.kz/sayasat/16831.html
Франция соты Мұхтар Әблязовты кепілмен босатудан бас тартты
Франция соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
"БТА банкі француз сотының БТА банкінің экс-басшысының кепілмен босату туралы өтінішіне қатысты бүгінгі шешіміне ризашылық білдіреді. Әблязов мырза 2013 жылдың 31 шілдесінде банкке қарсы қылмысқа байланысты қамауға алынған болатын, ол осы қылмыстарды жасады деп Украина мен Ресейді күдікке ілініп отыр", - деп хабарлады банктегілер.
Еске сала кетейік, БТА банкінің бұрынғы басшысы 2013 жылдың шілде айында Францияда тұтқындалған болатын. Ол Қазақстанда 6 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырды және басқа да қаржылық алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Қазақстанда оған мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
http://jasqazaq.kz/2016/03/11/franciya-soty-mhtar-blyazovty-keplmen-bosatudan-bas-tartty.html