Айша Бибі және Бабажы Қатын кесенелері туралы
Осыдан біраз бұрын Тараз жеріне сапарымыз барысында едәуір нысандармен танысқан едік. Бір жақсы жері Жамбыл облысындағы көрікті һәм қызықты нысандардың басым бөлігі қалаға жақын маңда және шаһар ішінде орналасқан.Ақыртас кешенінен өзге, маған өте қатты ұнаған кешендер - ол Айша Бибі және Бабажы Қатын кесенелері болды.Айша Бибі кесенесі Тараз қаласынан батысқа қарай 20 шақырым жерде, Айша Бибі ауылында орналасқан. Бабажы Қатын кесенесімен бірге мемориальды кешенді құрайды, республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих һәм мәдениет ескерткіштері қатарында. Сонымен бірге, 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген.Осыдан мың жыл бұрынғы кесене қабырғаларын ұстау сондай ғалам…
