Мазмұнға өту

Жаңа

Былтыр көшіп келген оралмандар үкіметтің уәде еткен жерін әлі ала алмай жүр

Ал Қазақстан көші-қон комитеті мәселені «жергілікті билік шешуі тиіс» дейді.
Шетел қазақтарын солтүстік өңірлерге қоныстандыру жайлы үкіметтің алғашқы қаулысы 2014 жылы шығып, оралман қабылдайтын жеті облыс (Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) белгіленді. Бірақ сол жылы шілдеде квотамен келетін оралманды барлық облыстарға қоныстандыратын басқа қаулы қабылданды. Ал биыл ақпанда жаңа қаулы шығып, шеттен келетін қазақтар қайтадан жеті облысқа ғана қоныстанатын болды. Қаулылар шыққанда көшіп келушілерге әлеуметтік көмек (жұмыс, баспанамен қамту, жол-тасымал шығындарын өтеу) берілетіні қоса хабарланып отырды. Бірақ көшіп келген кейбір қазақтар дүркін-дүркін шыққан қаулылардан қайран жоғын айтады.
Берген уәделерінің бірде-бірі орындалған жоқ
Орта жастағы Дүйсен Сахабаұлы Қытайдан Павлодар облысы Ақсу қаласына 2015 жылы қазан айында көшіп келгенін айтады. Онымен бірге тағы үш отбасы келген. Бірақ ол «көшіп келгенге дейін берген уәделерінің бірде-бірі орындалған жоқ» дейді.
"Біз осында көшіп келмес бұрын қала әкімдігімен байланысқа шықтық. Олар оралмандарды қоныстандыру аймақтарының белгіленгенін, соған байланысты үкімет қаулысымен әлеуметтік пакет берілетінін айтты", - дейді Дүйсен Сахабаұлы.
Алайда Дүйсен және онымен бірге көшіп келген үш отбасы Ақсу қаласы жанындағы «60 жылдық» аталатын ауылда үй жалдап тұрып жатыр.
Азаттық тілшісімен сөйлескен Павлодар облысы Май ауданына былтыр Қытайдан қоныс аударған Баян Махмұтбекқызы да баспана алмағанын, екі баласымен жалдамалы пәтерде тұратынын айтады. Оның мектеп жасында екі баласы бар. Баян Махмұтбекқызы балаларының мектепте қытай тілінде оқығанын, сондықтан қазір қатарластарына ілесіп кету үшін олардың сабақтарына қарайлап, жұмысқа шыға алмай отырғанын айтты.
"Қазақстан азаматтығына құжат тапсырған жоқпын, оралман куәлігімен жүрмін. Өйткені жұмыссызбын. Қытайға барып, туыстарымнан ақша әкелемін. Бір барғанымда соғымымды алдым, екінші барғанымда қыстық отынымды қамдап алдым. Оған қоса, пәтер жалдап тұрып жатырмын. Егер азаматтық алсам, шекарадан ары-бері өте алмай қаламын. Тіршілік етуім қиындап кетеді. Балаларымды қазақша оқыту үшін ғана көшіп келгем", - дейді Баян Азаттық тілшісіне.
Айқындалған аймаққа қоныстанғандарға көмек
Азаттық оралмандар қоныстанады деп белгіленген өңірлерге көшіп барған этникалық қазақтарға қандай көмек көрсетілетіні жөніндегі сауалына Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің көші-қон комитеті жазбаша жауап берді.
Комитеттің жауап хатында «қаулыда көрсетілген облыстар тек оралмандар мен қоныс аударушыларды өңірлік квотаға енгізіп, мынадай әлеуметтік көмектерді «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы аясында көрсетеді. Олар: көліктік, жол жүру және жүк тасымалдау (отағасына 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК - 2121 теңге) және отбасы мүшелеріне 35 АЕК көлемінде, ал бес адамдық отбасына 351 мың тенге беріледі) шығындарын өтеу, қызметтік үй, жатақханадан бөлме беру (жастарға), өңірде бес жыл тұрғаннан кейін қызметтік үйді жекешелендіріп алу құқығын беру (қалған құны бойынша)» деп жазылған.
Көші-қон комитетінің өкілі Марат Тоқсанбаевтың Азаттыққа берген ақпараты бойынша, «белгіленген аймаққа көшіп келген оралмандарды әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жергілікті әкімдіктің құзіретінде».
«Қоныстандыру өңірін айқындау туралы үкіметтің қаулысы қабылданды. Соған байланысты оралмандар мен ішкі қоныс аударушыларға арналған көшіп келу квотасы бекітілді. Оның бәрі республиканың бюджетінен бекітіліп, қаржылай көмек жергілікті атқарушы органдарға берілетін болды. Сол арқылы үй мәселесін жергілікті атқарушы билік шешеді» дейді ол.
Алайда Азаттық тілшісімен сөйлескен Баян Махмұтбекқызы да, Дүйсен Сахабаұлы да ондай көмектерді көрмегендерін айтты. Азаттық тілшісі Павлодар облысы Май ауданы мен Ақсай қаласы әкімдіктеріне хабарласқан еді. Бірақ қабылдау бөлмесіндегі хатшылардың ақпаратына қарағанда, аудан және қала әкімдері мен олардың орынбасарлары «сайлау мәселелерімен ауыл-елді аралап» немесе «жиналысқа кеткен». Екі әкімдік өкілдерінен жауап алу мүмкін болмады.
Ал көші-қон туралы Қазақстан заңында шетелдегі этникалық қазақтар көшіп келу квотасына өтініштерін Қазақстанға келгеннен кейін немесе өзі тұратын елдегі Қазақстан өкілдігіне бере алатыны, оған үш ай ішінде жауап берілетіні жазылған. Квотаға енген жағдайда олар Қазақстан азаматтарымен «тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен, жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi». Заңда оларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер және үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы берілетіні көрсетілген.
Соңғы жылдардағы мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда оралман мәртебесін 2014 жылы 3792 отбасы немесе 8247 адам, ал 2015 жылы 1920 отбасы немесе 4882 этникалық қазақ алған.

https://www.nur.kz/kk/1071913-byltyr-koship-kelgen-oralmandar-ukime.html

7
0
618

Алматының «Медеу» шатқалында өртенген әйел модель болған

13 наурыз күні кешкі уақытта Алматының Медеу шатқалында өртеніп кеткен әйел фотомодель болған. Бұл туралы қаза болған әйелдің таныстары хабарлады.

«Аталған оқиға Медеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеу біріңғай тізбесінде тіркеліп, тергелуде. Алдын ала болжамға сәйкес, бұл суицид болуы мүмкін», - делінген Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мәйіттің жанынан жанармай құйылған құты табылған.
«Тергеу барысында марқұмның 1984 жылы туылған Алматы тұрғыны екенін анықталды. Туыстарының айтуынша, ол бірнеше ай бұрын жұмысынан шығып қалып, күйзелісте жүрген. Жақындарына өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқаны да белгілі болып отыр», - дейді ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.

https://www.nur.kz/kk/1071544-almatyda-kelinshek-medeu-shatqalynd.html

7
0
501

Қазақ спорт журналистикасы тағы бір порталмен толығады.

Қазақ спорт журналистикасы тағы бір порталмен толығады.
Қазіргі таңда қазақтілді спорт журналистерінің жетіспей жүргені жасырын емес. Телеарналардан бірді-екілі хабар жүргізіп, комментаторлық етіп жүрген аз ғана топты көргенде қынжылатындар аз емес. Спорт арналары да жоқтың қасы. Жалғыз «Қазспорт» қай жыртығымызға жамау болады?!
Оның өзі жарытып хабар таратып жүргені шамалы, тың туынды ұсынғаннан гөрі, өтіп кеткен бағдарламаларды қайталағаннан әрі аса алмай жүр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қыруар іс атқарып, Алматыда «Спорт журналистері мен комментаторларын даярлау мектебін» ашқан Рауан Оқас, Серік Ноянбайұлы және Ержан Шайжан сынды атпал азаматтар тер төгіп, 23 қыз-жігіттерден құралған топты өрге сүйреуде. Есей Жеңісұлы, Ермұхаммед Мәулен, Ержан Көшкінбай, Жандос Айтбай сияқты есімдері елге белгілі спорт комментаторлығының басы-қасында жүрген мамандар мектеп тыңдаушыларына тәлім беріп жүр. Тіпті кейбір спорт түрлері федерацияларының баспасөз хатшылары мен блогерлер де білгенін үйретуде. Бүгінде нәтиже де жоқ емес. «Алматы» телеарнасы, «Оң ТВ» сияқты белді арналармен қоса баспасөзде, түрлі сайттарда тәжірибеден өтіп, ысылып келе жатқан болашақ журналистер өздерін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Сол мектептің ұйымдастырушыларының бастамасымен жақында спорт порталын ашу ісі қолға алынды. Оған қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтың есімі берілмек. «Әлжан» спорт порталы деп аталатын сайттың ашылуы 22-наурызда өтеді. Осы салтанатқа Мәскеуден спорт саңлағының өзі арнайы келеді деп күтілуде. Басқа да қонақтардың тізімінде атынан «ат үркетін» серкелер болады деп жоспарланған. Тек қазақша ақпарат тарататын порталды жүргізу оңай болмайтыны анық. Әйтсе де көңілдеріне сенім ұялатқан Сейдахмет пен Несіптердің ізбасарлары порталды өздері басқарып,оның әрі қарай дамуына ықпал етпек. Ашылуы мейраммен тұспа-тұс келіп тұрған сайттың оқырмандары мен тілеулестері көп боларына сенетіндер аз емес. Спорт ақпараттарын таратып қана қоймай, тілге жете көңіл бөлуді мақсат еткен топтың мойнына артыла жүк те ауыр болмақ.

1514

«ҚазМұнайГаз өнімдері» Наурыз мерекесіне тамаша тарту жасады

«ҚазМұнайГаз өнімдері» Наурыз мерекесіне тамаша тарту жасады
«ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС-і қазақстандықтарға Наурыз мейрамына орай тамаша тарту жасады. 14 наурыздан бастап компания сауда желісінде АИ-92 маркалы жанармайдың 1 литрінің құны 118 теңгеден сатылады. Бұл туралы бүгін компанияның жұртшылықпен байланыс қызметі хабарлады.
Бір қуанарлығы, кезекті акцияның 14 наурыздағы – Амал мерекесі күнімен тұспа-тұс келуі. «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС-і ьбарша қазақстандықтарды ғажайып мейрамымыз – Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, зор денсаулық, береке, татулық пен гүлдену тілейді,- делінген компания таратқан хабарламада.

http://jasqazaq.kz/2016/03/15/azmnaygaz-nmder-nauryz-merekesne-tamasha-tartu-zhasady.html

7
0
548

Қазақ жекпе-жегінің тарландары сұрақтарға жауап берді

Қазақ жекпе-жегінің тарландары сұрақтарға жауап берді
14-наурызда «Әлемфайтерс» жекпе-жек клубында қазақтың жауынгер ұлдарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Аталған шараға есімі елге танылған джиу-джитсудан екі дүркін Қазақстан чемпионы, панкратионнан бірнеше турнирлердің жеңімпазы, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Бейбіт Назаров «Әлемфайтерс» клубының жетістіктерін тізбелей келе, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ АҚШ-тағы белгілі кәсіпқой боксшы, биыл NBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жанқош Тұраров та биылғы жылғы чемпиондығын тілге тиек етіп, өзін сөзсіз жеңем деп келген бразилиялық боксшыны 1-раундта-ақ сұлатқанын жеткізді. Талабы таудай Жанқошқа:
- Сіздің алға қойған мақсатыңыз барлық тұжырым бойынша чемпион атану екенін білеміз, сол арманыңыздың орындалуына қанша уақыт керек. Жоспарыңыз қандай? - деп сұраған едік. Бұған боксшы тосылмастан:
- Бәрі Алланың қалауымен. Менің ойымша мақсатым жүзеге асып келе жатыр. Келесі жылы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпиондығына талассам деген үмітім бар. Биыл 3-4 рейтинг көтеру матчына қатысып, содан кейін әлемдегі мықты боксшыларды шақырсам деген ойым бар – деді.
Жақында Қытайда ережесіз жекпе-жектен халықаралық жарысқа қатысып қайтқан Айбек Нұрсейіт финалда Қытай азаматы, этникалық қазақ Ғабит Тұрғанбекпен күш сынасуға шыққан еді. Нәтижесінде екі қазақтың бір-біріне қолы батпай, сайыс төрешісі қос қазаққа қызыл қағаз көрсетіп, жарыстан шеттетті. Бұл мәселе қоғамның қызу талқысына түскен еді. Айбектің айтуы бойынша, оның бұл сайысқа баруының өзі 4-5 күн қалғанда белгілі болған. Финалда бауырыма қолым жүрмей қалды деген спортшыға өз тарапымыздан сұрақ қойған едік:
- Айбек, финалдан кейін қандай ой түйдің, қоғамның осыншама талқысына түсерін сездің бе? Психологиялық тұрғыда бұған қалай дайындалдың?
Бұл сұраққа «менде ешқандай ой болмады, тіпті өзімнің «қызыл қағаз» алғанымды да кейін білдім. Қытайда әлеуметтік желілерге кірудің өзі қиын екен. Елге оралғанда біз қатысқан финалдың соншалықты деңгейде талқыға түскеніне өзім де қатты таң қалдым» деп ағынан жарылған Айбек, - «бірақ мені Үрімжі қаласындағы қазақтар жылап қарсы алды, барлығы разы болып жатыр. Бауырмалдықты керемет сезініп қайттым» деп атап өтті.
Бұдан бөлек спортшылар алдағы жоспарларымен бөлісіп, біраз үзілістен кейін алдағы уақыттарда түрлі деңгейдегі спорттық шараларға қатысатындықтарын жеткізді.

Қазақ жекпе-жегінің тарландары сұрақтарға жауап берді
14-наурызда «Әлемфайтерс» жекпе-жек клубында қазақтың жауынгер ұлдарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Аталған шараға есімі елге танылған джиу-джитсудан екі дүркін Қазақстан чемпионы, панкратионнан бірнеше турнирлердің жеңімпазы, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Бейбіт Назаров «Әлемфайтерс» клубының жетістіктерін тізбелей келе, алдағы жоспарларымен бөлісті. 
Сондай-ақ АҚШ-тағы белгілі кәсіпқой боксшы, биыл NBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жанқош Тұраров та биылғы жылғы чемпиондығын тілге тиек етіп, өзін сөзсіз жеңем деп келген бразилиялық боксшыны 1-раундта-ақ сұлатқанын жеткізді. Талабы таудай Жанқошқа:- Сіздің алға қойған мақсатыңыз барлық тұжырым бойынша чемпион атану екенін білеміз, сол арманыңыздың орындалуына қанша уақыт керек. Жоспарыңыз қандай? - деп сұраған едік. Бұған боксшы тосылмастан:- Бәрі Алланың қалауымен. Менің ойымша мақсатым жүзеге асып келе жатыр. Келесі жылы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпиондығына талассам деген үмітім бар. Биыл 3-4 рейтинг көтеру матчына қатысып, содан кейін әлемдегі мықты боксшыларды шақырсам деген ойым бар – деді.Жақында Қытайда ережесіз жекпе-жектен халықаралық жарысқа қатысып қайтқан Айбек Нұрсейіт финалда Қытай азаматы, этникалық қазақ Ғабит Тұрғанбекпен күш сынасуға шыққан еді. Нәтижесінде екі қазақтың бір-біріне қолы батпай, сайыс төрешісі қос қазаққа қызыл қағаз көрсетіп, жарыстан шеттетті. Бұл мәселе қоғамның қызу талқысына түскен еді. Айбектің айтуы бойынша, оның бұл сайысқа баруының өзі 4-5 күн қалғанда белгілі болған. Финалда бауырыма қолым жүрмей қалды деген спортшыға өз тарапымыздан сұрақ қойған едік:- Айбек, финалдан кейін қандай ой түйдің, қоғамның осыншама талқысына түсерін сездің бе? Психологиялық тұрғыда бұған қалай дайындалдың?Бұл сұраққа «менде ешқандай ой болмады, тіпті өзімнің «қызыл қағаз» алғанымды да кейін білдім. Қытайда әлеуметтік желілерге кірудің өзі қиын екен. Елге оралғанда біз қатысқан финалдың соншалықты деңгейде талқыға түскеніне өзім де қатты таң қалдым» деп ағынан жарылған Айбек, - «бірақ мені Үрімжі қаласындағы қазақтар жылап қарсы алды, барлығы разы болып жатыр. Бауырмалдықты керемет сезініп қайттым» деп атап өтті.Бұдан бөлек спортшылар алдағы жоспарларымен бөлісіп, біраз үзілістен кейін алдағы уақыттарда түрлі деңгейдегі спорттық шараларға қатысатындықтарын жеткізді.

http://jasqazaq.kz/2016/03/14/aza-zhekpe-zhegn-tarlandary-sratara-zhauap-berd.html

7
0
628

Штаб мүшелері – Маңғыстауда

«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штаб делегациясы арнайы сапармен Маңғыстау облысына келді.
Үгіт-насихат топ мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының артықшылықтарын өңірдің құрылысшылары, теңізші, теміржолшы және мұнайшыларына таныстырды.
Аймаққа республикалық сайлауалды ш­таб мүшелерін Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев бас­тап келді.
Маңғыстау облысы елімізді сыртпен бай­ланыстыратын қақпа ретінде қарас­ты­ры­ла­ды. Өңірде ірі көліктік хаб қалыптаспақ. Транспорттық инфрақұрылымды дамытуға ба­ғытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы ая­сында «Боржақты-Ерсай» темір жол тар­ма­ғының құрылысы аяқталған. Оның ұзын­дығы 13,9 шақырым және жобалық құны 9,4 млрд теңгені құрайды. 2015 жылдың сәуір айын­да Құрлық айлағында құны 16,4 млрд тең­гені құрайтын паром кешенінің құры­лы­сы басталды. Құрылысы аяқталғаннан кейін болжам бойыша бұл кешен жылына 3,6 млн тонна әмбебап паромдарды қабылдай алады. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан порттағы жұмысшылармен кездесу барысында штаб өкіл­дері «Нұр Отан» партиясының сайлауал­ды бағдарламасында әр өңірдің нақты даму стратегиясы айқындалғанын атап өтті.
– Біз басымдық берген басты бағыт – Ашық Еуразия құрылысы. «Нұрлы жол» бағ­дарламасы, еуразиялық экономикалық одақ құру, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ав­тожолы, ДСҰ мүшесі атану, Еуропалық одақ­пен серіктестіктің жаңа форматын ен­гізу, Ұлы жібек жолы экономикалық белдеуін қа­лып­тастыру, Азия инфрақұрылымдық ин­вес­тициялар банкінің негізін қалау. Бұл ау­қымды жобалардың барлығы өзара тығыз бай­ланысқан. Біздің мақсатымыз – Қазақ­стан­ды Еуразия құрлығының басты көлік кү­ре­тамырына айналдыру, – деді «Нұр Отан» партиясының республикалық сай­лауал­­ды штабының мүшесі Мейрам Пішем­баев.
Маңғыстау облысының күн тәртібінде теңіз­ жолы арқылы тауар тасымалын арттыру мәселесі алдыңғы қатарда. Бұл ретте Каспий теңізін жағалай төселген темір жол желісі де салынды. Қазақстанның екінші теңіз қақ­пасы атанған жаңа айлақ транзиттік әлеуетті әл­дендіре түсері сөзсіз. Бұл туралы респуб­ли­калық штаб өкілдерімен өткен кездесу ба­ры­сында жұмысшы қауым өкілдері мақ­та­нышпен айтты.
Мемлекет тарапынан ШОБ өкілдеріне қолдау жайлы штаб мүшелері Жаңаөзен тігін фаб­рикасы «Жанарыс» ЖШС-ның өндіріс алаңында өткен жиын барысында толық айт­ты. 2015 жылы шағын және орта биз­нес­ті дамытуға Үкімет тарапынан 180 млрд теңге бөлініпті. Бұл қомақты қаржы 110 мың адам­ның жұмыс орнын сақтап қалуға және 1,5 мың адамға жаңа жұмыс орнын ашуға сеп­тігін тигізген.
Республикалық сайлауалды штаб өкіл­дері сондай-ақ теңіз деңгейінен 532 метр биік­тікте орналасқан «Отпан тау» тарихи-мә­дени кешенінде аймақ ақсақалдары жә­не зиялы қауым өкілдерімен кездесу өт­кізді. Алқалы жиын барысында ақсақалдар «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағ­дар­ламасына қолдау білдірді.

«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штаб делегациясы арнайы сапармен Маңғыстау облысына келді. Үгіт-насихат топ мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының артықшылықтарын өңірдің құрылысшылары, теңізші, теміржолшы және мұнайшыларына таныстырды.Аймаққа республикалық сайлауалды ш­таб мүшелерін Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев бас­тап келді. Маңғыстау облысы елімізді сыртпен бай­ланыстыратын қақпа ретінде қарас­ты­ры­ла­ды. Өңірде ірі көліктік хаб қалыптаспақ. Транспорттық инфрақұрылымды дамытуға ба­ғытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы ая­сында «Боржақты-Ерсай» темір жол тар­ма­ғының құрылысы аяқталған. Оның ұзын­дығы 13,9 шақырым және жобалық құны 9,4 млрд теңгені құрайды. 2015 жылдың сәуір айын­да Құрлық айлағында құны 16,4 млрд тең­гені құрайтын паром кешенінің құры­лы­сы басталды. Құрылысы аяқталғаннан кейін болжам бойыша бұл кешен жылына 3,6 млн тонна әмбебап паромдарды қабылдай алады. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан порттағы жұмысшылармен кездесу барысында штаб өкіл­дері «Нұр Отан» партиясының сайлауал­ды бағдарламасында әр өңірдің нақты даму стратегиясы айқындалғанын атап өтті.– Біз басымдық берген басты бағыт – Ашық Еуразия құрылысы. «Нұрлы жол» бағ­дарламасы, еуразиялық экономикалық одақ құру, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ав­тожолы, ДСҰ мүшесі атану, Еуропалық одақ­пен серіктестіктің жаңа форматын ен­гізу, Ұлы жібек жолы экономикалық белдеуін қа­лып­тастыру, Азия инфрақұрылымдық ин­вес­тициялар банкінің негізін қалау. Бұл ау­қымды жобалардың барлығы өзара тығыз бай­ланысқан. Біздің мақсатымыз – Қазақ­стан­ды Еуразия құрлығының басты көлік кү­ре­тамырына айналдыру, – деді «Нұр Отан» партиясының республикалық сай­лауал­­ды штабының мүшесі Мейрам Пішем­баев.Маңғыстау облысының күн тәртібінде теңіз­ жолы арқылы тауар тасымалын арттыру мәселесі алдыңғы қатарда. Бұл ретте Каспий теңізін жағалай төселген темір жол желісі де салынды. Қазақстанның екінші теңіз қақ­пасы атанған жаңа айлақ транзиттік әлеуетті әл­дендіре түсері сөзсіз. Бұл туралы респуб­ли­калық штаб өкілдерімен өткен кездесу ба­ры­сында жұмысшы қауым өкілдері мақ­та­нышпен айтты.Мемлекет тарапынан ШОБ өкілдеріне қолдау жайлы штаб мүшелері Жаңаөзен тігін фаб­рикасы «Жанарыс» ЖШС-ның өндіріс алаңында өткен жиын барысында толық айт­ты. 2015 жылы шағын және орта биз­нес­ті дамытуға Үкімет тарапынан 180 млрд теңге бөлініпті. Бұл қомақты қаржы 110 мың адам­ның жұмыс орнын сақтап қалуға және 1,5 мың адамға жаңа жұмыс орнын ашуға сеп­тігін тигізген. Республикалық сайлауалды штаб өкіл­дері сондай-ақ теңіз деңгейінен 532 метр биік­тікте орналасқан «Отпан тау» тарихи-мә­дени кешенінде аймақ ақсақалдары жә­не зиялы қауым өкілдерімен кездесу өт­кізді. Алқалы жиын барысында ақсақалдар «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағ­дар­ламасына қолдау білдірді.

http://aikyn.kz/ru/news/show/21665-shtab_m_sheler_ma_ystauda

7
0
672

Ақпарат алпауыттары қазақ еліне ат танбақ

Қазақстандағы Парламент сайлауына қанша мемлекеттің және халықаралық ұйымның қызығушылық білдіргені бүгін түпкілікті мәлім болады.
14 наурыз күні елімізде шетелдік байқаушыларды тіркеу рәсімі аяқталды. Осының алдында Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 155 байқаушыны аккредиттеді.
Ортсайлауком өз отырысында қабыл­да­ған арнайы қаулыға сәйкес, Сыртқы іс­тер министрлігінің ұсынуы бойынша сай­лауды байқау жөніндегі бір миссияның, бір халықаралық ұйымның және бір шет мемлекеттің өкілдеріне «халықаралық бай­қаушы» куәлігі берілді.
– Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 153 байқаушысы бар, сондай-ақ Түр­кітілдес елдердің Парламенттік ассам-
б­лея­сынан – бір, шет мемлекеттен бір бай­­қаушы аккредиттеліп отыр, – деді қау­лы жобасымен таныстырған ОСК мү­шесі Татьяна Охлопкова.
Осылайша, 12 наурыздағы жағдай бойын­ша Ортсайлауком халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің барлығы 608 байқаушысын тіркеді.
– Олардың қатарында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 197 байқаушысы, ТМД мис­сиясының 293 байқаушысы бар. Мұның сыртында тағы 9-ы – Шанхай Ынты­мақ­тас­тық ұйымының миссиясынан, 75-і – ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясынан, 3-уі – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, 8-і – Түркітілдес елдердің парламен­тара­лық ассамблеясынан. Ал 23-і – он шет мемлекет өз бетінше жолдаған байқау­шы­лар, – деді Т.Охлопкова.
Бұдан басқа Қазақстанның Сыртқы іс­тер министрлігі 27 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 117 өкілін аккредиттеді. Нәти­жесінде, 20 наурыз күні қарсаңында қазақ еліне «The Financial Times», «The Guardian» секілді атағы жер жарған алпауыт ба­сы­лымдар, сондай-ақ «Austrian Press Agency», «Франс-Пресс», «Синьхуа», «ТАСС» (Достастық Елдерінің Телег­раф­тық Агенттігі), «Рейтер», «European Pressphoto» ақпараттық агенттіктері өз жур­на­листерін аттандырмақ. Көрші елдерден де журналистердің ауқымды делегациялары келеді деп күтілуде.
Осылайша, қазіргі уақытта 725 халық­аралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақ­парат өкілі аккредиттелді.

Қазақстандағы Парламент сайлауына қанша мемлекеттің және халықаралық ұйымның қызығушылық білдіргені бүгін түпкілікті мәлім болады. 14 наурыз күні елімізде шетелдік байқаушыларды тіркеу рәсімі аяқталды. Осының алдында Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 155 байқаушыны аккредиттеді.Ортсайлауком өз отырысында қабыл­да­ған арнайы қаулыға сәйкес, Сыртқы іс­тер министрлігінің ұсынуы бойынша сай­лауды байқау жөніндегі бір миссияның, бір халықаралық ұйымның және бір шет мемлекеттің өкілдеріне «халықаралық бай­қаушы» куәлігі берілді.– Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 153 байқаушысы бар, сондай-ақ Түр­кітілдес елдердің Парламенттік ассам-б­лея­сынан – бір, шет мемлекеттен бір бай­­қаушы аккредиттеліп отыр, – деді қау­лы жобасымен таныстырған ОСК мү­шесі Татьяна Охлопкова. Осылайша, 12 наурыздағы жағдай бойын­ша Ортсайлауком халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің барлығы 608 байқаушысын тіркеді. – Олардың қатарында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 197 байқаушысы, ТМД мис­сиясының 293 байқаушысы бар. Мұның сыртында тағы 9-ы – Шанхай Ынты­мақ­тас­тық ұйымының миссиясынан, 75-і – ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясынан, 3-уі – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, 8-і – Түркітілдес елдердің парламен­тара­лық ассамблеясынан. Ал 23-і – он шет мемлекет өз бетінше жолдаған байқау­шы­лар, – деді Т.Охлопкова.Бұдан басқа Қазақстанның Сыртқы іс­тер министрлігі 27 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 117 өкілін аккредиттеді. Нәти­жесінде, 20 наурыз күні қарсаңында қазақ еліне «The Financial Times», «The Guardian» секілді атағы жер жарған алпауыт ба­сы­лымдар, сондай-ақ «Austrian Press Agency», «Франс-Пресс», «Синьхуа», «ТАСС» (Достастық Елдерінің Телег­раф­тық Агенттігі), «Рейтер», «European Pressphoto» ақпараттық агенттіктері өз жур­на­листерін аттандырмақ. Көрші елдерден де журналистердің ауқымды делегациялары келеді деп күтілуде.Осылайша, қазіргі уақытта 725 халық­аралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақ­парат өкілі аккредиттелді.

http://aikyn.kz/ru/news/show/21672-a_parat_alpauyttary_aza_el_ne_at_tanba_

7
0
723

Үрімжіде 25 жастағы қазақстандық қаза тапты

ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) Үрімжі қаласында қазақстандық 25 жастағы азамат Ербол Суханов қаза тапты. Ол «Әдемі» дәмханасында кассир болып жұмыс істеген.
Сағат 15:00-де жергілікті полиция учаскесіне дәмхана иелері Қабыл Шалқар мен Болат Жақыпов келіп, жігіттің өзіне-өзі қол салғаны туралы айтты. Олардың айтуынша, ол 14 наурыз күні шамамен сағат 8-де соңғы үш күнде тұрып жүрген қонақүйдің артқы ауласында асылып қалған.
Олар Е.Сухановтың 100 мың долларды ұрлағанын анықтағанын, бұл жайт бейнебақылау таспасындағы жазбамен расталғанын айтты. Е.Суханов оларға ақшаны қайтаратыны туралы қолхат толтырып берген.
Полиция Е.Сухановқа қатысты зорлық әрекеттерінің белгілерін анықтаған жоқ. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қаза тапқан азаматтың ата-анасы ШҰАӨ-нің аумағына кіріп, баласының денесін алып кету үшін құжаттарды ресімдеп жатыр.

http://www.kazinform.kz/kaz/article/2880941

4
0
460

Қытайда қазақ жігіті асылып өлді

Қытайда 25 жастағы қазақстандық Ербол Суханов өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды КТК.
Ол Үрімші қаласында 3 жылдан бері мейрамхана әкімшісі болып жұмыс істеген. Жігіттің ата-анасы оның жұмыс берушісін кінәлап отыр. Өйткені дәмхана қожайыны бірнеше күн бұрын хабарласқанында, Ерболдың 100 мың долларды ұрлағанынын айтып, тауып беруін талап еткен көрінеді.
Қытайда жұмыс істеп жүрген Ербол ертең үйге ұшып келуі керек еді. Марқұмның анасы Жанат Жалынбетованың айтуынша, баласы ақша іздеген. "Мама, маған  ақша тауып беріңдер. Әйтпесе, мыналар мені қорқытып жатыр деді. Жоқ, мама, мен алған жоқпын деді. Аналар мені ұрып, соғып алдың деп 100 мың доллар іліп қойды деді", - деп жылады анасы.
Ербол Қытайға дейін Көкшетаудағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Аспан асты еліне жұмысқа шақырған да осындағы Болат есімді бастығы екен. Оның Үрімшіде қытайлықтармен бірігіп ашқан мейрамханасы бар дейді марқұмның әкесі. "Осы кафенің қожайыны Болат Қытайға алып кеткен. Сенбі баламды алып келем деп уәде еткен. Міне әкелмеді. Енді хабар келіп тұр өлді деген. Болат та 100 мың доллар деді. Менде ондай ақша жоқ", - дейді әкесі Кеңес Суханов.
Баласының өлгені туралы хабарды оларға Үрімшідегі жолдастары хабарлаған. Ал жұмыс берушісі болса, телефон тұтқасын көтермей отыр. Не істерлерін білмеген Ерболдың туғандары дәмхананың Көкшетаудағы филиалына барып шу шығарды.
Жандарын қоярға жер таппаған Ерболдың туысқандары істің ақ-қарасын анықтамақ. 25 жасқа келген жігіт алдағы жазда үйленуді жоспарлап жүрген екен. Сондықтан, суицидке баруы мүмкін емес дейді әке-шешесі.
Қытайдың Үрімші қаласында қаза тапқан Ерболдың денесін Көкшетауға жеткізу үшін марқұмның туған-туысқандары қажетті құжаттарды әзірлеуге кірісті. Сыртқы істер министрлігіне де хабарласып көмек сұрап отыр. Бастысы жігіттің жұмбақ өлімін тергеп, кінәлілердің жазасын берсе дейді.
Толығырақ: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kyitayda-kazak-jgt-asyilyip-old-268528/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.
4
0
702