Железин ауданыңда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тамаша тарту жасалды.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев осы жылғы қараша айының 30-ы күнгі Жолдауында «Біз жарты миллионан адам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз» дейін болатын. Осы мақсатты іс жүзіне асыруда Железин ауданында бірқатар жоспарлы істер қолға алынған. Соның бірі- «Жол қартасы 2020 » бағдармаласы аясындағы тұрғын үйлердің құрылысы.
Железин ауданыңда жас жанұяларға Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тамаша тарту жасалды.
Ол – екі пәтерлі үйдің тапсырылуы. Қаунышты рәсімге ауданның мемлекеттік қызметкерлері, ардагерлері мен тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Қ.А. Әбушахманов Елбасының сындарлы саясатын қолдай отырып, баспана мәселесін шешу жолында барынша күш-жігер, мүмкіндіктер қолданылатынын айтты.
Жаңа қонысқа ену бақыты Б. КАйтмұратов пен О.Б.Двинянинаға бұйырды.Үйдің кілттерін табыс етіп тұрып, шаңырақ иелеріне құт-береке, ырыс-ынтымақ тіледі.Бұлардың жеке отауға кіруін қамтамасыз ету әу бастан-ақ ойластырылған болатын.
Себебі, Берекет Бақтыбекұлы жасынан жетім қалып, тағдыр тауқыметін татқан жан. Ал, Ольга Борисовнаның жанұясы- көп балалы. Міне сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, осы екі мұқтаж адамға қуаныш сыйланды.

Аудан мәслихатының хатшысы В.Н. Крутиков өз сөзінде қоныстанушыларға шат- шадыман күннің ұзақтығы мен бақыттың баянды болуына тілектестігін білдірді.
Салтанатты тұсаукесер рәмізін аудан әкімі Қабиболла Аманұлы мен ардагерлер ұйымының төрагасы Қ.Б.Доскиреев орындады. Қазақы дәстүр бойынша шашу шашылды. Орталықтан жылыту жүйесіне қосылған, су құбыры тартылған, жарық үйдің әр бөлмелерін аралап, отау иелері жергілікті басшылыққа алғыстарын жаудырумен боды.
Біз де, сыйға бөленген жанұяларға қоныс тойы құтты болсын дейміз.
