Мазмұнға өту

Жаңа

Бірлік – Тәуелсіздік тірегі

Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты және бүкіл азаматтардың бүкілхалықтық өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы. Осыған байланысты, 2016 жылдың 10 наурыз күні Орал қалалық білім бөлімінің №12 ЖОББ мектебінде Қазақстан халқы ассамблеясының 21 жылдығына орай, «Бірлік – Тәуелсіздік тірегі» атты іс-шара өтті. Аталған шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері Е.Төлепқалиев қатысып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері аясында қоғамда өмір сүруге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу оның құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылы…

0
0
721

Алдағы Мәжіліс сайлауының нәтижесі қалай болады?

20 наурыз күні өтетін мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау қандай нәтижемен аяқталады? Қай саяси партия заң шығарушы органнан қанша орын иеленеді? Депутаттық мандаттан қағылатын қай партия?

0
0
420

«Тәуелсіздік бабалардың арманы»

Павлодар облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, мұрағаттар, құжаттама басқармасы мен облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – бабалардың арманы» атты ақындар айтысы өтті. Бұл айтысқа Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығынан» ашылған «Алдаспан» ақындар клубынан суырылып шыққан: Алтынбек Мақсатхан, Мақсат Ғылымнұр, Мизан Жұмаәлі, Қуандық Башой және Абзал Қабдраш суырып салма өнерлерін көрсетті. Айтыс өнері еліміздің әдебиеті мен тарихында ерекше орын алады. Тәуелсіздік алғанға дейін де бұл өнер бабаларымызбен ғасырлар бойы біте қайнасып,бірге жасап келе жатқан баға жетпес мұра! Тәуелсіздік – еліміздің ең басты құндылығ…

1
0
1484

Қызметтік этиканың сақталуы Әдеп жөніндегі кеңестің қатаң бақылауында

Ағымдағы жылғы 10 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен Кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда 4 мәселе қаралды. Алғаш болып СҚО Жер инспекциясы басқармасының басшысы М.Ж. Меңдібаев, қызметтік тәртіпті нығайту жөніндегі атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар мен қызметтік этика нормаларын бұзушылықтар, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады. Бұған Әдеп жөніндегі кеңес, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде олардың құқықтарының қорғалуына мемлекеттік бақылау, жер қатынастары саласындағы заңнама талаптарына сай жүргізілуі қажеттігін ескертті. Содан соң сыба…

0
0
546

Шығындар мен кірістер: бөлінген қаражаттың да есебі бар

Таяуда Елбасының жеке қабылдауында болған Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин ел қазынасынан бөлінген қаражаттың қалай, қайда жұмсалғандығын баяндаған-ды. Қ. Жаңбыршин келтірген мәлімет бойынша өткен жылғы бюджет заңнамасын бұзу бойынша Білім және ғылым министрлігі көш бастап тұр. Аталған министрлікте 39,5 млрд теңгеге заң бұзушылықтар анықталған. Ал Мәдениет және спорт министрлігінде 13,6 млрд теңгенің өтеуі жоқ болып шықты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрлігінде 12,4 млрд теңгеге салынған. Аймақтық бюджет бойынша мемлекет қаражатына немқұрайлы қараған өңірлер аз емес. ҚР Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин: «Маңғыстау облысында 42 млрд немесе қамтылған қаражат көлеміне шаққанда 70 пайыздан астам. ШҚО 41,5 млрд теңге немесе қамтылған қаражат көлеміне шаққан…

5
0
640

Н. НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті: Әйелдер – тәуелсіздіктегі ең сенімді серігім

Көңілдерге көктем сыйлап жететін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі қыз-келіншектер мен аналарды айтулы мерекелерімен құттықтады. «Көктем шуағы» деп атаған мерекелік кездесуде Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары іргетасы енді қаланған жас мемлекетімізді аяғынан тік тұрғызуға аянбай еңбек еткен әйелдер қауымы екенін ескертіп, барлық қыз-келіншектер мен аналарға алғысын айтты. Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жолында әйелдердің орасан зор көлемде үлес қосқанын айтқан Елбасы әйелдер қауымына ізгі тілегін жеткізді. «Көктем шуағы» тақырыбымен ұйымдастырылған мерекелік кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Араларыңызда көпбалалы аналар, бизнес өкілдері, әскерилер, ғалымдар, дәрігерлер, педагогтар, мәдениет пен спорт…

5
0
661

«Instagram» – депрессияға, «Вконтакте» – жанжалға соқтырады деп бағалайды зерттеушілер. Неге?

Ақпарат тарату жөнінен ғаламтор әлдеқашан алдыңғы қатарға шыққан. Тіпті, қазір жұртшылық жаңалықтармен арнайы ақпараттық порталдарға кірмей-ақ, әлеуметтік желілер арқылы танысуды әдетке айналдырды. Күн өткен сайын әлеуметтік желілердің қолданылу аясы кеңейіп, қоғамдағы маңызы артып келеді. Мұны ешкім де жоққа шығара алмайды. Соңғы уақытта ақпарат құралдары да әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаларды дереккөз ретінде пайдалануды әдетке айналдырды. Мұның сыры неде? Ақпараттық кеңістігіміздің де әлеуметтік желілерге тәуелді болғаны ма? Әлеуметтік желі расымен де, қоғам үшін қажеттілік пе? Әлде жаңа дәуірмен келген желік пе? Сауал көп болғанымен, оған нақты жауап қайтаратын ешкім жоқ. Ғаламтордағы әлеуметтік желінің ең алғашқы баламасын Рэнди Конрадс 1995 жылы іске қосқан. Конрадстың желіс…

5
0
864

Әкім көліктен бас тартпақшы

Жақын күндері Шымкент қаласының әкімі жұмысына велосипедпен қатынайды. Бұл туралы шаһар басшысы велоспорт саласын дамытуға бағытталған баспасөз мәслихатында мәлім етті. Шымкент әкімі күн жылынған соң жұмысына велосипедпен баратын болды. «Былтырмаған Александр Винокуров велосипед сыйлапедіғой. Солкездекөктембасталғандавелосипедпенжұмысқабарамындегенмін. Күнжылысын. Көресіздер, велосипедпенжұмысқабарамын», - дедіӘбдірахымов. Тек қанаәкімемес, ендіШымкенттежаппайекідөңгелектіқұрылғығаотырунауқаныбасталғалытұр. Себебімаусым-шілдеайларындақалада ««ShymkentBike» автоматтандырылғанстансаларжобасыжүзегеасады. Соғанорайқазіргітаңдақаланыңжолдарыжөнделуде. Жоспарбойынша 200 дана велоқұрылғы 40 стансағақойылады. Оны кезкелгентұрғынжалғаалып, мініпкетуінеболады. Төлемдер карточка арқылыжүргізіледі. А…

7
0
436

Қытайдың алып нарығы

Аспан асты елі Қазақстан өндіретін кез келген өнімді сатып алуға құлшыныс танытуда. Бұл бұрын-соңды болмаған мүмкіндік. Себебі – алып тұтыну нарығына біз бидайды тек қаппен ғана апаратын едік. Бұдан былай бидаймен қоса ет, сүт, күнбағыс майы, бал, кондитер өнімін де экспорттаймыз. Бұл жәй сөз емес. Екі ел отандық ауыл шаруашылығы өнімін қытай нарығына шығару туралы ұзақ мерзімдік келісімге қол қойып, мөр басты. Демек, ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылып келеді. Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Осы мәселені қал-қадерімізше сараптап көрелік. Келешегі кемел қос бағыт Шынында да, Қытай бағытындағы экспорттың әлеуеті ғаламат. Олай дейтініміз, біріншіден, Аспан асты елі елімізге географиялық жағынан жақын жатыр. Екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімін тұтынатын алып нарығы бар елді 1 млрд 400…

7
0
527

Қолбала парламент оған кiмнiң барғанынан халыққа келiп-кетер бiрдеңе бар ма?

Мәжiлiс сайлауына қатысу құқын иеленген 6 партияның өкiлдерi қазiр ел аралап, үгiт-насихат жүргiзiп жатыр. Бәрiнiң айтатыны – “Бiз Қазақстанды көркейтуге күш саламыз. Халықтың жағдайын көтеруге бiлек сыбана кiрiсемiз” дегенге саяды. Көзге таныс бағдарламалар, құлақсiңдi баяндамалар, күлкi шақыратын кездесулер. Ертең “Нұр Отан” партиясының желаяқтай заулатқан күйi көш басына шығатынын халықтың iшi сезiп отыр. Оған билiктiң ыңғайына жығылғыш бiрер партияның iлесетiнi де белгiлi. Сөйтiп, өзiн-өзi таратуды әдетке айналдырған Мәжiлiс қайта жасақталады. Ал одан кейiн ше? Сайлау алдындағы көл-көсiр уәделер орындала ма? Парламент көптiң сөзiн сөйлей ме? Халықтың мүддесi үшiн үкiметпен тiресе ме? Табандап талап қоя ма? Берiсi партияның жетектеуiмен, арысы Ақорданың қалауымен мәжiлiске барғандардың…

7
0
846