Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлау: отандық және халықаралық байқаушылар хақында

Сайлаудың ашық өтуі халықтың сенімділігін еселей түсетіні барлығына мәлім. Отандық байқаушылармен қоса бұл сайлауда халықаралық байқаушылар қатысады.

Бүгінде біз отандық байқау­шыларға назар аударғанымыз жөн. Сайлау – біздің мемлекетіміздің ішкі ісі және біз өз еліміздегі тәртіпті өзіміз қамтамасыз етуге тиіспіз. Сонымен бірге, соңғы парламенттік сайлау науқаны процесіне қатысқан отандық байқаушылар саны еліміз бойынша барлығы 9 мыңнан астам сайлау учаскесі дерлік қамтылғанын көрнекі түрде айғақтайды. Соңғы он жылда олардың саны 25 мың байқаушыдан 40 мың байқаушыға дейін өсті. Бұл – орташа есеппен әр сайлау учаскесіне шамамен 3 байқаушыдан келетіні.

Осы кезеңде халықаралық байқаушылардың саны әрбір сайлау науқаны шеңберінде 900-1000 адам шегінде теңселуде. Енді бір халықаралық байқаушылар екі адамнан құралған топтың құрамында жұмыс істеуге әдеттенсе, басқалары – сайлау учаскелеріне қысқа уақытқа келу форматында 1 адамнан жұмыс істейді, бұл кезде барлық отандық байқаушылар әр сайлау учаскесінде таң сәріден бас­тап, күні бойы дауыс беру қорытындыларын шығарғанға дейін болады. Дауыстарды санау кезінде халықаралық байқаушылар шамамен 700 сайлау учаскесінде болады, бұл еліміз бойынша барлық 9 840 сайлау учаскесінің жалпы санының шамамен 7 пайызын құрайды.  #sailau2016 http://egemen.kz/2016/03/15/29111

Осы тақырып бойынша