Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Үнемдеу валютасы» немесе электронды ақша туралы түсінік

http://www.bizguru.ru/system/files/node_images/wm_tn.jpg

Ғылыми-техникалық прогресс XXI ғасырдағы бизнестің шекарасын біраз кеңейтті.  Ақша табу мен жұмсаудың амал-тәсілдері көбейді. Сондағы басты арена - ғаламтор. Ал виртуалды әлем өз кезегінде  виртуалды айырбас құралын, яғни электронды ақшаны тудырды.  Глобализацияға ұшыраған бұл  процесс Қазақстанда қаншалықты танымал?

АҚШ пен Еуропа елдерінде  электронды ақша 1993 жылдан бастап дамыды десек, біздің жалпақ далаға бұл нонсанс 2011 жылы ғана арнайы  заң қабылдану арқылы төлем құралы ретінде еңгізілді.  Демек, 4 жыл бұрын. Осынша уақыттың ішінде халықтың бойында қолмен ұстауға болмайтын ақшаға деген сенімді орнату оңай емес. Алайда қазақстандық 4 ақша жүйесі (1. «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК электронды ақша жүйесі (http://www.ekzt.kz/). Эмитенттері – «Эксим банк» АҚ жəне «ТемiрБанк» АҚ; 2. «Woopay» электрондық ақша жүйесі. Эмитенті – «Евразиялық банк» АҚ; 3. «KZM» электрондық ақша жүйесі. Эмитенті – «Альянс банк» АҚ; 4. «Visa Qiwi Wallet» электрондық ақша жүйесі. Эмитенті – «AsiaCredit Bank» АҚ) халық арасындағы электрондық ақша сауатсыздығын жоюға барынша тырысуда. Мысалы, жақында Qiwi журналистер арасында жарыс ұйымдастырып, электронды ақша жайлы БАҚ-та жарияланған үздік туындыларға ақшалай сыйлықтар ұсынды. Демек пропаганда үрдісі жүріп жатыр. Алайда дәстүрлі принциптерден оңай бас тартпайтын халықты тың әдеттерге иландыру оңайға соқпай отыр. Сондықтан қазақстандық кәсіпткерлердегі "интернет дүкен" start-up-тары да аз, бәсекелестік жоқ.

Сонымен, электронды ақша мүмкіндіктерін таразылайтын болсақ, интернет желісі арқылы тәулігіне 24 сағат үздіксіз режимде коммуналдық төлемдер, мобильді байланыс, телевидение, салықтар, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар және бюджетке басқа да төлемдер бойынша ақы төлеу, сонымен қатар, интернет-дүкеннен қалаған тауарыңызы сатып алуды үйден шықпай-ақ жүзеге асыру мүмкіндіктерін береді. Демек шегі жоқ кезектерде тұрып, уақыт кетіргенше, үйіңіздегі жайлы креслода отырып, саусақтарыңыздың шектеулі қимылдары арқылы 1 күндік жқмыстарыңызды 10 минутта тыңдыруға болады. Ал бойымызға үрей тудыратын кемшіліктер туралы сөз қозғайтын болсақ, интернеттегі ақшаның қауіпсіздік мәселесі жайлы атап өтер едім.  Электрондық саудадағы кез-келген кәсіпорын өз қауіпсіздік саясатын жүргізуі қажет. Онда нені, неліктен қорғау керектігін, кімге жауапкершілік тағылатындығы және қандай ақпарат қол жетімді екендігі нақты көрсетілген қауіпсіздік ережелері немесе нұсқамасы анықталуы шарт. Қауіпсіздік саясатындағы негізгі қарастырылатын бөлімдер: физикалық қауіпсіздік,  желілік қауіпсіздік, тіркеуден кейінгі рұқсат алу, вирустардан қорғау және жұмыс ретінің бұзылуы жағдайында ақпартты қалпына келтіру.  Клиенттен серверге дейінгі ақпарат жолы – ең қауіптілігі жоғары бөлім. Алаяқтар сауда кәсіпорындарының интернет-магазиндерін бұзу арқылы клиенттің жеке мағұлматтары көрсетілген клиент жайлы ақпараттарды көре алуы мүмкін. Сондықтан сіздің сеніміңізге ие болған интернет кеңістіктегі кәсіпорындар жайлы көбірек зерттеп, білгеніңіз абзал.

Егер жаңа заман жаңа мүмкіндіктерді тудырады дейтін болсақ, электронды ақшаға  "үнемдеу валютасы" деп ат қояр едім. Бірнеше мысалдар келтіріп өтейін: үйіңіздің қасындағы дүкен мен интернет дүкеннің бағасы жер мен көктей болуы әбден мүмкін. Себебі интернет кеңістік бәлеңше квадрат метрлік зәулім офистерді қажет етпейді. Қаланың әр бұрышындағы дүкендер мен қызмет көрсету орталықтарына бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін уақыт жұмсауыңыз мүмкін, ал ғаламторда бәрі бір жерде шоғырланған. Яғни интернет кеңістік сізге таңдау алуандылығын ұсынады және уақытыңызды үнемдейді.

 

2
0
1134

Осы тақырып бойынша

«Үнемдеу валютасы» немесе электронды ақша туралы түсінік - Yvision.kz