Қытайда қазақ жігіті асылып өлді
Қытайда 25 жастағы қазақстандық Ербол Суханов өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды КТК. Ол Үрімші қаласында 3 жылдан бері мейрамхана әкімшісі болып жұмыс істеген. Жігіттің ата-анасы оның жұмыс берушісін кінәлап отыр. Өйткені дәмхана қожайыны бірнеше күн бұрын хабарласқанында, Ерболдың 100 мың долларды ұрлағанынын айтып, тауып беруін талап еткен көрінеді. Қытайда жұмыс істеп жүрген Ербол ертең үйге ұшып келуі керек еді. Марқұмның анасы Жанат Жалынбетованың айтуынша, баласы ақша іздеген. "Мама, маған ақша тауып беріңдер. Әйтпесе, мыналар мені қорқытып жатыр деді. Жоқ, мама, мен алған жоқпын деді. Аналар мені ұрып, соғып алдың деп 100 мың доллар іліп қойды деді", - деп жылады анасы. Ербол Қытайға дейін Көкшетаудағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Аспан асты еліне жұмысқа шақырған да осы…





