Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО-да азаматтарды қабылдауда күрделі мәселелер талқыланды

2016 жылдың 30 наурызда Орал қалалық Зашаған кенті әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жұбаныш Аманқос Зашаған кентінің тұрғындарына арнап кезекті көшпелі қабылдау өткізді.

Азаматтар өтініштерінің басым көпшілігі мемлекеттік қызметке тұру, атап айтқанда жас мамандарды мемлекеттік қызметке өтудің механизмдері қызықтырды. Сондай-ақ, тұрғындардан жолдардың жөнделуі, ауылдағы мәдениет үйінің құрылысы және тағы да басқа әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар келіп түсті.

Департамент басшысының орынбасары азаматтардан келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды тыңдай отырып, оларға дұрыс түсініктер берді.

Мәселелердің шешімін табуда азаматтардың өтініштеріне уақытылы назар аудару Департамент жұмысының басымдығы екендігін атап өткен жөн. Басшылық азаматтарды дәстүрлі түрде қабылдап отырады және жыл басынан бері күрделі де толғандыратын мәселелер бойынша жиырмадан аса азаматты қабылдады.

0
0
317

Консультативтік кеңес отырысында полиция қызметкерлерінің қызметтік этика нормаларын сақтау мәселесі қаралды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел алдында тұрған межелерді айқындап, дамуға, ілгерілеуге жол ашатын нақты міндеттер жүктейтін «Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамды» ұсынған болатын. Осы ресми құжаттың 31-қадамында «Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесін құру арқылы полицияның ашықтығын қамтамасыз ету» мәселесі көтерілген болатын.

Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі-ережені бекіту жайлы» 2015 жылғы 05 желтоқсандағы №995 бұйрығы негізінде қайта құрылған Консультативтік кеңес отырысының алғашқы отырысы болып өтті.

Кеңес отырысына Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов, Консультативтік кеңестің төрағасы, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Н.Ерманов, қоғамдық кеңес мүшелері мен департаменттің барлық қызмет салаларының бастықтары қатысты.

Кеңесті Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Ерманов  ашып, кеңестің бағдарламасымен  және күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.

Кеңес отырысында күн тәртібіне сай Кадр жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Б.Нұрманов сөз алып, 2015 жылғы 5 желтоқсандағы №995 бұйрығымен бекітілген «Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы» үлгі-ережемен таныстырып өтті. Ол өз баяндамасында Консультативтік-кеңесші органдар қызметінің мақсатын, негізгі міндеттері мен құқықтарын айта келе, кеңестің отырыстары жылына кемінде 2 рет өткізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, ол өз сөзінде консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің өкілеттіктерін қысқарту және тоқтату тәртібі, консультативтік-кеңесші органдардың жаңа мүшелерін бекіту тәртібі туралы, консультативтік-кеңесші органның жұмыс нысандары және шешімдері жайлы да мәліметтер беріп өтті.

Бұдан кейін сөз тізгінін Кадр жұмыстары басқармасының Жеке құрам инспекциясының бастығы полиция полковнигі Д.Әбілқасымов алып, «Қызметтік этика нормаларын бұзған полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымданған жеке және заңды тұлғалардың арыздану деректері бойынша атқарылған жұмыстары жайлы» баяндама жасады. Ол өз сөзінде 2016 жылдың 2 айында департамент бойынша қызметтік этика қағидатын бұзудың 8 дерегі анықталып, олар бойынша қызметтік тергеулер жүргізіліп, нәтижесінде кінәлі қызметкерлерге тәртіптік шара көрілгенін атап көрсетті. Сонымен қатар, есепті мерзімде департаменттің тәртіптік кеңестерінде заңдылықты, әскери-қызметтік тәртіпті бұзған полиция қызметкерлерінің жауапкершіліктері туралы мәселелер – 23 мәрте қаралып, нәтижесінде 49 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, оның ішінде, 7 қызметкер ішкі істер органдары қатарынан теріс қылықпен шығарылып, 7 қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылған. Сөз соңында Д.Әбілқасымов полиция қызметкерлері арасындағы заңсыздықтарды жойып, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Кеңес барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлер айтылды.

Қоғамдық кеңес айтылған мәселелердің жерде қалмай, кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
655

Мемлекеттік қызметшілерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы түсіндірілді

2016 жылдың 29 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Департаменттің өкілі М.Харесова, Кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдар өкілдері, инспекция қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел кезінде сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында видеороликтер көрсетіліп, сауалнамалар толтырылды.

         
0
0
334

Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне Қазақстанда пәтер беріледі

Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне Қазақстанда пәтер беріледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.

Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес Паралимпиадалық ойындарда чемпион және жүлдегер атағын иеленген спортшыларға ай сайынғы материалдық қолдау, сондай-ақ оларды баспанамен қамтамасыз ету нормалары қарастырылған.

«Өздеріңіз білесіздер, бұндай нормалар Олимпиада жеңімпаздарында болды. Жаңа заңда депутаттардың қолдауымен паралимпиадашылар үшін де тиісті норма бекітілді. Менің ойымша, бұл тұрғыда өте дұрыс шешім жасалды. Енді тек осы ай сайынғы материалдық ынталандыруды және пәтер алуы тиіс чемпиондар мен жүлдегерлер қажет», - деді Е. Қанағатов бүгін Риодағы Паралимпиадалық ойындарға еліміздің спортшыларын даярлау жөніндегі штабтың отырысында.

Комитет басшысы Үкімет қаулысымен бекітілген паралимпиадашыларды материалдық ынталандырудың сомасы жайын да  еске салып өтті.

1 орын - 50 мың доллар;

2 орын - 35 мың доллар;

3 орын - 25 мың доллар;

4 орын - 14 мың доллар;

5 орын - 6 мың доллар;

6 орын - 4 мың доллар;

Айта кетейік, 15-ші Паралимпиадалық  ойындардың басталуына 161 күн қалды. Бұл дода биылғы 7-18 қыркүйекте 23 спорт түрінен Рио-де-Жанейрода өтеді. 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2886909

0
0
188

«Алау» мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан чемпиондары анықталды

Бүгін Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Денис Кузин, әйелдер арасында - Екатерина Айдова чемпион атанды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөөз қызметінен.

Үш күн бойы «Алау» мұзайдыны сарайында өткен чемпионатқа сегіз аймақтан келген спортшылар қатысты. Жарыстар ересектер арасында да, жасөспірімдер арасында да ұйымдастырылды. Жалпы, 13 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

500, 1500, 1000 және 3000 метрге жүгіруде жиналған ұпай саны бойынша Екатерина Айдова көш бастады, Татьяна Климчук екінші, Мария Сизова үшінші орында.


Ерлер арасында барлық қашықтықтар бойынша жарыстарда Денис Кузин үздік болды, Дмитрий Морозов күміс, Александр Кленко қола медаль еншіледі.

Жасөспірімдер арасында классикалық көпсайыстан Демьян Гаврилов, қыздар арасында Александра Примак топ жарды.
Конькимен жүгіру спортынан мемлекеттік бапкер Кенже Сәрсекенованың айтуынша, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алдағы маусымдағы құрамы анықталады.

- Біздің спортшылар үшін бұл маусым жақсы өтті. Жасөспірімдер резерві артып келеді. Мысалы, Станислав Палкин Әлем кубогының бірнеше кезеңінде, халықаралық жарыстарда бағын сынады, Әлем чемпионатында «еркін» сайыста жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтадық, Әлем кубогы кезеңінде Палкин қола медаль олжалады. Негізгі құрамаға тоқталсақ, спринттен Қазақстанда көш бастап тұрған Роман Креч биыл Әлем чемпионатында 500 м қашықтықта 5-орын алды. Келесі маусымда спортшыларымыздың үздік нәтижелерге қол жеткізетініне үміттенеміз, - деді мемлекеттік бапкер.

Келесі маусымда спортшылар басты жарыс - Алматы қаласында өтетін Универсиадаға дайындалатын болады.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2887023


0
0
322

ҚР ДСӘДМ NormaLife препаратын гипертонияны емдеу үшін ұсынатыны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

Қазақстан денсаулық сақтау саласының әртүрлі сарапшыларының гипертонияны емдеуге арналған NormaLife препаратын «ҚР ДСӘДМ қан қысымын тұрақтандыратын бірден-бір дәрілік зат ретінде ресми түрде ұсынатынын» хабарлайтын сұхбаттар шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат Google.com дүниежүзілік іздеу серверіндегі вирустық жарнама баннерлері, сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылуда.

Мазмұндары бірдей сұхбаттар әртүрлі мамандардан, сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ Кардиология мен ішкі аурулар ҒЗИ директоры Сәлім Беркінбаев, «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ Басқарма басшысының орынбасары Махаббат Бекбосыновадан алынып, белгісіз ақпарат көзіне сілтеме жасалғандықтан, жалған болып табылады.

NormaLife препараты биологиялық белсенді қосынды болып табылады, сондықтан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі оны дәрілік зат ретінде қабылдауды ұсына алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктіңwww.mzsr.gov.kz ресми сайтында жарияланады.

 
0
0
390

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының бағыттары туралы

Тимур Темірәлиев, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар департаменті бастығының орынбасары, аға әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/kazakstandagy-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-kures-sayasatynyn-bagyttary-turaly

 
0
0
508

Жоғарғы Сот сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушыларды сауалнамаға қатысуға шақырады

Жоғарғы Сот ағымдағы жылғы 4 сәуірден бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізуді бастайды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-sot-procesine-katysushylar-men-sot-kabineti-servisin-tutynushylardy-saualnamaga

0
0
954

Встреча с исполнителями песен «Аспанға қараймын» и «Мария Магдалина»

31 марта в 15:00 в Центре развития молодежных инициатив (Ломова,38) пройдет пресс-конференция со звездами отечественной эстрады: Абай Бегеем, Асхат Тарғыном, Маусым Шәкімом.

Ждем всех, кто хочет поближе познакомиться  с творчеством артистов, чьи зажигательные песни последнее время звучат почти на всех праздниках и мероприятиях.

   
1
0
423

Атақты «Алло» әнінің желісімен

Жұмыста Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік кеш ұйымдастыру біздің бөлімге жүктелген еді.

Наурыз мейрамын тойлаудың жыл сайын қайталанатын таптаурын сценарийінен бас тартып, жаңаша, заманауи форматта өткізуге байладық. Өткіздік. Басшылар риза болды.

Мерекеге қызу дайындық барысында жұмыс кабинетімізде дүниеге келген мәтінді ұсынамын:

(кейбіреуіңіз, мүмкін, ватсаппен құттықтау ретінде келген аудиосын тыңдаған да шығарсыздар)

 

-         Алло!

-         Алло, бұл кім?

-         Мерекеңмен!

-         Бірге болсын.

-         Жумаймыз ба?

-         Жуған несі, жұмыстамын. Мен ішпеймін шарап-сыра...

-         Кешіріңіз, неге ішпейсіз?

-         Көже ішемін, қымыз-шұбат, айран-шалап, науырыз ғой

-         Наурыз болса, тойлайық та?!

 

-  Ой-ой-ой, әріптес, олай демеңіз,

сөйлейсіз неге солай сіз?

Тапсырма деген бастан асады,

орындамасақ – өлеміз.

Кел хат жазайық! Кел хат жазайық!

Қалғанын сосын көрерміз...

 

-  Ой-ой-ой, әріптес, олай демеңіз,

қалай біз оған көнеміз?

Бір жылда бір рет келетін мейрам

тойламай қалсақ, жөн емес.

Кел тойлатайық, кел тойлатайық!

Қалғанын сосын көрерміз...

0
0
663