Мемлекеттік қызметшілерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы түсіндірілді
2016 жылдың 29 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Департаменттің өкілі М.Харесова, Кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдар өкілдері, инспекция қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел кезінде сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында видеороликтер көрсетіліп, сауалнамалар толтырылды.
