Мазмұнға өту

Жаңа

Уақыт...

Мен күнде өкінемін. Неге менің уақытым маған мүлде керек емес, әрі пайдасыз нәрселерге кетіп жатқанын. Мен қазір 9-сыныпта аяқтап қалдым. Оқу жылы бітуге 2 ай ғана қалды. Сол баяғы бітпейтін тесттер, түкке тұрғысыз ақпараттарды жаттау, сондай нәрселерге күні түні дайындалу....Мен егер уақытты кері шегеруге болса, мектепке бармаушы едім. Мектеп-бұл білімнің ошағы дейді. Бірақ мен тоғыз жыл мектеп қабырғасында жүрсемде, үйренгенім шамалы ғана....Ол үйренгімнің өзі қайдағы бір формулалар, өмірге қажетсіз ақпараттар. Біз мұның бәрін тек мектеп бітірген соң оқуға түсу үшін ғана оқимыз. Ал одан кейін мұның бәрі ұмытылады. Қаншама жыл қиналып жаттаған нәрселерің түкке жарамай қалады. Ал оның орнына бір музыкалық аспапты жетік меңгергенім,немесе ағылшын тілін жетік білгенім артық еді деп күрсінем…

2
0
668

Қылмыспен күресте күш-жігерді біріктіреміз

Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Сергей Досполовпен сұхбат.

Әлемдік процестердің жаһандануы, көші-қон ағымының өсуі, халықтың мобильділігі, қылмыстық топтардың ықпал ету географиясының ұлғайып, мемлекет пен құрлық шекарасынан асуы үкіметтің өзге елдермен тиімді қарым-қатынас жасау үшін  нақты шаралар қабылдауын талап етеді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/kylmyspen-kureste-kush-zhigerdi-biriktiremiz

0
0
305

Экипаж командирі апатты жағдайда ұшақты қалай қондырғанын айтып берді

Бүгін барша жұртты дүрліктірген әуе кемесіндегі төтенше жағдай орын алды. Bek Air компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы қону кезінде алдыңғы шассиі шықпай, апатты қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды 24 арна. Бортында 116 жолаушы бар әуе кемесі 50 минут көлемінде көкте қалықтап жүрген. Абырой болғанда, білікті ұшқыштың арқасында зардап шеккендер жоқ. Алайда Ақтөбе, Алматы және Бангкоктан Астанаға қатынайтын ұшақ рейстері кейінге шегерілді. Таң сәріде Қызылордадан Астанаға шыққан Рашид Мамбетов бүгін аман қалғанына шүкіршілік етуде. Елордаға жақындаған бойда көкте қалықтаған ұшақта ақау барын жігіт ағасы бірден байқапты. "Басында бір-екі айналым жасағаннан кейін, біз сездік дұрыс емес екендігін. Неге ұшақ қонбай жатыр деп. Содан кейін апатты қону болатындығы хабарланды. Енді дұрыс болды ғой…

4
0
627

Қазақстандықтарға бюджет ақшасы жаппай таратылса, не болады?

Жақында президент үкіметке «базалық табыс» деп аталатын жобаны қарастыруды тапсырған болатын. Оған сәйкес, бюджет ақшасы жұртқа жаппай таратылуы мүмкін. Бұл қадамның қандай тиімді-тиімсіз тұстары барын NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап тізбектейді. Батыс елдері бюджет қаражатын барлық тұрғындарына тарату мәселесін шындап қарастыруға кіріскен. Кей мемлекеттер, тіпті ай сайын адам басына 1000 еуродан жоғары қаражат бөліп отырмақ. Олар осылайша, өмір сүруге қаражаты бар әр тұрғын өзінің сүйікті ісімен айналысатын болады деп сенеді. Еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бүгінде бұл мәселенің егжей-тегжейін жан-жақты қарастыруда. Егер елімізге "базалық табыс" жобасы енетін болса, жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы жойылып, оның орнына еліміздің 17 миллион халқы…

6
0
493

Новак мықты екен!

«Новак Джокович әуеден ұшып келген допты қалтасымен қағып алды», - деп хабарлайды 24.kz. Ойын барысында түрлі әдістер арқылы жанкүйерлерінің көңілін көтеріп жүретін теннисші Новак Джокович бұл жолы да сол әдетінен танбады. Майамиде өтіп жатқан турнирдің британдық Кайл Эдмандке қарсы матчында сербиялық ұшып келе жатқан допты қалтасымен қағып алды. Айта кетейік, бұл кездесуде Новак 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті. «Новак Джокович әуеден ұшып келген допты қалтасымен қағып алды», - деп хабарлайды 24.kz. Ойын барысында түрлі әдістер арқылы жанкүйерлерінің көңілін көтеріп жүретін теннисші Новак Джокович бұл жолы да сол әдетінен танбады.Майамиде өтіп жатқан турнирдің британдық Кайл Эдмандке қарсы матчында сербиялық ұшып келе жатқан допты қалтасымен қағып алды. Айта кетейік, бұл кездесу…

6
0
418

Асқазанда жиналған шаш 1 келіден асқан.......

Жамбылда 11 жас шамасындағы қыздың асқазанынан ақ халатты дәрігерлер ұзындығы 52 см, ал салмағы 1 келіден асатын шаш тапқан. Басында бұл қыз асқазанының ауратындығымен шағымданып, тексерілген болатын. Алайда, ол заттың не екендігін түсінбеген дәрігерлер ота жасауға кіріседі. Осындай оқиғаға тап болған дәрігерлерде жағаларын ұстап аң-таң. Бұндай жағдай елімізде әлі кездеспеген деседі.

2
0
627

Асыл Анам «Анама естелік» Аудио өлең

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Н. Еспанов «Тағдыр жолы» орын. Айбек Бекбосын

Бейнематериал авторы – Елена Уварова «Природа»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Асыл Анам, ардақты Анам,

Сағыныш, жарасын салып.

Сыздап тұр-ау, менің жарам,

Жалғыз, Наурызда қалып.

Төрт ай болды, кеткеніңе,

Сағындырып, мұңайтып.

Жете алмадым, дегеніме,

Сенсіз, қапыда қалып.

Ұлы мейрам, сенсіз өтіп,

Жанымды өртеп барады.

Әлі бүгін, сені күтіп,

Жылап жүрек, талады.

Бәрі дәмсіз, болды-ау мүлде,

Болмағасын қасымда.

Жұқардың-ау, қайран жүйке,

Өзің едің, барымда.

Күнде кешке, тілдесемін,

Сүретіңмен, үнсіз мұң.

Тек түсімде, мен көремін,

Түсінетін, мені түн.

Сырласамын, мен ақтарып,

Басып жатқан ойлармен.

Қуат күшке, толып алып,

Қарсы аламын, таңды мен.

1
1
1888

Үнділер құрлы жоқпыз ба? P.S. Баян Есентаева үшін жазылған пост

Мэри Ком 1983 жылы туған Үндістанның даңқты боксшысы. Бокс сүйер қауым үшін тұлғаға айналған дара спортшы. Мэри халықаралық додалардың жеңімпазы, әлемнің 5 дүркін чемпионы. Лондон олимпиадасының қола жүлдегері. Мэри Ком Үндістанның Манипур штатына қарайтын Кангатхеи ауылында алғаш рет қолына қолғап киеді. Ол ауылда қыздардың спортпен айналысуы әдепсіздік болып саналатын. Ата-аналары рұқсат бермейтін. Бірақ, Мэри бокспен шұғылданып жүргенін әкесіне айтпайды. 2000 жылы Манипур штатында әйелдер арасындағы жарысқа қатысып, жеңімпаз атанады. Әкесі газеттен қызының суретін көріп, бокспен айналысатынын сол кезде бірақ біледі. Аздап ұрыс-керіс болады. Уақыт өте түсіністік танытып, қызына ақ батасын береді. Сол жылдан бастап Мэри әлемдік ареналарда жұдырықтасып, жүлдегер атана бастайды. Боксшының…

1
0
698

Кiтапхана және менiң балалығым.

Балалық - бiздiң ең шуақты, бақытты күндерiмiз. Балалық - пәктiк, таза ой мен ниет, өмiрге деген шынайы көзқарас. Бала күннен бастап баланың бойына бар жақсыны сiңiретiн, үйрететiн ата-ана, және жаманды да көрсететiн де сол ең жақын жандар. Мен мақтанышпен айта алатыным, әке-шешем өте қарапайым кiсiлер болғанымен маған өнердi, кiтаптарды сүюдi үйреттi. Иә, әкемнiң кiтаптарға деген құштарлығын көрiп, менде кiтап оқуға талпынатынмын. Менiң айқын есiмде қалғаны, мектепте оқып жүрген кездерi балалар далада ойнап абыр-сабыр болып жатса, мен терең ойға батып кiтапханада жүретiнмiн. Мен үшiн кiтапхана киелi мекен едi. Жүрегiм, жан-дүнием шаттанатын. Әкемнiң менiң бойыма сiңiргенi кiтаптарға деген шексiз махаббат. Бала күнiмде өте көп кiтап оқыдым, ол кезде компьютер, планшеттердiң болмағанына ке…

0
0
616

Өмір шіркін, өтіп жатыр, менен сұрамай «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Кентау Назарбек «Керуен-Ғұмыр» күйі

Күйді орындаған – Айбек Бекбосын

Бейнематериал авторы – Ministry of Foreign Affairs Kazakhstan

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Жарық күнге, бір қуанып,

Атқане таңға, бір қуанып.

Өмір шіркін, өтіп жатыр,

Менен сұрамай.

Гүл исіне бір қуанып,

Бал сезмге бір тамсанып.

Өмір шіркін, өтіп жатыр,

Менен сұрамай.

Бірде ренжіп, бірде жылап,

Тік тұра алмай, бірде құлап.

Өмір шіркін, өтіп жатыр,

Менен сұрамай.

Бірде күйіп, бірде тоңып,

Қилы жолда, боран соғып.

Өмір шіркін, өтіп жатыр,

Менен сұрамай.

Бір күн жаным, кетер ұшып,

Ағып түскен, жұлдыздай.

Артта қалар, зарлап талып,

Қалт-құлт еткен, арман-ай.

1
4
4886