Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да азаматтарды қабылдауда күрделі мәселелер талқыланды

2016 жылдың 30 наурызда Орал қалалық Зашаған кенті әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жұбаныш Аманқос Зашаған кентінің тұрғындарына арнап кезекті көшпелі қабылдау өткізді.

Азаматтар өтініштерінің басым көпшілігі мемлекеттік қызметке тұру, атап айтқанда жас мамандарды мемлекеттік қызметке өтудің механизмдері қызықтырды. Сондай-ақ, тұрғындардан жолдардың жөнделуі, ауылдағы мәдениет үйінің құрылысы және тағы да басқа әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар келіп түсті.

Департамент басшысының орынбасары азаматтардан келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды тыңдай отырып, оларға дұрыс түсініктер берді.

Мәселелердің шешімін табуда азаматтардың өтініштеріне уақытылы назар аудару Департамент жұмысының басымдығы екендігін атап өткен жөн. Басшылық азаматтарды дәстүрлі түрде қабылдап отырады және жыл басынан бері күрделі де толғандыратын мәселелер бойынша жиырмадан аса азаматты қабылдады.

0
0
279

Осы тақырып бойынша

БҚО-да азаматтарды қабылдауда күрделі мәселелер талқыланды - Yvision.kz