Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атақты «Алло» әнінің желісімен

Жұмыста Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік кеш ұйымдастыру біздің бөлімге жүктелген еді.

Наурыз мейрамын тойлаудың жыл сайын қайталанатын таптаурын сценарийінен бас тартып, жаңаша, заманауи форматта өткізуге байладық. Өткіздік. Басшылар риза болды.

Мерекеге қызу дайындық барысында жұмыс кабинетімізде дүниеге келген мәтінді ұсынамын:

(кейбіреуіңіз, мүмкін, ватсаппен құттықтау ретінде келген аудиосын тыңдаған да шығарсыздар)

 

-         Алло!

-         Алло, бұл кім?

-         Мерекеңмен!

-         Бірге болсын.

-         Жумаймыз ба?

-         Жуған несі, жұмыстамын. Мен ішпеймін шарап-сыра...

-         Кешіріңіз, неге ішпейсіз?

-         Көже ішемін, қымыз-шұбат, айран-шалап, науырыз ғой

-         Наурыз болса, тойлайық та?!

 

-  Ой-ой-ой, әріптес, олай демеңіз,

сөйлейсіз неге солай сіз?

Тапсырма деген бастан асады,

орындамасақ – өлеміз.

Кел хат жазайық! Кел хат жазайық!

Қалғанын сосын көрерміз...

 

-  Ой-ой-ой, әріптес, олай демеңіз,

қалай біз оған көнеміз?

Бір жылда бір рет келетін мейрам

тойламай қалсақ, жөн емес.

Кел тойлатайық, кел тойлатайық!

Қалғанын сосын көрерміз...

0
0
615

Осы тақырып бойынша

Атақты «Алло» әнінің желісімен - Yvision.kz