Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың  16 наурызында Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінде  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта Жаңаөзен қаласы бойынша ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, ҚР-ның Бас прокуратурасы Маңғыстау облысы бойынша басқармасының өкілі және бөлім қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Елдос Таушанов жоғарыда аталған мекеме қызметкерлеріне іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы, ҚР-ның «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» заңдарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті және «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» атты тақырыпта дәріс оқыды..

Сөз соңында семинар қатысушыларына министрліктің kyzmet.gov.kz сайтының жұмысы бойынша, ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.

 

Департаменттің  сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасы

 
0
0
922

Этно-мәдени ұйымдардың өкілдері сыбайлас жемқорлықты бірауыздан айыптады

Ағымдағы жылдың 29наурызындаҚРМемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен облыстық Достық үйі ғимаратында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, этно-мәдени ұйымдары және олардың жастар қанаттары өкілдеріне арналған қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты сұхбат алаңы өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің Сыбайлас  жемқорлық профилактикасы  басқармасының өкіліЕрбол Жұмабайқатысушыларғажаңадан құрылған департаменттің мақсаты мен міндеттері,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 30.11.2015ж. Жолдауы, Қазақстан Республикасының2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңының талаптары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысындағы азаматтардың құқықтары туралы түсіндіріп өтті.

Азаматтық қоғам белсенділері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ойларын ортаға салып, көкейіндегі сауалдарына жауап алды.

Іс-шара соңындақатысушыларына Министрліктің ресми www.kyzmet.gov.kzсайты, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді .

   

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы

 
0
0
724

Қызылордада ақбөкен аңының дериваттарын заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында 2016 жылғы 29-31 наурыз аралығында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері рейдтік шолу жұмыстарын жүргізді. Шараның 2 күнінде ҚР Үкіметі қаулысымен қорғалатын ақбөкен аңының дериваттарын тасымалдаудың 3 дерегі анықталып, қылмыстық істер қозғалды.

Атап айтқанда, наурыз айының 29 күні сағат 15.00 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 95 шақырымында Жалағаш ауданының 25 жасар тұрғынының басқаруындағы «Daewoo-Gentra» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көліктің ішіне қарау жүргізу барысында, жүксалғыштан киік мүйізі бар сөмке анықталды. 4 дана киік мүйізі айғақ зат ретінде алынып, тәркіленді, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Дәл осындай дерек 30 наурыз күні де орын алған.  Яғни, кешкі сағат 17.10 шамасында полиция қызметкерлері Қызылорда-Павлодар тас жолының 12 шақырымында күдік тудырарлық ГАЗ – 3110411 маркалы автокөлігін тоқтатады. 1976 жылы туылған қала тұрғынының автокөлігіне қарау жүргізу барысында жүксалғыштан киік аңының мүйізіне ұқсас 6 дана мүйіз анықталды. Айғақ зат тәркіленіп, оқиға орнына ҚІІБ-нің жедел-тергеу тобы шақыртылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, 1 сағат уақыт өткеннен кейін дәл осы аумақта экологиялық заңнамаларды бұзудың тағы бір қылмыстық фактісі тіркелді. Яғни, 1983 жылы туылған қала тұрғынының басқаруындағы «Мазда-626» маркалы автокөлігі тоқтатылып, автокөлікке қарау жүргізу барысында көліктің жүксалғышынан 10 дана киік аңының мүйіздеріне ұқсас мүйіздер анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі таңда, аталған 3 дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де, азаматтардың кінәсі толық дәлелденген жағдайда, олар өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жойғаны үшін үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

   
0
0
718

Шындықпен бетпе-бет әңгімелесу

2016 жылдың 30 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин «ТДК-42» телеарнасының тікелей эфирінде «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасына қатысты. Бағдарламаның басты тақырыптары Мемлекеттік қызмет істері органдарының негізгі міндеттері мен қызметтік бағыттары, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының негізгі бағыты және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамының жүзеге асуы жөнінде болды. Департаменттің басқарма басшысы телекөрермендерден келіп түскен сұрақтарына дұрыс түсініктер берді.

1
0
329

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік заңнамасында көзделген өзгерістер туралы семинар

Ағымдағы жылдың 18 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе отырып облыс әкімдігінде тәртіптік жауапкершілік заңнамасындағы көзделген өзгерістер тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға облыс әкімдігінің және облыс аппаратының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының өкілі Сұлтан Сахан жиналған мемлекеттік қызметкерлерге жаңадан құрылған департаменттің мақсаты мен міндеттері, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңдарының талаптарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар Департаменттің өкілі мемлекеттік қызметте және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы басты өзгерістері және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі жөнінде сөз қозғалды.

Жиынға қатысқан мемлекеттік қызметкерлер тақырыпқа сәйкес өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Іс-шара өзінің мәреленген мақсатына жетті.

 
0
0
745

БҚО білім саласында қоғамдық тыңдаулар өткізілді

 

2016 жылдың 30 наурызында Орал қаласының білім бөлімінде онлайн режимінде білім бөлімінің басшылығы, ата-аналар комитеті жетекшілері, тәрбие жұмыстарын қадағалаушы әдіскерлер және мектеп директорларының қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті.

Қоғамдық тыңдау жұмысына ҚР мемлекеттік қызмет істері министрілігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатынасты.

Қоғамдық тыңдау мақсаты білім саласы мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелері, тәжірибе және ойлармен бөлісу, мәселелерді шешу жолдарын іздеу, сонымен қатар, білім жүйесіндегі жұмыстармен ақпараттандыру болып табылады.

Күн тәртібіне мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шаралардың маңызы, ҰБТ дайындық және тағы басқа сұрақтар енгізілді.

Департамент өкілі Б.Хайруллин іс-шараға қатысушыларға өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі енгізілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» құжатымен таныстырды.

Аталған қоғамдық тыңдау педагог пен ата-ананың білім беру процесіндегі ұстанымын, жанұя мен мектептің тиімді ынтымақтастық бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, олардың қарым-қатынасын реттеу үшін жасалған бағдарламаның жүзеге асырылуы талданады.

 

0
0
255

Балаңыз батыл болсын десеңіз

Сіз балаңыздың өз пікірін білдіре алмайтын, жасық, қорқақ, сылбыр, әлжуаз, өз-өзіне сенімсіз, күдікшіл, тым ұялшақ, семіз, тұйық, қабілетсіз болып өскенін қалайсыз ба?

Мен қаламаймын. Еш ата-ана баласының бойынан аталған қасиеттерді көргісі келмейтін шығар.

Алайда, екі жасар қызымды қыдыртып қайда барсам да, жоқ дегенде, 3-4 маманың қылықтарын көріп қайран қалып келемін. Әсіресе, далаға (аулаға) шыққанда "ештеңе деп қоймайыншы" деп аузыма әрең ие болып келемін.

Айналайын, құрбылар, аяулы аналар, сүйкімді сіңлілер!

Төрт қабырғаға қамалған қаланың баласының бір сергіп мәз болатын жері - аула емес пе? Алысып-жұлысып, қағысып-тебісіп, асыр салып ойнамаса, қыста қар ұстап, сырғанақ теппесе,  жазда топыраққа аунап, доп қуаламаса бала бала бола ма? Баланың құмары қана ма?

Ойын баласы ойнау керек. Олар ойынмен өседі, физикалық жағынан жетіледі. Баланы тек интеллектуалды жағынан дамыту - біржақты әдіс, қазақша айтқанда, дұрыс емес.

Баланың әр қимылын аңдып, "үйтпе, бүйтпе" деп зекіріп, үсті-басын қаққыштап, қолын ылғал майлықпен сүрткіштеп, сипалай бергеннен ойынның да, баланың да берекесі кетеді. Үстімді былғап алмайын деп қорынған бала да емін-еркін көсіліп ойнай алмайды, жалтақтап мамасына қарай береді. Қандай аянышты. Балаға бостандық беру қажет (әрине, шектен шығармай). Қазір дене бостандығын көрмеген бала кейін ой бостандығын, еркін пікір, сана бостандығын қайдан біледі?  Жалтақ, қорқақ, ез болып өспей ме? Шешім қабылдай алмайтын, тәуекелге бара алмайтын, сылбыр адамдардан қандай тұлға, қандай лидер шығады?

"Жығыласың", "құлайсың", "өлесің, ойбай", "үстіңді былғайсың", "шықпа", "тиіспе", "жап аузыңды", "тух, қақсамашы", "тыныш отыр", "жүгірме", "секірме", "сұрай берме" деген тиымдарға әуес болмайықшы, қыздар.

Әрине, баланы бетімен жіберіп қою да қателік. Тым тасыраңдап, тәртіпсіз болып өскен бала өмірде көп қиыншылықтарға ұшырайды. Бірақ ол туралы басқа блогта пікірлесерміз. Бүгінгі айтпағым, жанайқайым - асты-үстіне түсіп, өбектеп өсірген бала өлік болып шықпасын, абайлайық.

1
0
945

Қазақстанда қызылшамен сырқаттану 36 есеге төмендеді

Халықты вакциналау шараларымен кең көлемде қамтудың нәтижесінде Қазақстанда қызылшамен сырқаттанудың көрсеткіші ағымдағы жылдың 2 айында өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 36 есеге төмендеді (2015 жылғы 2 айда 705 жағдай,  2016 жылғы 2 айда 20 жағдай).

Қызылша – қоздырушысы РНК-вирус болып табылатын жіті жұқпалы ауру. Аурудың белгілері – жоғарғы дене қызуы (40,5°C-ға дейін), көздің, жұтқыншақтың, жоғарғы тыныс алу мүшелері шырышты қабығының қабынуы, ауыздың шырышты қабығындағы бөртпелер, денедегі дақты-папулалық бөртпелер, жалпы ағзаның улануы.

Қызылша ерекше контагиозды. Аталған аурумен сырқаттанған адаммен қарым-қатынаста болған сау адамның ауруды жұқтыру қаупі 95-96 пайызды құрайды. Қызылшамен кез келген жастағы адам ауырады, көбінесе мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларда кездеседі.

Инфекция ауа-тамшылы жолдармен: жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен кезде жұғады. Инкубациялық кезең орта есеппен 8-10 күнге созылады.

Сонымен қатар, вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларды, оның ішінде қызылшаны да емдеудің бір ғана жолы бар, ол – вакциналау. Вакциналау жасанды иммунитетті жасауға көмектеседі. Адам ағзасында белгілі бір ауруға иммунитеттің болмауы аурудың асқынуына не болмаса өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшамен ауырғандағы ауыр асқынулар өкпенің қабынуына (пневмония), энцефалитке және менингоэнцефалитке әкеледі. Қызылшаның ең ауыр сырқаттану түрлері жасы ұлғайған адамдарда кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы қызылша эпидемиологиялық жағдайының төмендеуіне байланысты 15-19 жас аралығындағы адамдарға қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылданған болатын. Шара 2015 жылғы ақпанда басталды. Оны жүргізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификацияланған және барлық стандарттарға сай вацина сатып алынған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықты вакциналаумен қажетті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында ҚР-да қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясын өткізуге арналған Әлеуметтік мобилизациялау мен ақпараттық жұмыстар жоспарын бекіткен болатын. Облыс, Астана, Алматы қалалары әкімдері орынбасарларының басшылығымен өтетін қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларын үйлестіру мақсатында әрбір аймақта штабтар құрылды. Вакцинаны тасымалдау мен сақтау шаралары мұқият тексерілді. Жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен вакциналауды жүргізудің қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қызылшаға қарсы иммундау кампаниясының бірінші кезеңінде 529 мың 422 жасөспірім (60,1%-дан аса), екінші кезеңінде 292 мың 113 адам немесе  мақсатты топтың жалпы санының 92,1%-ы (316 мың 704 жасөспірім) қамтылды.

 
0
0
474

Семей қасіреті – қазақ қасіреті

«Семей қасіреті» кітабының тарихнамалық және деректемелік арқауы мейлінше шымыр. Дәуірнамалық мәні айрықша. Қазақ қасіретін, жер-судың зар-наласын толыққанды сипаттап жеткізген

Жазушы Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» дейтін деректі тарихи хикаяты – Қазақ елінің, Жер-суының, Тағдырының қасіретін толғаған кемел туынды. Бұл энциклопедиялық сипаттағы кесек шығармада қисапсыз мол материалдар, айғақ-деректер жинақталып, жүйеленіп нақтылы баяндалған, тарихи-философиялық жинақтаулар мен тұжырымдар жасалған. Мысалы, «Семей қасіреті» кітабының «Жапон халқына қымбат «сыйлық», «АҚШ қырғиларымен тайталаста», «Қазақ сахарасы – сынақ алаңы», «Қыр елінің тарихы шерткен сыр», «Мамыражай жаз еді», «Қорғаушысы жоқ ел жетім», «Мүсәпір елдің тағдырын кім ойлайды», «Мұхамедғали Сужиков не үшін қудаланды?», «Қисапсыз көп жарылыс кім үшін?», «Радиация күлінің астындағы тірлік», «Жазаның ауыры – кешіккен шындық», «Еңіреген ер қайда атқа мінген?», «Заман озып, заң тозған жылдарда», «Жаралы жерде жаңғырған ел», «Семей полигонын кім жапты?», «Адасулар, өтірік және ақиқат» дейтін дастанға лайық ауқымды тарауларында замана кейпі, дәуір шындығы, тұтас адамзат қауымына зұлымдық жасаған ел билеушілерінің жыртқыштық, зымияндық, әпербақандық әрекеттері, халық қабырғасын қайыстыруы соншалықты дәйекті, сүйекті дәлелдерімен әңгімеленеді.

Медеу Сәрсекенің инженерлік білігі, ғылыми-жүйелі ойлауы, эрудициясы, ар білімі, интеллектуалдық болмысы, ғылыми-шығармашылық әлеуеті жаратылыстану ғылымының жеткен биігін, әсіресе, атом бомбасының құрылымының қандай екенін түсіндіреді. Ол былайша екен: тротил қоспасы мен гексогеннің өзара мөлшерін 1:1 етіп, бұған тітіркендіру жылдамдығын секундына 7650 метрге жеткізгенде атом ядросы тізбекті реакцияға түседі. Сонда отыз екі нүктеден бір мезетте атқылаған заряд тізбекті реакция тудырып, атомдық жарылыс жасайды екен. Бір килограмм радий 1590 жыл бойы ыдырау реакциясына түсіп, 0,5 кг қорғасынға айналады. 1 кг уран 22900 киловатт қуат бөледі. Бұларды бейбіт мақсатқа жұмсамаса, жанды-жансыз дүниені тозаңға айналдырады. Бұл орайда Медеу Сәрсеке «Семей қасіреті» еңбегінде әлемдік ғылым тарихындағы ұлы оқымыстылар Нильс Бор, Д.Н. Менделеев, Э. Резерфорд, А.Ф. Иоффе, П.Л. Капица, И.Е. Тамм, А. Эйнштэйн, Л.Д. Ландау, А.Д. Александров, Ю.Б. Харитон еңбектеріне ой жарығын түсіріп, атомдық және ядролық жарылыстарды, физикалық құбылыстарды қалай жасалу мәнісіне тоқталады. Ең бірінші бомбада 7 кг плутоний болған, РДС («Реактивный двигатель Сталина») деп аталған Атом бомбасының Бас конструкторы – Ю.Б. Харитон. 1953 жылдың 12 тамызында сыналған сутегі бомбасының жасаушысы – академик А.Д. Сахаров.

Семей полигонында 1949-1989 жылдарда 470 мәрте атомдық және термоядролық жарылыстар жасалды. А.Д. Сахаровтың жазуынша, әрбір термоядролық жарылыс он мың жанды құрбан етеді екен. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Дегелең тауының астында 296 сынақ жасалған. 1961-1962 жылдардың ішінде 68 жарылыс (53-і ауада) болған. Сонда Абай елінде болған 470 дүркін жарылыстан – 2500 мегатонна энергия бөлінген. Ал Жапонияның жеріндегі жарылыстан 30 мегатонна, Чернобыльдан 100 мегатонна бөлінген. Осының өзінен Семей халқы мен даласының мыңдаған жылдарға созылатын адамзаттың, жаһанның қасіретін немен өлшеуге болады? АҚШ 1945 жылы 6 тамыз күні Хиросимаға бомба тастағанда 47 секундта 130 000 жанды ажал құштырған және 200 мың жан иесі зардап шеккен. Міне, адамзатқа, ғаламзатқа, Жер-Анаға жасалған зұлымдық!

Деректанушы, жазушы, Семей қасіретінің куәгері Медеу Сәрсеке 1949 жылдың 29 тамызында атомдық жарылыстың жаратылысқа әкелген сойқанды былайша айтады: Бомба қойылған 30 метр құрыш болаттан құйылған мұнараның суша ағып кетуі, топырақ балқып, қалыңдығы бір қарыс күйік қабаттың пайда болуы, жер мен көк от құйынның әлегіне түсуі, аумағы отыз шақырым даланың өртенуі (әскерилер екі тәулік бойы сөндірумен жанталасқан) сиырлар өкірген, бүркіттердің қанаты күйіп, көзі аққан, тау шыңы қаңбақша ұшқан, малдың терісі тырысып-бырысып күйіп, тырапай асқан.

Қоғам қайраткері, ғұламалық, білімпаздық зердесі орасан Медеу Сәрсеке «Весь Казахстан» (Ленинград, 1931 жыл) дейтін еңбектегі деректерді сөйлетеді. Қазақ АКСР-нің Жоспарлау комитетінің 1930 жылғы 30 маусымда келтірген мәліметтері бойынша, республика өңірінде 1930 жылы 29 812 жан иесі (1940 жылы 50 мың ғана) болған. Және елдің дәулетіне келсек, 1 206 207 түйе, 2 84 874 жылқы, 5 036 302 сиыр, 20 024 902 қой-ешкі. Кәмпеске, ашаршылық, ереуілдер, репрессия, соғыс, жарылыстар салдарынан осылардың там-тұғы, жұрнағы қалғаны, арлы-намысты қайсар ұландардың қырылғаны, ұсталғаны қандай өкінішті?!

Қазақстанда 1929-1931 жылдарда 372 көтеріліс бұрқ еткен. Советтік идеология, социализм халықты қан қақсатты. Бұл турасында Медеу Сәрсеке Н.С. Хрущевтің өлер алдындағы ойын былайша жеткізген: «Прасковья Мошенцева деген емдеуші дәрігері Хрущев жатқан палатаға кіргенде, науқастың көңіл күйі түзеліп, сырқаты бері қараған сәт екен, Никита Сергеевич қолындағы «Правда» газетін нұсқап: «Мына газет өмір бойы насихаттаған социализмнің не екенін білесіз бе?» – дейді. Тосын сұраққа қымсынған дәрігерге соның немене екенін өзі түсіндіріпті: «Біздің жалынды бір үгітші колхозшыларды жинап, социализм туралы үш сағат бойы дәріс оқыпты. Сөйте тұрып үш бокал су ішіпті. Содан дәрісін бітіріп, «Ал енді сұрақ қойыңдар!» дегенде, алдыңғы қатардан мен сияқты орта бойлы кексе адам тұрып, «Құрметті лектір, – дейді, – Сіз сәциализмді үш сағат бойы мақтап, бір гірапын су іштіңіз. Үш сағатта бір рет те дәретке шықпадыңыз. Соған сіз қалай шықпадыңыз?..» депті... Мошенцова не дерін білмей, тым-тырыс сілейіп тұрғанда: «Қымбатты Прасковья, социализмнің не екенін ұқтыңыз ба? Айтуға ұялып тұрсаңыз, немене екенін мен айтайын: ол да – су, ия, кәдімгі нәрі жоқ сылдыр су!..» – деген түсіндірме беріпті... (Уильям Таубман «Хрущев» кітабынан).

Толығырақ оқу

1
0
2660

Полиция қызметкерлерінің кәсіби қызметтік даярлығы сыналды

Ағымдағы жылдың 25-26 наурыз күндері Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Кадр жұмысы басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті бөліністердегі жеке құрамның кәсіби қызметтік даярлығына жауап беретін кадр қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.

Кадр жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Бауыржан Нұрманов атап өткендей, Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің кәсіби қызметтік даярлығына, яғни олардың саптық дайындық тұрғысында үлгілі болып, атыс және дене шынықтыру даярлығы бойынша белгіленген нормативтерді орындай білуіне, экстремалды жағдайлардағы психологиялық тұрақтылығына бірінші кезекте кадр аппараты қызметкерлері жауапты.

Екі күнге созылған оқу-әдістемелік жиында шақырылған мамандар мен тәжірибелі қызметкерлер, арнайы бөліністердің командирлері ой бөлісіп, тәжірибе алмасып қана қоймай, кәсіби қызметтік даярлық инспекторларынан сынақтар қабылдады.

Кәсіби қызметтік даярлыққа жауапты қызметкерлердің 2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмыстарының және оқу-әдістемелік жиындағы сынақ тапсыруларының нәтижесі бойынша Қызылорда қаласы ІІБ-ның кәсіби қызметтік даярлық инспекторы полиция капитаны Артур Нұржановтың, Жалағаш ауданы ІІб-нің кәсіби қызметтік даярлық аға инспекторы полиция майоры Абзал Сералиевтің, Қазалы ауданы ІІб-нің кәсіби қызметтік даярлық аға инспекторы полиция майоры Айбек Алиевтердің жақсы жетістіктері атылып өтілді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
1068