Этно-мәдени ұйымдардың өкілдері сыбайлас жемқорлықты бірауыздан айыптады
Ағымдағы жылдың 29наурызындаҚРМемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен облыстық Достық үйі ғимаратында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, этно-мәдени ұйымдары және олардың жастар қанаттары өкілдеріне арналған қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты сұхбат алаңы өткізілді.
Іс-шара барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкіліЕрбол Жұмабайқатысушыларғажаңадан құрылған департаменттің мақсаты мен міндеттері, Қазақстан Республикасы Президентінің 30.11.2015ж. Жолдауы, Қазақстан Республикасының2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңының талаптары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысындағы азаматтардың құқықтары туралы түсіндіріп өтті.
Азаматтық қоғам белсенділері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ойларын ортаға салып, көкейіндегі сауалдарына жауап алды.
Іс-шара соңындақатысушыларына Министрліктің ресми www.kyzmet.gov.kzсайты, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді .
Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы
