Мазмұнға өту

Жаңа

Атақты «Алло» әнінің желісімен

Жұмыста Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік кеш ұйымдастыру біздің бөлімге жүктелген еді. Наурыз мейрамын тойлаудың жыл сайын қайталанатын таптаурын сценарийінен бас тартып, жаңаша, заманауи форматта өткізуге байладық. Өткіздік. Басшылар риза болды. Мерекеге қызу дайындық барысында жұмыс кабинетімізде дүниеге келген мәтінді ұсынамын: (кейбіреуіңіз, мүмкін, ватсаппен құттықтау ретінде келген аудиосын тыңдаған да шығарсыздар) - Алло! - Алло, бұл кім? - Мерекеңмен! - Бірге болсын. - Жумаймыз ба? - Жуған несі, жұмыстамын. Мен ішпеймін шарап-сыра... - Кешіріңіз, неге ішпейсіз? - Көже ішемін, қымыз-шұбат, айран-шалап, науырыз ғой - Наурыз болса, тойлайық та?! - Ой-ой-ой, әріптес, олай демеңіз, сөйлейсіз неге солай сіз? Тапсырма деген бастан асады, орындамасақ – өлеміз. Кел хат…

0
0
622

Смартфонның сыңсуы

(2016 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік органдарға смартфон, смартсағат, планшет, камерасы бар телефондар алып кіруге тиым салынды. Мемлекеттік қызметкерлер сүйікті смартфон/аяулы айфондарын үйге қалдырып, жұмысқа қарапайым телефонмен келуге міндеттелді).

Сондағы смартфонның айтқаны:

 

Ай, ватсап, ватсап, ватсап,

Шенеунік иеміз құрғыр

Кетті ғой бізді тастап.

Камера құрбым, қайдасың,

Қалдың ба сен де қақсап.

Иеміз шенеунік байғұс

Түгі жоқ тұл телефонмен

Жұмысы жүр ма ақсап.

 

Жұмысы жүр ме екен ақсап

Инстаға кіре алмай,

Ютубтан көре алмай,

Твиттер мен фейсбукта

Көсемсіп сөйлей алмай.

Иеміз жұмысқа кетті.

Біз үйде қалдық.

Смартфон атымыз өшіп,

Баланың ойыншығына айналдық.

0
0
345

Деніміз сау тұрғанда, жанымыз да сау болмақ!

Университетімде "Қазақстан тарихы" пәнінен беретін ұстазымның өз денсаулығына үлкен көңіл бөлетініне таңданамын. Үлкен қоңырауда сөмкесінен контейнерін, термосын алып күш жинап алады. Сабаққа үлкен сөмкесімен келеді. Айтуы бойынша оның ішіне жұмысынан кейін жаттығуға баратын киімін нақтырақ айтқанда джиу-джитсу спортында киетін формасын салып алады екен. Студенттеріне де беретін кеңесі: спортмен шұғылдану, темекі шекпеу, арақ ішпеу. Осы кісіге қарап тұрып-ақ денсаулығының оның өмірінде ойнайтын үлкен рөлін әу бастан-ақ түсінгенін білуге болады. Қазағым да денсаулықтың маңызын түсініп көптеген мақал-мәтелдер шығарған. Әр мақал-мәтелдің астарында жатқан үлкен мағына бар. Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық. Денсаулық — зор байлық. Жарлының байлығ…

2
0
470

ІС-САПАР ЕСЕБІ (М.Қыдырбайұлы)

"Тұран-Астана" университеті "Туризм және сервис" кафедрасының оқытушысы Мұхамедрахим Құрсабаевтың ІС-САПАР ЕСЕБІ Үстіміздегі жылдың 17-18 наурыз күні "Манас" қырғыз-түрік университетінің шақыруымен біз Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек шаһарында "Ғаламдық жаһандану жағдайындағы көпсатылы жоғары білім беру жүйесінің бүгіні һәм болашағы" тақырыбында өтетін жиынға қатыстық. Аталмыш жиын Түркі әлемі педагогтары ассоциациясының қолдауымен бірнеше жылдан бері өтіп келеді. Печать E-mail Ректор Проф. Др. Сeбахаттин Балжы Первый проректор Проф. Др. Асылбек Кулмырзаев Университет басшылары профессор Себахаттин Балжы және доктор Асылбек Кулмырзаев халықаралық мәртебесі бар білім ордасының жетістіктері туралы әңгімелеп берді. "Манас" университетінің деканы Акматали Алимбеков студенттер мен магис…

0
2
5380

БҚО діни бірлестіктер клубтары басшыларының отырысы

2016 жылдың 25 наурызында Батыс Қазақстан облысы діни бірлестіктер басшыларының клубының отырысы өткізіліп, онда департамент өкілі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісіммен таныстырды. Ашық келісімнің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Діни бірлестіктермен ынтымақтастықтың мақсаты – Қазақстан халқының мәдениетіне сыбайлас жемқорлықтың жат құбылыс екеніне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, діннің жемқорлықты қабылдамайтындығын жариялау. Отырыс барысында діни бірлестіктермен рухани құндылықтарды ұстанып, оны күнделікті діни ғимараттарға келушілер арасында шынайы дәстүрлі рухани құ…

0
0
434

Павлодарда «WorldSkills Kazakhstan» байқауы өз мәресіне жетті

Павлодар қаласында өңірлік «WorldSkills Kazakhstan» байқауы өз мәресіне жетті. 29 наурыз күні «Достық» концерттік залында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Павлодар облысының жастар саясаты мәселелелрі жөніндегі басқармасы мен Павлодар облысының білім беру басқармасы. Өңірлік WorldSkills байқауы құзіреттіліктері бойынша үздік мамандарды таңдап алу үшін өткізілді. Олар WorldSkills стандарттары бойынша өткізілетін Ұлттық жарыстарда Павлодар облысының намысын қорғайтын болады. Марапаттау салтанатын өзінің алғы сөзімен облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Сәдібеков ашты. Ол барлық байқау қатысушыларын құттықтап, жас мамандар үшін чемпионаттың маңызды екенін атап өтті. Павлодар облысында бұл байқау алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа техникалық-кәсіптік білім беру ме…

1
0
1094

Шассисіз қонған Bek Air ұшағының экипажы оқиғаны толығымен баяндады

Bek Air компаниясына тиесілі әуе кемесінің командирі Дмитрий Родин және стюард Рүстем Ибрагимов NUR.KZ порталына берген эксклюзивті сұхбатында "Қызылорда-Астана" рейсі бойынша ұшақтың апатты жағдайда қону сәтін толығымен баяндады. «Мұндай жағдай сирек кездеседі. Қазақстанда ондай жайттардың болғанын естімеппін. Елестетіп көріңізші, сағатына 300 шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатқан темірмен асфальтта жүруге тура келеді. Мұны біреудің қателігі деу әбестік болар. Техниканың аты техника, бәрі де болуы мүмкін», - дейді кеме командирі Дмитрий Родин. Командир ұшақтың қонуы емес, оның қону кезінде өртеніп кету мүмкіндігі басты мәселе болғанын айтуда. Оның алдын алу үшін арнайы көбік шашылған. «Мұндай жағдай сирек кездеседі. Қазақстанда ондай жайттардың болғанын естімеппін. Елестетіп көріңізші, с…

2
0
419

ТАРИХ-ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН GOOGLE EARTH ФОРМАТЫ АРҚЫЛЫ ТАНУ. М.Қыдырбайұлы

Бүгін ойда жоқта бір қуанышты жағдайға тап болдым.Əріптесім, Құлсары қаласында (Атырау облысы) тұратын Гүлзия Əбілқайырованың сіңлісі Айсəулені Астана темір жол станциясынан күтіп алуға бардым. Олар бір топ оқушылармен "Балдəурен" лагерінде дем алып елге бірге аттанғалы жатыр екен. Балалар сондай ақылды һәм инабатты екен. Салған жерден мен өзім дайындап жүрген "Тарих пен география пəнін Google Earth платформасы арқылы меңгеру" жобасы бойынша вокзал ішінде тұрып ашық сабақ өткіздім. Қандай ғажап əсер алдым десейші! Əсіре Жұлдыз деген қыз балаға керемет риза болдым. Ол мен айтқан атауларды сол мезетте жаттап алды. Мен оған "Жұлдыз! Сен менен де күштісің. Ертең ауылға барғанда осы үйренгеніңді достарың мен ұстаздарыңа сабақ-дəріс формасы ретінде өткіз дедім Muhamedrahim Kursabaev Құлсарыдағы…

0
0
998

БҚО-да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы проблемалар талқыланды

2016 жылдың 25 наурызда «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның ғимаратында «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жемқорлық қылмыстарының деңгейін төмендету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин, Батыс Қазақстан облысы бойынша прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кірістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы департаменттері басшылығы, үкіметтік емес ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» РҚБ-нің облыстық филиалының басшысы М.Қайырғалиев дөңгелек үстел қатысушыларын Батыс Қазақстан облысында құрылған филиалдың міндеттері және жоспарларымен таныстырды. Өз сөзінде Департ…

0
0
295

Сараң жігітті қалай тануға болады

Ер-азаматтың көп кемшіліктерімен келісуге болады, бірақ сараңдығына көну мүмкін емес. Себебі тарихи қалыптасқан дәстүр бойынша ер адам әйелді асырауға міндет алады. Кездесуге құр қол келетін, бала-шағасына ойыншық, әйеліне киім-кешек, әшекей, гүл әпермейтін сараң адамдар болады. Жалақысын әйеліне ұстатпайды, тіпті әйелінің ақшасын да өзі жұмсайды. Сауда-саттық кезінде бір тиын артық төлемейді, сауда орындарында тек жеңілдіктер мен акциялар бар тауарларды сатып алады.Садақа беру, құрбандық шалу, көмектесу, жанашырлық деген түсініктерден ада. Сараң еркек тек дүниеге ғана емес, жан жылуына да жұтаң келеді. Олар ешқашан көңіліңді аулау үшін жылы сөздер айтпайды, комплимент дегенді білмейді. Көтермелеу, мақтау, еркелету дегенге жоқ. Болған күннің өзінде де өте-мөте сирек. Сараңдық пен қызғанша…

0
0
3088