Шындықпен бетпе-бет әңгімелесу
2016 жылдың 30 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин «ТДК-42» телеарнасының тікелей эфирінде «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасына қатысты. Бағдарламаның басты тақырыптары Мемлекеттік қызмет істері органдарының негізгі міндеттері мен қызметтік бағыттары, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының негізгі бағыты және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамының жүзеге асуы жөнінде болды. Департаменттің басқарма басшысы телекөрермендерден келіп түскен сұрақтарына дұрыс түсініктер берді.
