Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік заңнамасында көзделген өзгерістер туралы семинар

Ағымдағы жылдың 18 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе отырып облыс әкімдігінде тәртіптік жауапкершілік заңнамасындағы көзделген өзгерістер тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға облыс әкімдігінің және облыс аппаратының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының өкілі Сұлтан Сахан жиналған мемлекеттік қызметкерлерге жаңадан құрылған департаменттің мақсаты мен міндеттері, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңдарының талаптарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар Департаменттің өкілі мемлекеттік қызметте және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы басты өзгерістері және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі жөнінде сөз қозғалды.

Жиынға қатысқан мемлекеттік қызметкерлер тақырыпқа сәйкес өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Іс-шара өзінің мәреленген мақсатына жетті.

 
0
0
698

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік заңнамасында көзделген өзгерістер туралы семинар - Yvision.kz