Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Құқық қорғау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық» атты семинар

Ағымдағы жылдың 17-18 наурызында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде және Мемлекеттік кірістер басқармасының Маңғыстау облысы бойынша департаментінде, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқызбұзушылық жағдайын және фактілерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Құқық қорғау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсетілетін саласын бақылау басқармасының басшысы Сержан Сихымбекұлы семинар қатысушыларына ҚР-ның «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» заңдарының талаптарын түсіндіріп өтті. Келесі сөз кезегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Ақмарал Сванбаеваға беріліп, өз кезегінде «Құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбындағы баяндамасымен таныстырды.

Кездесу соңында семинар қатысушыларына арнайы тапсырмамен түсірілген «Репортер представляет» атты бейнебаян көрсетілді.

 

Департаменттің  сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасы

 
0
0
698

Осы тақырып бойынша

«Құқық қорғау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық» атты семинар - Yvision.kz