Мазмұнға өту
kitap14

kitap14

Сайтта 2016 ж. 3 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

9

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Алқызыл желкендер

VI АССОЛЬ ЖАЛҒЫЗ ҚАЛДЫ Лонгрен түнді теңізде өткізді, ол не ұйықтамады, не балық ауламады, тек су сылдырын тыңдап, бетін желге тоса, қараңғы әлемге қарап ойланып отырды да қойды. Өмірінің осындай бір қиын сәттерінде жалғыз жүріп теңізді кезсе болғаны, жаны түлеп, тыңайып шыға келеді. Тамылжыған тыныштық, тек тыныштық пен оңаша серуен ғана көкірегінің көңілсіз де көмескі даусын қайта ширатып, айқындай түсер еді. Бұл түнде ол – келешек пен кедейлік жайлы, Ассоль жайлы көп-көп толғанды. Қызын аз уақыт болса да қалдырып кеткісі келмейді, мұның үстіне сөнген дертін қайта қоздырып алам ба деп қорқады. Бәлкім, ол кемеге қайтып барғасын сонау Капернада жан берісер жары күтіп отыр деп қалар. Сөйтіп, үйіне қайтып келе жатқанда жоққа емексіп, онсыз да қаралы көңілі жаралы болмаса неғылсын. Мери үй т…

0
0
830

Алқызыл желкендер

V ӘСКЕРИ ӘЗІРЛІК Кеменің палубасына көтерілгеннен кейін Грэй желкесін сипап бірер минут қимылсыз тұрып қалды, бұл оның не істерін білмей дағдарған шағы. Айкезбенің жылусыз күлімсірегені сияқты бір енжар сезім ұшпа бұлттай жүзін бір шалып өтті. Оның көмекшісі Пантен тап осы кезде бір тәрелке қуырылған балық әкеле жатқан, Грэйді көрісімен оның бір түрлі аңтарылып тұрғанын сезе қойды. – Сіз, бәлкім, бір жеріңізді соғып алған шығарсыз? – деді ол абайлап. – Қайда болдыңыз? Не көрдіңіз? Айтпақшы, қайда жүрсеңіз де өз еркіңізде ғой. Әлгі бір әзірде делдал келіп аса пайдалы бір сапар жайын айтып кетті, сыйлығы тағы бар көрінеді. Япыр-ау, сізге не болған – Рақмет, – деді Грэй күрсініп, бір ауыр жүктен құтылған кісідей. – Маған керегі сіздің ақылды, қамқор үніңіз екен. Төбемнен суық су құйғандай бо…

0
0
1354

Алқызыл желкендер

IV ҚАРСАҢДА Со бір күннің дәл алдында, өлең-жыр жинаушы Эгль көк теңіздің жағасында бүлдіршін қызға алқызыл желкенді кеме жайлы ертегі айтқаннан кейін арада аттай жеті жыл өткен шамада, апта сайын ойыншық дүкеншесіне барып қайтатын Ассоль осы жолы үйіне қатты ренжіп, мұңайып қайтты. Ол өз тауарын қайтып әкелді. Оның ренжігені сондай, ә дегенде сөйлей алмай қалды, тек әкесінің тағы бір бәле болып қалды ма деп ойлап, үрпие қалған түрін көргенде ғана, Ассоль қасында тұрған терезе әйнегін сипалап, теңізді көзімен шолып әңгімесін айтуға кірісті. Ойыншық дүкенінің қожасы бұ жолы ең әуелі есеп-қисап кітабын ашып, бұған қанша қарызданып қалғанын көрсетіпті. Қыз үш саннан тұратын қыруар қарызды көріп шошып кетеді. «Міне, мынау сендердің желтоқсаннан бері алғандарың, – дейді саудагер, – ал енді мын…

0
0
1060

Алқызыл желкендер

III ТАҢ АТҚАНДА Грэйдің «Құпия» кемесінің артында бұрқырап, көпіршіп қалып жатқан ақ жолақ ізі мұхитты белуарынан тіліп отырып, Лисстің кешкі оттарының жарығына жеткенде ғайып болды. Кеме маякқа таяу келіп рейдке тұрды. «Құпия» он күн ұдайы чесуча жібегін, кофе мен шай түсірді. Он бірінші күні команда жағаға демалысқа шығып, шаршап буына бөгіп жатты, он екінші күні не екенін өзі де білмейді, Грэй әлденені аңсап, жабығып мазасы кетті. Таң сәріден көзін ашар-ашпастан ол күннің қарайып шығып келе жатқанын сезді. Ол тұнжырап жүріп киінді, селқос отырып таңғы асын ішті, газет оқуды ұмытып та кетті, әлдеқалай бір мағынасыз-мәнсіз ойға беріліп, темекісін ұзақ тартты. Көңіліне келіп-кетіп жатқан көмескі бұлдыр сөздер ішінде бір бұйығы тілек пен ашылмаған сырлар да бар сияқты, бірақ олар өзара арп…

0
0
1156