Жұлдызды — еркін әңгіме
Бүгін, Жастар бастамаларын дамыту орталығында аймағымыздың жас әншісі, «Шабыт» халықаралық өнер додасының дипломанты Маусым Шәкімнің есеп беру кешіне арнайы қонақ болып келген қазақ эстрадасының танымал әншілері Абай Бегей, Асхат Тарғын, Маусым Шәкімнің қатысуымен пресс – конференция өтті.

Шығармашылықтарындағы ел естімеген жаңалықтарымен бөлісе келген әншілерді Керекулік жастар қауымы ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Жиналған студенттер қауымы әншілердің шығармашылықтарына, жеке өміріне қатысты сұрақтар қойып, еркін әңгіме өрбіте алды. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген әншілер алға қойған мақсаттары мен жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында жиналған қауым өнерімен елді баурап жүрген жас әншілердің шығармашылығына толағай табыстар тіледі.

