Полиция қызметкерлерінің кәсіби қызметтік даярлығы сыналды
Ағымдағы жылдың 25-26 наурыз күндері Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Кадр жұмысы басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті бөліністердегі жеке құрамның кәсіби қызметтік даярлығына жауап беретін кадр қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік жиыны өткізілді. Кадр жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Бауыржан Нұрманов атап өткендей, Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің кәсіби қызметтік даярлығына, яғни олардың саптық дайындық тұрғысында үлгілі болып, атыс және дене шынықтыру даярлығы бойынша белгіленген нормативтерді орындай білуіне, экстремалды жағдайлардағы психологиялық тұрақтылығына бірінші кезекте кадр аппараты қызметкерлері жауапты. Екі күнге созылған оқу-әдістемелік жиында шақырылған мамандар мен тәжірибелі қызметкерлер, арнайы бөліністердің ком…

