Садақамен байыған сахаба
Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба Абуррахман ибн Ауфтың (оған Алла разы болсын) есімі аталғанда оның есепсіз байлығы мен Алла жолында жұмсаған садақалары еріксіз еске түседі. Аса маңызды іс қолға алынарда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына керек-жарақтар үшін садақа беруді тапсырады. Және қайтарым сыйын Алла Тағаланың беретіндігін айтады. Сонда алғашқылардың бірі болып Абдуррахман ибн Ауф үйіне жүгіріп кетеді де, 200 унция көлемінде алтын әкеледі. Мұны көрген Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын): «Уа, Алла Елшісі, Абдуррахманның жасағаны - күнә. Ол өзінің жақындарына ештеңе қалдырмады» дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Абдуррахман, сен өз отбасыңа бір нәрсе қалдырдың ба?» деп сұрайды. Ол: «Иә... Мен өз жұмсағ…
