Тәуелсіздік саябақтың көгалдандыруы
Шарбақты ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған болашақ саябақты көгалдандыру акциясы өтті.

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары Р. Неғманова, Т. Бегімов, мекемелер, кәсіпорындар, аудандық ұйым басшылары, «Қаһарман» ресурстық жастар орталығы, этно- мәдени орталығы, ақсақалдар және еңбек ардагерлері қатысты.

Акция барысында ауданда 60 шырша көшеттері отырғызылды. Болашақта Тәуелсіздік саябағы жақсы көңіл-күй сыйлайтын орындардың бірі болады.
