Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі

Ағымдағы жылдың 13 мамырында Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ.Жапақовтың төрағалық етуімен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» тақырыбындағы облыстық коференция өтті.

Конференцияның мақсаттары мен міндеттері квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік мүлікті басқару, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру  ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  стратегиялық мақсаттары мен міндеттері жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес қоғамы  Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің басшысы С. Кенжетаева баяндама оқыды. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған  жұмыс  туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары В. Гамазов, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың ахуалы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы                                        Р. Баймагамбетов хабарлады.

Конференцияның соңында  Департамент пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес қоғамы  Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Конференцияның жұмысына квазимемлекеттік сектордың, облыстық денсаулық сақтау және білім басқармаларының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараға  120 адам қатысты.

0
0
513

ҰБТ-да жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеу үшін

Ағымдағы жылғы 13 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Білім саласындағы бақылау департаментімен бірлесіп, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қабырғасында ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру кезінде жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде ведомствоаралық семинар-кеңес өткізді.

Кеңеске ҰБТ-ның 8 қосыны мемлекеттік комиссияларының мүшелері, облыстық, Петропавл қ. білім бөлімдерінің басшылары, Ішкі істер департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуді ашқан Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев ұлттық бірыңғай тестілеудің білім саласында маңызды үрдіс екендігін айтып, тестілеу барысында мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік комиссия мүшелерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, мүдделер қақтығысына жол бермеулеріне ерекше назар аударды.

Білім саласындағы бақылау департаментінің жетекшісі Е.С. Әбілдинов Солүстік Қазақстан облысында өткізілген ҰБТ-ның соңғы үш жылдағы көрсеткіштеріне тоқталды.

Сондай-ақ ол 2016 жылы өткізілетін тестілеудегі бақылаудың күшейтілетіндігін атап өтті. Е.С. Әбілдиновтың мәлімдеуінше ұялы телефон, фотоаппарат, шпаргалка, калькулятор, радио таратқышпен ұсталған түлектер аудиториядан шығарылатын болады.

Кездесуде мемлекеттік комиссиялар мүшелеріне ҰБТ-ны өткізу ережелері, олардың құқықтары мен міндеттері таныстырылды.

Облыстық білім басқармасының басшысы, мемлекеттік комиссия мүшесі Ш.Т. Каринова, облыс аумағында жүргізіліп жатқан ҰБТ-ға дайындық, түсіндірме жұмыстары туралы баяндады.

Кеңесте мемлекеттік комиссия төрағаларының да баяндамалары тыңдалып, туындаған мәселелерді уақытылы шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар кезекті рет комиссия мүшелеріне ҰБТ-ның нормативтік құжаттарымен мұқият танысуларын және эмтихандарды заңнама талаптарына сәйкес өткізулерін өтінді.

 
0
0
623

Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда

Ағымдағы жылғы 13 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығы «Түлек 2016» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шарада өңіріміздің мемлекеттік мекемелеріндегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бірқатар бос лауазымдары ұсынылды.

Жәрмеңкеге қатысқан Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко, дәстүрге айналған форумның жоғары тиімділігін атап өтті. Өйткені мемлекеттік қызметтің қатарын толықтыруға ниет білдіруші жастардың саны жыл сайын артуда.

Департамент өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарындағы үш жүзге тарта бос лауазымдарымен таныстырып қана қоймай, аудандар кесіндісіндегі мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары және оларға қойылатын талаптар туралы толық мағлұмат берді.

Сондай-ақ жәрмеңке барысында түлектерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған парақшалар таратылды.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасы жас мамандарға 46-58-08, 50-18-21 телефондары бойынша әрқашан кеңес беруге дайын.

 
0
0
396

Жемқорлық – ғасыр дерті

Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Осындай шаралардың бірі Орал қалалық М.Ихсанов атындағы №36 ЖББМ-де өткізілді. «Жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында өткізілген шара мектеп басшылығы мен оқытушылар құрамымен, сонымен қатар оқушылардың қатысуымен өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты қоғамда құқықтық сауаттылықты көтеру және балаларға жемқорлықтың салдарымен түсіру болып табылады.

Шарада оқушылар 4 топқа бөлінді. Бұлттардың суреттері әдісімен балалар «Жемқорлық дегеніміз не? Онымен қалай күресуге болады?» деген сұрақтарға жауап берді. Балалар бұлт бейнеленген суреттерге өз жауаптарын жазып, бір-біріне беріп отырды.

Шараның екінші бөлігінде әр топ өздерінің үй жұмыстарын көрсетті. Бірі «ТВ шоу» түрінде сахналанған көрініс көрсетсе, екіншілері ситуациялық сұрақтармен постерлер жасап және жемқорлыққа қарсы тақырыпта слайдтар көрсетті. Шара соңында балаларға «Жүрек жылуы» тренингі өткізілді.

 

0
0
1925

Кодталған идеялар

Дэн Браунның жаңа триллері «Инферно» оқиғасы Гарвардтық символист Роберт Лэнгдонның басынан алған қатты жарақатынан кейін Флоренцияда ес -түссіз оянған жерінен басталды. Ол қаруланған қуғыншылардан қашып, өзінің үкімет басқармасына жетуге тырысады. Ол Нью Йорктан редакторы Йонас Кауфманды шақыртады да одан халық үйінің реактивті ұшақтарын өзінің тапсырмасын жалғасты орындауы үшін пайдалана алуына қаншалықты мүмкіндік бар екенін сұрайды. Редакторы қысқа жауап қайтарады: « Автордың діндер тарихының том- том кітабін жазуы үшін жеке ұшақтар пайдалануға бізде ешқандай жол жоқ. Ал, бірақ, егер сіз иконографияның елу көлеңкесін жазуды шындап қаласаңыз онда әңгіме басқа.»

Романнан алынған бұл үзінділерге Браун шынайы өмірден сілтеме жасап бере салғандай, себебі жоғарыда айтылған Йонас Кауфман расында «Doubleday»- дың редакторы, ал «Елу көлеңке» шығармасы эротикалық бестсселер жазушы Э. Л. Джеймсдың 70 миллион данамен сатылған әйгілі кітабі болатын. Браунның қағылез характері Роберт Лэнгдонның шытырман оқиғалы зерттеуіне арналған тағы да осы сияқты романдары «Да Винчи коды» немесе «Періштелер мен Перілер» атты кітаптары 50- ден астам тілге аударылып, 200 миллион данамен сатылды.

Doubleday «Инфернодан» Дантенің тозақты көруінің жұмбақ зерттеулері, гендік инженерия, трансгуманизм, Мультузиандық ақырзаман сценарийі сияқты үлкен дүниелер күтті. Браунның күшейтпелі  баяндау тәсілімен жазылған, қоюланған ауыр прозасының кейіпкері Лэнгдон Дантенің өмірі мен жұмысына негізделген өлтіруші вирустар кодын ашу жолындағы кезекті құпия әрекетін бастайды.  Doubleday бұл кітапті нарыққа шығарған алғашқы күні баспа жұмысына 4 миллион данаға сұраныс келді.

Манхеттендегі баспа кеңсесінде берген сұхбатында ол өзінің осы уақытқа дейін әлемнің назарын аударып келе жатқан қаламгерлік құпиясының сыры мен күтпеген шиеленістерге толы сюжеттерінің қалай құралатыны туралы ашық әңгімелеп берді.

Бұл кітап оқырмандарға күңгіріт көңіл- күй сыйлайтын сияқты. Себебі өте ауыр тіпті жантүршігерлік тақырыптар қозғалған, ашығын айтқанда адамзат тегін құрту туралы.

Сіз егер Данте туралы бірдеме жазам десеңіз ол дүниенің күңгірттеу, көңілсіз болмауы мүмкін емес. Инферноның бар қуаттылығы оны ұстап тұрған үш негізгі идеялық ұранында жатыр. Бұл шығарманың жобасы басталғанда- ақ мен соншалықты құмарлықпен бұл тақырыпқа беріліп кеттім. Бұл жерде таза, әсем өнер туралы жаздым, ешқандай әдебиет туралы емес. Данте мені алғашқыдан бастап жаңа бірдемеге қарай тарта кетті, бірақ бұл романда да бас кейіпкер Лэнгдон үшін оқиғалар өтетін бұрынғы жерлер сақталып қала берді. Бұл әдебиет әлемінің Мона Лизасына ұқсайды.

Сіз және сіздің баспаңыз жарыққа шыққан күнге дейін бұл кітаптің сюжетін көпшіліктен жасырын ұстап келді. Флоренциядағы оқиға өтетін жерлер, атап айтқанда,  Палаццо Веккьо және Баптисттік Сан-Джованни, сіз арнайы осы шығарма үшін бұл орындарда жұмыс істедіңіз бе?

Бұл семсердің жүзіндей екі ұшты нәрсе. Жақсы жағынан алсақ, ия, қазір менде оқиғаларымның өтетін орындарына баруыма тіпті тұрғындарымен сөйлесуіме үлкен мүмкіндіктер бар, бұрын бұлардың біреусі де болмаған. Екінші бір ынталандыратын жағы, егер мен болашақ жазатын шығармам туралы оларға айтқым келмесе де бірақ кейде бұл мүмкін болмай кетеді.  «О, Құдайым ау, сен бүгін мұнда кім келгенін білесің бе, және ол менен не сұрады десеңші?!». Сөйтіп, бұл саяхаттырым кейде ұзаққа созылып кетеді, бірақ мен тапқан он дерек болса, кітап жазуыма соның тек бесеуі ғана жарап жатады. Шындығында жартысынан астамы мен ойлағандай ешнәрсеге жарамай қалады. Соған қарамастан көп уақытымды халықпен еркін сөйлесуге және барынша қолмен жазылған ескі қолжазбаларды қараумен өткізуге тырысамын.

Әдетте, сіз бұндай уақыттарда олардан өзіңізге көбірек пайдалы дүние алу үшін қандай әдіс- тәсілдер пайдаланасыз?

Мен көп уақытымды Давид монументін және Уффицидағы гүлдер мен өсімдіктер әлемін тамашалаумен өткіздім. Уффици қазір мен үшін тек өткенді еске алу ғана.  Мен Данте туралы жазып жүргенде көп кісілер бұны шіркеулік сынның ішінде жазылады деп ойлады, содан кейін де мен Дантенің шіркеулік көзқарастары туралы көп сұрастырдым, көп іздендім. Бірақ кітап аяқталғаннан кейін, жаңағы адамдар қолдарына түскен роман ішінен өздері ойлағандай дүние көре алмағандықтан оларға кітаппен танысқан бұл күн күнтізбе бойынша соншалықты бақытты уақыт болып есептелмей қалды.

Сізді көпшілік уақытын өте жоспарлы түрде өткізетін қатаң тәртіпті жазушы деп есептейді, күнделікті жұмыс процессіңіз туралы бізбен бөлісе аласыз ба?

Мен күнделікті тәңертең сағат 4:00 де оянамын. Бұл уақытта адам тәтті түс көріп жататын не шығармашылық тетіктері ашылатын көңіл -күй арасында параллель жатады. Мен дәл осы уақытта оянып жазуға отырамын. Бұл процесс ешқандай телефонсыз, хабарламалар мен интернетсіз түске дейін созылады. Бұл уақытта маған сыртқы әлеммен араласауға жол жоқ, ең маңыздысы олардың мені мазалауына ешқандай мүмкіндік жоқ. Сөйтіп, тал түске дейін жазамын, меніңше, бұл шығармашылықпен айналысуға жеткілікті уақыт. Бірақ кейде сол жазған материялдарымның көбісін лақтырып жіберетін сәттер де болады. Мен жазып отырып бәріне үш түрлі көру нүктесімен қараймын, кейде жазу барысында ерекше бір құмарлықтан туатын сөйлемдер болады, ал кейде ашып жазбауға мүмкіндігің бар ақпарат болса оны жасырып қалуға тырысамын. Ал, жазу күнінің ең соңында, бәрін жинап өзім қайта оқып шыққанда бұл жазғандарым менің оқырмандарға айтқым келген нәрселер емес керісінше жасырып қалуға тырысқан дүниелер көркем туындыға айнала бастағанын көремін.

Шығарманың соңына дейін жазылып біткен кезде сюжетті қайта өзгертетін кездеріңіз бола ма?

Мен шығарманы алдымен бір қатаң жүйеге түсірмей тұрып ешқашан жазуды бастамаймын. Ия, кейде, мен үш жылымды сарып етіп, әбден қажып бітірдім -ау деген кезде де шығарма ішінен әлі аяқталмаған нәрселерді көріп қиналатын шақтар да болып тұрады. «Да Винчи коды» романына дайындық кезінде құрылған жоспар мен шимай сызбалардың өзі жүз беттен асып кеткен. Айта берсе бұған ұқсас мысалдар көп ғой.

Мен жазушыларға арналған блоктан мынандай қызық нәрсе оқыдым. Ол жерде «Егер берілген тақырыпқа қаламыңыз тартпай жатқан сәтте жасалатын әртүрлі жаттығулар тізімі» деп беріліпті. Соның ішінде мені қатты таңғалдырғаны, тартылыс аяқ киімімен (gravity boots) жаттығу жасаған жазуды бастауға көп көмектесетіні туралы айтылған кеңес болды.

Әрине, бұлар жазушыларға арналған өмір сүру тәсілі сияқты берілген дүниелер ғой. Бірақ, мен өз басым жазушыларға арналған сайт дегендерге  ешқашан кірген емеспін. Мен өз идеяларыммен арпалыста жүріп, бұндайлаға тіпті уақытта болмайды. Белгілі бір шығарманың жобасы басыңа кіргенен кейін шиеленіскен сюжеттерді қалай шешу керек, сол бағытта жұмыс басталады. Менің кейіпкерім Лэнгдон қиын жағдайларға тап болады, содан кейін оны бұл тығырықтан дұрыс жол табу арқылы алып шығу керек. Бұл жерде жазушыға әлемді жан- жақты көзқараспен көре білу тәжірибесі аса қажет.  Бірақ мен егер миға оттегі жақсы жетсе, немесе басқа бір ерекше нәрсемен айналыссаң тамаша ойлар туады деген сияқты жазушылық айла -әдістер туралы ештеңе білмеймін. Маған керемет идеялар тек жоғарыдан келеді және содан кейін менің ерекше бір арпалыс сәттерім басталды.

Бірде үйге сұхбаттасуға бір тілші келді. Ия, менде дене жаттығуына арналған тартылыс аяқ киімімі бар болатын. Жаңағы тілші сол затты көре салып, «Менің мына аяқ киімді киіп сәл жаттығу жасап алуыма бола ма?» деп сұрады.  Мен оған «Әрине, рұхсат бірақ бұл сіздің бүгінгі кездесу туралы керемет бірдеме жазып кететініңізге кепілдік бермейді.»  дедім де оның жаттығу жасауына көмектестім. Жаңағы тілшіге турникке 60 секундтан кем асылуға болмайды деп шарт қойдым. Бірақ ол жаттығуды бастамастан «Өтінем, мені тез түсіріңізші, мен бұны жақсы көрмейтін сияқтымын» деп абыржып кетті. Бұл бір өте көңілді кездесу болды.

Сонымен бұл жаттығу оған керемет идея сыйлай алды ма?

Жоқ. Басында оған тамаша әрі қызық боп көрінген бұл жаттығу оның жүрегін айнытып, айналысқанына өкіндіріп жіберді.

Сіз романдар жазып бастамастан бұрын поп музыка өнерінде тырысып көрдіңіз. Тіпті біраз халық сізді Барри Манилоумен салыстырып жатты. Егер сіз табысты боп бара жатсаңыз, қайтадан музыкаға оралар ма едіңіз?

Мен колледж оқып жүргенде музыкамен көп айналыстым. Сосын, оқуды бітіргенен кейін менде ішкі өзгеріс пайда болды. Музыка бұл жеңіл әрі көңілді, ал менің басқа бір салмақты шығармашлық жолда жұмыс істегім келді. Бірақ  ұзақ уақыт өмірімді музыкамен өткізгенім рас.

Өзіңіз қалай ойлайсыз, бұл жол неге жалғасын таппай қалды?

Мүмкін талант жетпеді. Мен Галливудта өте танымал продюссерлермен біраз уақыт бірге жұмыс жасадым және сол кезде үлкен екі жобаны өндіріске шығардық.  Шындығында ешкім ақ жігіттің баллада орындауын естігісі келген жоқ. Бұл өзіме де соншалықты жағымды бола қойған жоқ.

Осыдан он жыл бұрын сіздің «Да Винчи коды» романыңыз жарыққа шыққанда бұл сіздің ең алғашқы бестсселер атанған кітабіңіз болды. Және бұл туынды қоғамдағы христианшыл топтардың шамына тиіп үлкен талас тудырды. Бірақ,  еркіндіктің өлшеміне салып қарағанда бұл жағдай сізді таңғалдырған шығар?

Әрине, шындығында солай болды. Ия, менің шығармамдағы жасалған көркем образ діншіл топтардың ызасын келтірді, менің ойымша, егер Иса Құдайдың ұлы болмағанда не болады деген сұрақ төңірегінде ойлануға бәріміздің еркіндігіміз бар. Меніңше, Исаның біз сияқты қарапайым адам болғанын айту жаман нәрсе деп есептемеймін. Мен көп адамдардың осы кітап үшін долданып, ашуланғандарына қатты таңғалдым.

Кітаптің сюжет желісі дін тарихына тікелей байланысты болғандықтан әрі сіз оларға ойлаудың өзі қорқынышты көрінетін сауалды тура қойғандықтан  халық бірден қарсы шықты. Бұл шығарма қандай фактіге сүйенген?

Расында, мен кітап шыққаннан кейін оттың ішінде қалғандай болдым. Меніңше, «Да Винчи коды» романындағы оқиғалар мен оқыған жексенбілік мектептен (балалар мен жастарға арналған христиандық оқыту институты) үйренген нақты фактілерден гөрі мейілінше сезімге жақын.

«Инферно» романында сіз осыған ұқсас сауал тастадыңыз. Барлық өнер, ғылым және тарих ішінде көлеңкелі, жасырын Консорциум деген әлемдік криминальдық қоғамының жұмыс істеп жатқаны туралы айттыңыз.

Консорциум, сірә, олардың шынайы аты болмауы да мүмкін. Жалпы, бұл жерде айтылған қоғамдық ұйымдар осы Консорциумның қызыметі сияқты әрекеттермен айналысатыны туралы баяндалады. Оларды зерттеу шындығында өте жеңіл. Мен осы романды жазып бастамас бұрын олар туралы ешқашан естіген емеспін.

Сіз осы қоғамның бір мүшесімен болсын кездесу, сұхбас жасадыңыз ба?

Жоқ, бұл тақырып сіз білетіндерден әлдеқайда алыс. Мен ешқашан олардың қызыметтерін пайдаланған емеспін.

Сіздің әкеңіз математика мұғалімі болды. Сіздің жұмбақтар мен кодтарға деген сүйіспеншілігіңіздің пайда болуына осы кісі әсер еткен жоқ па?

Менің әкем өте жұмбақ адам болды. Қазыналарды іздеу менің балалық шағымның бір бөлшегі сияқты естелік. Туылған күнімде және рождество мерекесінде мен міндетті түрде жасырынған өз сыйлықтарымды іздеп табатынмын. Бұл дәстүр бізде әлі сақталып келеді, әкем енді бұл ойынды  немерелерімен ойнауға көшті.

Сіз бұрын берген сұхбаттарыңызда, аяқталған кітабіңізді қайта оқудан қашатыныңыз туралы айтқан екенсіз, бұл қаншалықты рас?

Өз жазғаныңды өзің оқу бұл қызық нәрсе ғой, менішне, бұл таңдау автордың өз теориясы не жоспарына байланысты дер едім.  Егер сіз халықтың сізді жақсы көретініне сенсеңіз онда олардың сізді жек көре де алатына сенуіңіз керек. Егер сен өзіңді көп адамдар жақсы көретінін білсең, көңілің жайбырақаттанып жалқау бола бастайсың, ал сол уақытта сенің барлық жұмысың азапты дәуірін бастайды. Егер сен халықтың өзіңді жақсы көрмейтінін білсең, қауіп пен қобалжудың ішінде және жұмыстағы жағымсыз сәттерде сен өзіңе саналы түрде бұл қиындықтардан шығуға жол таба аласың.

Сіздің жұмыстарыңыздан үнемі қарама -қайшылық байқалады. Халық романдарыңызды не қатты жақсы көреді не қатты жек көріп кетеді.

Егер «Да Винчи коды» 10,000 данамен сатылғанда бұндай мәселе тумас еді. Бұл шығармаға өте көп сындар жазылды себебі бұл бірден өте танымалдыққа ие болып, әлемнің түкпір түкпіріне кең таралып кетті. Адамдар осы романға ұқсас туындыларды не себепті жақсы көреді?, және сосын бұл маған үлкен шабуыл болды, халықтың не үшін жақсы көргенін айтпай -ақ қояйын.

Сізде Роберт Лэнгдон триллеріне арналған әлі он шақты идея бар екені распа?

Ия, бар, бірақ менде оншақтыны түгелдей жазып бітіруге уақыт болмайтын шығар.

Сіздің Шекспирдің табынушысы екеніңізді жақсы білеміз. Оның пьесаларында  күдікті жасырын сөзбайласулар теориясы өте көп қолданылады. Шекспирдің триллер жанрындағы тақырыптары туралы не ойлайсыз?

Шекспир менің идея қорым, мен ұзақ уақыттар бойы сол қормен өмір сүріп келемін. Шекпир екеуіміздегі ұқсастық ол да өз дәуірінде өте қатты талас тудырған және оның жазған тақырыптары да тамаша еді. Менің Шекспир туралы әлі бір шығарма жазбауымның себебі, мен «Шекспир кім болған» дегенге қызу талас тудырардай дәлел таппай жүрмін және болмаған нәрсені құр қиялдан шығаруды жек көремін.  Ал бұл тақырыпта бірдеме бастау үшін алдымен біраз теориялар мен құжаттар басыңды тырналап, миға аздап алғашқы идея жұғуы керек. Бірақ мен «Жоғалған символ» романының бірінші томында Шекпир туралы аздап ымдап айтып кеттім. Мен бұл тақырып туралы ойланып жүрмін, бірақ әлі толық роман жоқ, дегенімен де идеяның кішкентай ғана бөлшектері бар.

Сіздің «Инферно» шығармаңыздағы Джейсон Кауфман есімін анаграммалық шешімге құрғаныңызды мен баса айтқым келеді. Сіз бұндай жасырын кіліттерді кітаптарыңызда пайдалану арқылы халық алдына не ашып бергіңіз келді?

Кітаптағы анаграммалық кіліттерді қарапайым адам ешқашан көре алмайды. Егер байқасаңыз, кодтар мен шифрлау және басқа да заттар кітап беттерінде ашық роль ойнап тұр. Бұл мен үшін өзімнің жасаған қуанышым, ойын сауығым. Меніңше, бұл оқырмандардың да кітапты тынымсыз парақтауына және содан шынайы рахат алуына мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Сіз Джейсон Кауфманды еске алдыңыз. «Періштелер пен перілер» деген романда төрт кейіпкердің есімдері шынайы өмірдегі адамдардың аттары болғаны рас. Оның біреуісі Элдо Беггия, менің алғашқы италиян пәнінің мұғалімі болған. Содан кейін бұл образ тағы да басқа триллерде көрінді, ол бұл кітаптарды оқығанан соң өзінің Дэн Браунның « Төрт өзеннің фундаментінің» ішіне кіргенін білді. Ол тіпті экранизацияланған фильм ішінде де көрінді.

Ойыңызбен бөліскеніңізге көп рахмет!

«The wall street journal» сайты

Сұхбаттасқан: Александра Альтер

Аударған: Мерей Қосын

0
0
813

Уландырған балалық (KPO BV жергілікті тұрғындарын әрі қарай уландыра беретін болды)

Бүгін Қарашығанақ мұнайгазконденсат кенішінен (Батыс Қазақстан) жақын қашықтықта орналасқан шағын Березовка кенті бүкіл Қазақстанға таныс болды.

2014 жылы қарашаның 28-інде Қарашығанақ кенішінен уытты заттардың шығарылудан Березовка кентіндегі 25 бала ауыр уланды.

Қарашығанақ кенішін халықаралық консорциум – Карашығанақ петролиум оперейтинг, КПО БВ пайдаланады, оның құрамына – Шеврон, Эни, БиЖи групп, Лукойл және Қазмұнайгаз сияқты ірі компаниялар кіреді.

Жан түршігерлік оқиғаның айыптылар әлі анықталмаған. Қазақстанда зардап шеккен балаларға уытты заттармен улануға еш қатысы жоқ диагноздар қойды. Балалар әлі де азап шегіп жатыр, ал зардап шеккен балалардың ата-аналар көпшілігінің науқас баланы дұрыс емдетуге қаражаттары жоқ.

2015 жылы желтоқсанда КПО және жергілікті өкімет, азаматтарға деген қамқорлық көрсетіп және КПО-ның жақсы атағын сақтап, кентінің адамдарын қолайсыз аймақтан көшіре бастады, ал зардап шеккен балалар туралы сірә, үнсіз ғана ұмыта салу қажет десе керек.

Оқиға туралы бейнефильмді осы сілтемеден көре аласыздар.

Фото: Борис Бруль, Рауль Упоров ("Уральская неделя").

 
0
0
824

«Адал жол – Честный путь» марафоны сапарын жалғастыруда

А.ж. 12 мамырда Еңбекшілдер ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен  бастау алған  «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы суреттердің байқауы мен «Менің Отанымның болашағы – менің қолымда» атты суреттер сайысы өткізілді.

Іс-шаралардың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, құқықтық тәрбиені, сондай-ақ, жастардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін Еңбекшілдер және Бұланды аудандарының шекарасында «Адал жол – Честный путь» эстафетасын Бұланды ауданына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараларға 85 адам қатысты.

0
0
411

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары Судьялардың жаңа әдеп кодексінің жобасын талқылады

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен «дөңгелек үстел»  қатысушылары Судьялардың жаңа әдеп кодексінің жобасын талқылады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/soltustik-kazakstan-oblysynyn-sudyalary-sudyalardyn-zhana-dep-kodeksinin-zhobasyn-talkylady

0
0
549

Зерттеу: ақша адамды бақытсыз етеді

Ғалымдар ақша адамды бақытсыз етеді деген тұжырымға келді, Эмори Университеті мен Минессота (АҚШ) Университетінің мамандары ірі капиталға ие адамдар мейірімсіз, көбінесе жалғыз болатынын дәлелдеді.

Зерттеушілер түрлі кемшілігі бар, түрлі әлеуметтік жағдайдағы адамдардың деректерін талдады.

Нәтижесінде ақшасы көп адамдар туыстарымен, достарымен араласпай, өз-өздерімен тұйықталып қалатыны байқалған. Бұл олардың жалғызсырауына алып келеді.

Зерттеуге сәйкес, табысы төмен (жылына бес мың доллар)   адамдар жоғары табысты (жылына 131 мың доллар) адамдарға қарағанда, адамдармен араласуда жылына кешті 6,4 рет көп өткізеді екен.

Бұдан басқа, бай адамдар басқа адамдардың проблемасы мен қайғысына алаңдамайтын болады.

Ауқатты адамдар уақытының басым бөлігін жұмысқа бөледі, адаммен араласу оларға маңызды бола қоймайды, деп жазады шетелдік БАҚ.

ҚазАқпарат

 
0
0
403

Қырғызстанда оппозиционерлер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған

Қырғыз арнайы қызмет өкілдері «Элдік парламент» оппозициялық қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Бекболот Талгарбеков, Торобай Колубаев және Марат Султановқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қырғыз арнайы қызмет өкілдері «Элдік парламент» оппозициялық қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Бекболот Талгарбеков, Торобай Колубаев және Марат Султановқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Олар билікті басып алуға дайындалды деген күдік тудырды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қылмыстық іс Қырғызстанның ҚК 27-295 («Билікті күшпен басып алуға дайындалу») және 27-341 («Билік өкіліне күш қолдануға дайындалу») баптары бойынша қозғалды.

Қырғызстанның МҰҚК ақпаратынша, тергеуалды жиналған материалдарға сәйкес, аталған тұлғалар елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға кейін күшпен билікті тартып алуға бағытталған шара ұйымдастырмақ болған. Сондай-ақ, олар лауазымды тұлғаларға қару қолданып, шабуыл жасауды ойластырған.

Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Элдік парламент» қозғалысы лидерлері мен белсенділерінің келіссөздері жазылған аудиожазба бөліктері жарияланды.

Қазір Қырғызстанның МҰҚК қылмыстық іс аясында тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

ҚазАқпарат

       
0
0
378