Ж.Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушыларымен дөңгелек үстел өтті

Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайтыны белгілі.
Осы бағытта 2016 жылдың 13 мамыр күні Ж.Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледжінде, ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел оздырды.
Шарада департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Төлепқалиев қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңының негізгі бағыттары бойынша баяндама жасаса, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Шараның соңында білім саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы видеоролик көрсетіліп, қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді.

